Екі миллион теңгеге сазға отырғызған

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған танысы «Онлайн тауар сатуды үйретемін» деп сеніміне кіріп, 2 миллионнан астам ақшасын жымқырып кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің ірі көлемдегі ақшасымен өз қарызын жауып жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтықпен қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі білуге болады. Құқыққа қайшылық ұрлықтың нышандары ретінде заң әдебиеттерінде де әртүрлі анықталған. Бірінші типті анықтамаларға сәйкес – «құқыққа қайшылық нышаны – ұрлық заң жүзінде тыйым салынған әдіспен ғана емес («объективті құқыққа қайшылық»), сонымен қатар айыптының мүлікке құқығының жоқ («субъективті құқыққа қайшылық») жағдайларында жүзеге асырылуын білдіреді», басқасында – «құқыққа қайшылық деп заңды негіздемесіз және меншік иесінің немесе басқа да заңды иемденушілердің келісімінсіз мүлікті айыптының иемденуін айтады». қылмыстық кодексте ескерілген амалдармен ғана ұрлыққа жататын әрекеттерді шектеуге мүмкіндік беретіндіктен бірінші анықтама толық әрі анық деп саналады. Ақырында, салдарымен сипатталатын кез келген ұрлықтың қылмыстық құрамының объективті жағынан міндетті  нышаны – ұрланған мүліктің иесіне немесе басқа иемденушіге зиян  келтіруі.  қылмыстық-құқықтық  әдебиетте  дәл айтылған «осындай залал деп айыптының немесе басқа тұлғалардың алып алған және(немесе) айналымға жіберген мүліктің құнына сай жағымды материалды залал». «Жағымды материалды залал» ұғымына қолдан кеткен пайда, яғни  шығындар, алынбай  қалған  түсім,  ұрлық  салдарынан  меншік  иесінің  және де басқа иемденушілердің пайдасы, сонымен қатар ұрланған мүліктің орнын толтыруға кеткен шығындар кірмейді. Егер әрекет, алаяқтықтың бірінші түріне жатса – өзгенің мүлкін ұрлау – қылмыстық құқықтық теориясында толық сипатталған болса, екінші түрінде – өзгенің  мүлкінің  құқықтарын иемдену – салыстырмалы түрде аз зерттелген. Соңғысының мағынасын Д.В. Качурин ашып көрген. Демек, алдап немесе сенімге қиянат етіп өзге мүлкінің құқығын меншіктенудің үш түрін атап көрсету керек: Кейінірек мүлікті иемдену мақсатымен өзгенің мүлік құқығын меншіктену, мысалы: заңды тұлғадан, ұрлау мақсатында банктен ақша алуға алдау я сенімге қиямет ету арқылы сенім хат алу. Айыптының қолындағы мүлікті заңды қолданатын сыңай білдіретін құқықтарды меншіктену, мысалы: заңсыз қолданған  мүліктің  құжаттарын  айыпты  алдау я сенімге қиямет ету арқылы меншіктенуі. Өзге мүлкін ұрламай-ақ басқа заңды басқаруға мүмкіндік беретін құқықтар түрінде мүлік құқығын алу. Мысалы: саябақты иелік етуге сенім хат алу». Содан Качурин былай дейді: «өзгенің мүлкін ұрлауға дайындықтан немесе заңды қолдану сыңайын көрсетуден тұратын алдау я сенімге қиянат ету арқылы өзге мүлкіне құқықты меншіктенуді ұрлыққа жатқызуға болады. Бірінші жағдайда айыптының мақсаты – өзгенің мүлкін ұрлау, ал мүліктің құқықтарын меншіктену ойлағанға жету жолындағы бір саты ғана. Екінші жағдайда, мүлік айыптының қолында және мүлік құқығын меншіктену өзгенің мүлкін өз еркімен қолданды легализациялау үшін қажет. Мүлікті алу мен айыптының  немесе  басқа тұлғалардың өз пайдасында қолдану жоқ болғандықтан, өзгенің мүлкін басқаруға заңды құқықтарды кейінге иеленусіз меншіктену ұрлық болып саналмайды. Мүлік жәбірленуші меншігінде қалады, ал мүлікті қолдану құқықтарының біреуі ғана айыптыға өтеді». Бірінші келтірілген үзінділерде мүлік құқығын меншіктену, атап айтқанда, әртүрлі құжаттарды ұрлауда көрсетіледі. Бұл жайт кемінде толық емес, себебі мүліктің құқығын меншіктенуден тұратын алаяқтық, мүліктің қылмыстық-құқықтық мағынасына сай емес, құжат түрінде бекітілген, осындай құқықты ұрлап кету мүмкін емес, я сол құқықты меншіктену ресми рәсімдеуді қажет етеуі кез келген ұрлыққа тән құқыққа қайшылық нышанын жояды. Өзгенің мүлкін иемдену дайындығынан тұратын,  алдау  я  сенімге  қиянат  ету арқылы өзгенің мүлкін меншіктенуді ұрлыққа жатқызған екінші үзінді де, біздің ойымызша, толық емес. Мұндай әрекет – өзге мүлік құқығын меншіктену болып келетін түбегейлі алаяқтық. әдетте, қылмыстық мағынада, жоғарыда айтылған әрекет, шынымен, өзге мүлкін ұрлау жолындағы бір саты болып табылады.

