112

Алғашқы жартыжылдықта 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 9 462 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты. «Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстардың 1,3%-ға төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, олардың саны 9 585-тен 9 462-ге дейін кеміді. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға азайды. Сонымен қатар, биыл министрлік киберқылмысқа қарсы ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен күресудің ерекше әдісін қолданады

Түркістан облысы полициясының «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы біздің қоғамның барлық топтарымен өзара іс-қимылды және алаяқтықпен күресу үшін түрлі алдын алу құралдарын пайдаланады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. Облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, діндарлар үшін халықты интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау ...

Читать далее »

Интернет-алаяқтықтың саны артты

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның ...

Читать далее »

Банк несиесі мен микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz. Цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылдан бері Агенттік қарыз алушыларды идентификаттау рәсімдерін күшейту және онлайн микрокредиттер беру кезінде кредиторлардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі ...

Читать далее »

CyberPol – жаңа тергеу амалы

Киберқылмыспен күрес – бір күндік шаруа емес. Ол – күннен-күнге аясы кеңейіп келе жатқан әрі құқық қорғау органдары үшін күн тәртібінен түспейтін жұмыс бағыттарының бірі. Өйткені интернет арқылы жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің түрлері көбеюмен қатар, қақпанына түсіп жатқан құрбандар саны да азаймай тұр. Осы орайда ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Сүйінбаймен әңгімелесіп, осы ...

Читать далее »

Полицейлер ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын жандардың қатары көбейген. Қылмыс жасаушылар көбінде ғаламтор арқылы бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен мүлкіне ие болуда. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес. Осы тұрғыда Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Яғни коммуналдық қызмет ақысын төлеу қажеттілігі туралы ...

Читать далее »

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті

Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейді. Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық қызметпен және фишингтік шабуылдармен байланысты алаяқтық схемалардың көбейіп келе жатқандығы туралы ескертеді. Алаяқтар қаржылық дамудың жалған  бағдарламаларын, сондай-ақ биржалық саудада тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнама роликтері бар сайттар мен ұялы қосымшаларды іске қосады. Мұндай алаяқтық сайттарда белгілі тұлғалардан, атап айтқанда өздерін Ұлттық ...

Читать далее »

Жалған диплом және кезек жылжыту

Бүгінде алаяқтықтың түр-түрі көбейіп тұр. Маңдайы терлемей оңай ақша тапқысы келетіндер аңқау адамдарды сазға отырғызып кететін оқиғалар жиілеп барады, — деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. Мәселен, Сауран ауданының тұрғыны балаңа диплом алып беремін деп сеніміне кірген танысына бақандай 1,3 млн. теңге ұстатып жіберген. Алаяққа да керегі сол, ақшаны өз қажетіне жұмсап, диплом мәселесін күн тәртібінен шығарып тастаған. Енді тергеуге жауап ...

Читать далее »

Заңсыз діни сабақ өткізген (видео)

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде ...

Читать далее »

Алаяқтар қалай алдайды?

Бүгінгі таңда оңай олжа табамын деп орға жығылып жатқандар жетерлік. Ал аңқаулықпен алданып қалып жүргендер де жоқ емес. Бұл алаяқтардың айлакерлігінен және адамдардың ақпараттық сауатының аздығынан деген пайым жасауға болады. Қазіргі «алдаркөселердің» көпшілігі интернеттің игілігі арқылы айласын іске асырып келеді. Сондықтан телефон тетігін абайлап басқан жөн. Қылмыс саны көбейіп барады Бүгінгі таңда біздің түгелге дерлік құпиямыз телефон тетігіне байланған деуге ...

Читать далее »

Абайлаңыз, интернет-алаяқтар!

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру технологиясын қолданады «Қазақстан Республикасы ІІМ ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеді. Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін. Алаяқтық тіркелген, банктің немесе полицияның өкілдері азаматтардың ұялы телефондарына қоңырау шалып, банк клиентінің картасынан рұқсатсыз аударым туралы хабарлаған. Заңсыз операцияны бұғаттау үшін оның пластикалық ...

