112

Полиция департаменті кибер қылмыстың жаңа түрі туралы ескертеді

Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып сіздің жақындарыңыз жол-көлік оқиғасына тап болды немесе басқа да заңсыз әрекеттерді жасады деп алдап, бұл жағдайды шешу үшін ақша сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей 102 операторына қоңырау шалып, айтылған ақпараттың шынайылығын тексере аласыз, себебі орын алған оқыс оқиғалар міндетті түрде 102 операторына тіркеледі. Сондай-ақ, белгісіз адамдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы әртүрлі заттарды ...

Читать далее »

Президентке CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды (видео)

Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы және денсаулыққа ауыр зақым келтіру және басқа да қылмыстар айтарлықтай азайған. Президентке елордада жүзеге асырылып жатқан CyberPol жобасының нәтижелері ...

Читать далее »

Қазақстанға Ресейден арнайы келіпті

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған дроппер полицейлердің қолына түсті. Алдын ала ақпарат бойынша күдіктінің шотындағы ақша 104 миллион теңгеден асады. Алаяқтар Kaspi банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, банктік шоттар туралы ақпаратты біліп, шотты бұзуға тырысып жатқанына барынша сендірген. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ол ешқандай хабарламалар, кодтар немесе жеке мәліметтер бермеген және олардың нұсқауларын орындамаған. Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 24 ...

Читать далее »

“Жер алып беремін саған”

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы “12 соттық жер алып, заңдастырып беремін” деп сендіріп, 900 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де, не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға ...

Читать далее »

Несие алған досының әйелі екен

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағым түсірді. Зардап шегуші ер адам телефонына қарызды төлеу туралы банктен хабарлама келгенін, алайда өзінің ешқандай несие алмағанын жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 700 мың теңгеге жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Полицейлер алаяқтық қылмысын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 2 сағат ішінде күдіктінің ...

Читать далее »

Полиция департаментінде интернет-алаяқтықты болдырмау мақсатында ауқымды басқосу өтті

Түркістан облысы полиция департаменті «Cyberpol» арнайы тобының бастамасымен облыс көлемінде тергеушілерді қатыстыра отырып, интернет-алаяқтық бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында алаяқтық қылмыстарын анықтау, ашу, тергеу және алдын алу бойынша мәселелер талқыланды. Екінші деңгейлі банк өкілдері, прокуратура мен полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, пікір алмасты. Бірқатар маңызды проблемаларды заңнама деңгейінде шешілуге жататындықтан жоғары тұрған органдарға ұсыныс ретінде жіберу ...

Читать далее »

Заңсыз конкурс тоқтатылды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды. Прокуратура аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтаған. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде ...

Читать далее »

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен ...

Читать далее »

Алаяқтар жаңа қосымша арқылы ақша ұрлайды

Алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан жаңа қосымша арқылы ақша ұрлай бастады. Алаяқтар құрбандарын тез тауып, ес жиғызбай әрекетке көшетін көрінеді. Олар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің адамдарымыз деп таныстырып, алаяқтықпен күресіп жатқандарын, жәбірленушілердің есепшоттарынан күдікті операциялар жасалып жатқанын айтады. Олар адамдарға қасақана өтірік айтып, ақшаны үнемдеу үшін ұялы телефонға RustDesk қолданбасын жүктеп алуды өтінеді. Шын мәнінде, бұл қосымша кейіннен смартфонға және тиісінше жәбірленушінің ...

Читать далее »

Интернет-жарнаманың қаупі

Күн сайын интернет кеңістігінде мыңдаған жарнама ұсыныстарын көреміз. Ол барлық жерде: қосымшаларда, әлеуметтік желілерде, сайттарда. Мұндай жарнама бір қарағанда еш зиянсыз көрінеді. «х» белгісін басып, одан әрі таңдалған фильмді немесе жаңалық топтамасын оқыңыз. Алайда осындай «х» белгісінің біреуі адамдарды жалған веб-сайттарға бағыттауға және пайдаланушылардың гаджеттеріне вирустар енгізуге қабілетті. Мезі ететін жарнамада қандай қауіп бар екендігін және олардан қалай қорғану қажеттігін ...

Читать далее »

Алаяқтар әлі де айылын жияр емес (видео)

Елімізде жыл басынан бері алаяқтардан түскен 36 миллионнан астам телефон қоңырауы бұғатталды. Мамандардың айтуынша, олардың көбі банк қызметкерлерінің атын жамылып хабарласады. Ішкі істер министрлігі «антифрод» деп аталатын жүйе арқылы айлакерлерден зардап шеккендер санын шамамен 3 есе азайтқан. Элизавет Громой ай мен күннің аманында телефон алаяқтарына қалай алданып қалғанын түсінбей дал. Оған белгісіз нөмірден қызының дауысын салып қоңырау шалады. «Полиция ұстап ...