Алайда, 1997 жылғы қК 1-бөлімінің 177-бабындағы тұжырымдамада, заң шығарушы бұл сатыны түбегейлі алаяқ деп мойындады. Мән-жайды суреттегенде өзге мүлік құқығын меншіктенудің қылмыстық құрамы қысқа. Өзгенің мүлкін меншіктенуге бағытталған әрекеттер әрқашан өз еркімен болып байқалғанымен, айыптыға айтылған құқықты меншік иесінің я заңды құқығы бар тұлғаның айыпталғанға айтылған құқықтарды беруі алдаумен я сенімге қиянат етумен түсіндіріледі. Алаяқтықты сипаттайтын әрбір әрекет альтернативті 2 түрлі әдіспен жасалуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, олар: алдау; сенімге қиянат ету. Айтып өткендей, алаяқтық қол сұғулардың басым көпшілігі – алдау. Алдау – заң әдебиетінде түрлі пайымдаулары бар өте күрделі категория. Алаяқтық қылмыстың құрамының нышан ретінде алдаудың сипаттамасы, бірінші – алдау ұғымын, екінші – оның мағынасын, үшіншіден – оның формасын анықтаумен байланысты. Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Өйткені Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда.

Рас, интернет пен цифрлы тех­но­ло­гиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен вир­туалды қызметтер мен өнімдерге қол жет­кі­земіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та артты. Бүгінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттық­тың негізгі алаңына айналды. Ал компью­тер­лендірудің салдары соңғы 10 жылдың ішінде қылмыстық құқық бұзушылық түрінде де айқын көріне бастады.

Полиция мен банк қызметкері, қар­жы­герлердің сан рет айтқан ескер­ту­леріне қарамастан аңқау халық адал ақшасынан күн сайын айырылып қалып жүр.

Өткен жылы елімізде интернет алаяқ­тыққа қатысты 21 мыңнан астам дерек тіркелген екен. Ал бұл сан 2020 жылы 14 мыңның айналасында болған. ІІМ мәліметтеріне сенсек, 1200-ден астам деректе жәбірленушілер «фишингтік» интернет-ресурстарға жеке деректерін ерікті түрде өздері енгіз­ген. Ал 2 мыңға жуық алаяқтық түрлі жоба, онлайн ойындар, инвести­ция­лар мен бәс саудаларда «үлкен ұтыс­қа ие боласыз» деген желеумен жасал­ған.

Жыл басталғалы екі айдың ішінде елімізде интернет алаяқтықтың 2900 дерегі тіркелген. ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының мін­детін атқарушы, полиция полков­ни­гі Рүстем Дүйсетаев қарапайым халықтың ақшасын алаяқтық жолмен алдап алу қазіргі таңда ең көп тіркелетін қы­л­мыс түріне айналғанын жеткізді. Оның айтуынша, статистикаға сәйкес еліміздегі барлық қылмыстың оннан бір бөлігі алаяқтыққа қатысты екен. «Соның ішінде, интернет алаяқ­тық­қа құрық салу күннен-күнге қиын­дап барады. Уақыт талабына сай тех­нологияның дамуымен қатар алаяқ­тық­тың әдістері мен саны да өсіп ке­ле­ді. Мұндай қылмыстарға жол бер­меу, алдын алу еліміздің ғана емес, қа­зір­гі таңда бүкіл әлем елдерінің өзекті мә­се­лелерінің біріне айналып отыр», дейді ол.

Интернет алаяқтықтың тым көбе­йіп кетуі қоғамдық резонанс туды­рып отырғаны да белгілі. Қазақ­стан­да бұл қылмыс түрінің ең көп та­ралған тәсілдерінің бірі – интер­нет­­тегі түрлі хабарландырулар бо­йын­ша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осын­дай жолмен жасалған. Екіншісі – микро­кредиттік ұйымдардың сайттары ар­қылы онлайн қарыз рәсімдеу. ІІМ мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қыл­мыс жа­са­ған. Жиі қолданылатын үшін­ші тәсіл – азаматтардың жеке дерек­теріне қол жеткізгеннен кейін банк шоттарындағы бүкіл қаражатты жым­қы­ру. «Өкінішке қарай, қарапайым хал­ық әккілердің тұзағына тез ілігіп қалады.