Читать далее »

Президент: құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылары, ІІМ Алқасының мүшелері және орталық аппараттың басшылық құрамы, өңірлік полиция департаменттерінің, аумақтық қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет ...

Читать далее »

Жалған жарнама жарға жықты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші қыздың айтуынша, белгісіз біреу ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы оның сеніміне кірген адам 200 мың теңге қаражатын жымқырып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Бұл алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірбиелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде күдіктінің ...

Читать далее »

Жер алып беремін деп ақша алған

Жер алып беремін деген желеумен Түркістан облысының тұрғынының 2,7 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, танысы 10 соттық жер алып беремін деген желеумен алдын ала 2,7 млн теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін тұрғын полицияның көмегіне жүгінген. Аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. ...

Читать далее »

Онлайн несие рәсімдеген

Түлкібас аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 115 мың теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеп алған. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің үйіне “Otau ...

Читать далее »

Ұлттық банк интернет-дүкенінде алаяқтар белсендеген

Ұлттық банк kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынушы алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті. Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар «көмекші бағдарламаға» бір реттік жол ашу мүмкіндігін арнайы төлемге ұсынып жүр. Сөйтіп, ол бағдарлама ҚҰБ интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты ...

Читать далее »

Интернет алаяқтық көбейіп барады

Бүгінде «интернетсіз дүние бос» десек артық айтқандық болмас еді. Тұтас халық интернеттің игілігін көріп отыр. Қазіргі таңда алыс ауылдарға ауыз сумен бірге интернет тару маңызды міндетке айналғанын білеміз. Пандемия кезінде балаларымыз осы интернеттің көмегімен оқуын жалғастырды. Хат-хабар алмасуда интернеттің алдына ешқандай сала түспейтіні белгілі. Әр дүниені екі жағы болатындай интернеттің пайда жақтарымен қатар зиянды тұстары бар екенін күнделікті өмірде көріп ...

Читать далее »

Алаяқ «AnyDesk» қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеген

Полицейлер бейтаныс адамдардың өтініші бойынша AnyDesk қашықтан басқару қосымшасының мобильді құрылғысын орнатудың қауіптілігі туралы тағы да ескертеді. Бұл қосымша алаяқтарға телефон кітапшасына, мобильді банктерге, гаджеттің жадында сақталған жеке деректерге және оны басқаруға толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 26 маусым күні Ерейментау АПБ-ға 36 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы өтініші келіп түсті. Ер адам өзінің ұялы телефонына белгісіз тұлға ...

Читать далее »

Жылжымайтын мүлік алаяқтарының құрбаны болманыз

Алаяқтық көптеген нарықтарда өзекті мәселе болды және болып қала береді. Жылжымайтын мүлік секторы бұл мағынада ерекшелік емес және жыл сайын ондағы алаяқтық жаңа формаларға ие. Қылмыскерлердің құрбандары – сенімді адамдар және пәтер немесе үйді қауіпсіз сатып алуға білімі жеткіліксіз адамдар. Homsters.kz сарапшылары алаяқтардың жұмысының негізгі схемаларын талдап, олардан өзіңізді, ақшаңызды және үйіңізді қалай қорғау керектігін біледі. Қазақстанда тұрғын үй алаяқтары ...

Читать далее »

Пәтер сатып аларда алаяқтың құрбаны болманыз

Жылжымайтын мүлік секторы әрқашан алаяқтарды тартады – транзакцияларда айтарлықтай сомалар пайда болады, бұл сәтті алаяқтық үлкен және жылдам пайданы уәде етеді. Ешқашан салынбайтын үйдегі шаршы метрді сату немесе жаңадан салынған пәтерді бірнеше сатып алушыға сату сияқты алаяқтар қазірдің өзінде әңгімеге айналды. Азаматтарды алдаудың жаңа схемалары мен әдістері үнемі пайда болады, алаяқтардың барлық айла-амалдарын болжау мүмкін емес. Дегенмен, мүмкіндігінше қырағы болу ...

Читать далее »