Читать далее »

Aзаматтарды алдау үшін алаяқтардың негізгі схемалары

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығынреттеу және дамыту агенттігі фишингтік сайттарарқылы азаматтардың жеке деректерін ұрлаумен, алаяқтарды банктердің қауіпсіздігі қызметі ретінденемесе кредит алу үшін сатып алушы ретіндежасырумен, бастапқы биометриялық сәйкестендірудіқолдан жасау әрекеттерімен байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеді. Интернеттегі алаяқтықтың мынадай схемаларышамалы нұсқаларымен кең таралған: 1. Фишингтік сайттардағы деректерді ұрлау Алаяқтар фишингтік ресурстар (конкурстар, сауалнамалар мен сыйлықтар бар жалған сайттар) арқылы азаматтардың ...

Читать далее »

Киберқалқанымыз қашан бекиді?

Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын киберқылмыс түрлене түсіп, айла-тәсілі көбейіп келеді. Онымен күресу де күрделі бола түсті. Өйткені қазір кибермандардың ізін кесу, қолға түсіру зор білім-білікті қажет етеді. Ендеше, бұл – қуаяқтардың қақпанына түсіп, сан соғып қалған жәбірленушілердің бәріне бірдей көмектесу мүмкін бола бермейді деген сөз… Жаһандану заманының індеті ме? Технологияның қарыштап дамуы адамзат өмірін жеңілдете түскенімен, онымен ...

Читать далее »

Таныстары мен туыстарына алданған қазақстандықтар 340 млн теңгесінен айырылды (видео)

Қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпараттық медия-порталы сілтеме жасап.   Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінді. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.  Жәбірленушілердің сөзінше, өз таныстары “тендермен айналысатын бастығына” ...

Читать далее »

Алаяқтық жиілеп кетті

Таяуда өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырған адам менің атыма несиеге онлайн өтініш түскенін хабарлады. Тұтқаның ар жағынан «Если это не вы, то просим подтвердить код для безопасности ваших данных» дегенге қазақша жауап бергенім сол еді, бірден байланыс «үзіліп кетті». Дереу банктің call орталығына хабарласып, менің атыма ешқандай несиеге өтініш түспегенін білдім. Телефон тетігін абайлап басыңыз! Расында, қазір адамға күнделікті керек ...

Читать далее »

Жалған келісіммен қаражат ұрлаған

Түркістан облысы әкімдігі ғимаратында 300-ге жуық өңір тұрғындарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі. Осыдан 3 жыл уақыт бұрын «Яссы-Несие» ЖШС-нен төменгі пайызбен кепіл қою арқылы бірнеше шаруа қожалықтарының басшылығы, ауыл шаруашылығын және түрлі салаларды дамытуға арналған кредит алған. Нәтижесінде шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер «Агрокредитік корпорация» АҚ-дан өздерінің берешектерін толық өтегендігіне қарамастан кепіл ...

Читать далее »

Екі миллион теңгеге сазға отырғызған

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған танысы «Онлайн тауар сатуды үйретемін» деп сеніміне кіріп, 2 миллионнан астам ақшасын жымқырып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің ірі көлемдегі ақшасымен өз қарызын жауып жіберген. ...

Читать далее »

Сізге алаяқтар қоңырау шалса не істеу керек

Алаяқтық – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық көзделген алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықтарды иемдену. Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері: вишинг – әлеуметтік инженерия элементтері бар алаяқтықтың бұл түрі телефон арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін ұрлауға бағытталған; фишинг – бұл пайдаланушыны алдауға және оны өзі және оның картасы туралы құпия ақпаратты ашуға мәжбүрлеуге мүмкіндік ...

Читать далее »

Интернет арқылы алдап соққан

Бұл бүгінде қалыпты жағдайға айналып келеді. Түркістан облысының тұрғыны интернет арқылы бір қызбен танысып, екеуі ұзақ уақыт сөйлесіп жүреді. Бір-бірін көрмесе де «ғашықтың тіл-тілсіз тілге» түсіп, бір-бірін ұнатып қалады. Әбден сенімге кірген соң қыз қиналып, ақша сұрайды. Қарызға. Қызының сөзіне сенгені соншалық, жігіт 2 млн. теңге аударып жібереді. Осыдан кейін-ақ қыз байланысқа шықпай қалады. Күдіктенген жігіт полицияға шағымданады. Ең қызығы, ...

Читать далее »

4 млн берсең, сені әкім қылам

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық жасау фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Xnews.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Д. есімді азамат А-дан Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналастырам деген уәдемен 4 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы сұрап, оның 650 мың теңгесін алдын ала алған. Одан бөлек, аталған азамат М-дан 3,6 млн теңге көлемінде ақша алып, жалпы сомасы 4 ...

Читать далее »