Мәселен, соңғы уақытта өзде­рін банк қызметкерлері ретінде та­ныс­тырып, ауыстырмалы нөмірден қоңырау шалатын алаяқтар көбейді. Әдетте олар өздерін екінші деңгейлі банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп таныстырады. Сенімге кірудің тың тәсілін жақсы меңгеріп алған олар азаматтардың есепшотын біреулердің бұзып кірмек болғанын айтып, қауіпсіздік үшін шоттағы қаржыны басқа банк шотына аударуға кеңес бе­реді­.

Осылайша, бүкіл қаржыны үп­теп кететіндер көп», дейді поли­ция полковнигі. «Қазіргі таңда ІІМ интернет алаяқтықтың алдын алу, осындай қылмыстардың жолын кесу мақсатында тиісті ұйымдас­тыру­шылық-практикалық шаралар қабылдауды қолға алды. Өткен жылдан бастап киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағ­дар­лама іске асырылып келеді. Өңір­лерде осындай қылмыс түрлерін тер­геу бойынша арнайы жедел-тергеу топ­тары да құрылды. Тоқсан сайын кибер­қылмыстың алдын алу бойынша жедел алдын алу іс-шаралары ұдайы жүргі­зіліп отырады», деп мәлімдеді ІІМ өкілі.

Қазір өздеріңіз білесіздер, Kaspi Bank-тің мобильдік қосымшасына кез келген нөмірді терсеңіздер, клиенттің аты-жөні шыға ке­леді. Яғни қылмыскерлер үшін құр­бан­дарын Kaspi нөмір арқылы та­уып алу түк те қиын емес. Себебі алаяқтар бұл ашық ақпаратты да ұтым­ды пайдалануы әбден мүмкін. Осыған орай біраз уақыттан бері мобильді қосымшаларда клиенттің тек есімі мен тегінің бірінші әрпін ғана жазу қолданылып келеді», деп түсіндіріп өтті. Бір ғана Қарағанды облысында жыл басынан бері 346 интернет алаяқтық тіркелген.

Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері аза­мат­­тар­ға күдікті қоңырау мен хабар­ламалар алғанда бірден банкке хабар­ла­суға кеңес берді. Егер сізге белгісіз біреу­лер хабарласып, қандай да бір банк­тің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәлі­меттерді сұраса, ең алдымен сол банк­тің сенім телефондары­на қо­ңы­рау шалып, ақпараттың рас-өті­рі­гін анықтап алған артықтық етпейді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің ішкі істер органдарында ақпараттық жүйелерді қолданушыларға қатысты жасалған 8 337 алаяқтық фактісі тіркелді. Оның ішінде 1709 іс ашылды, 5000-ға жуығы ашылмаған. Басқарманың мәліметінше, веб -сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар алаяқтықтың ең көп тараған түрі болып табылады.

Мұндай қылмыстарды ашу мен тергеу белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі ол шекаралық сипатта, яғни жәбірленуші бір аймақта, ал қылмыскер басқа аймақта. Әдетте, қылмыс тізбегі күрделі және көптеген буындардан тұрады. Министрлік әр түрлі банктік шоттарды, пластикалық карталарды, сондай -ақ үшінші тұлғаларға берілген әр түрлі абоненттік нөмірлерді қолданамыз. Манекендер көбінесе ақша қаражатын алу үшін қолданылады. Құқық бұзушылықтың бұл түрін ашу үшін заңнама шеңберінде алынған барлық деректерді мұқият талдау қажет, бұл белгілі бір уақытты алады.
Құқық бұзушылықтың бұл түрінің кешігуі де байқалады, өйткені интернетте алаяқтардың құрбандары жеңіл зақымдануына байланысты полицияға арызмен жүгінбейді. Сонымен қатар, бір алаяқ үшін қылмыс жасаудың әр түрлі құралы бар, оны жасау үшін ол әр түрлі құралдарды қолданады және кез келген ақпарат оның ашылуына ықпал етуі мүмкін. Барлық қылмыстық істер бойынша оларды ашуға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіледі.

Тиісті департамент мұндай қылмыстарға қарсы іс -қимылдың тиімділігін арттыру үшін бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізіліп жатқанын қосты. Ішкі істер министрлігі киберкеңістіктегі қылмыстарды ашу мен тергеу тактикасы мен әдістері, әртүрлі аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін қолдану практикасы бойынша, сондай -ақ ұлттық заңнаманы жетілдіру мен механизмдерді әзірлеу бойынша алыс және жақын шетелдердің халықаралық тәжірибесін үнемі зерделейді.

Алаяқтар өздерін сайттарда сатушы немесе сатып алушы ретінде тіркеліп, адамдардың банк картасының реквизиттерін біліп, шотты бос қалдыруы ғажап емес. Мысалы, сіз көлігіңізді сатқыңыз келсе, сізге ресейлік байланыс нөмірінен бір «клиент» хабарласуы мүмкін. Сіз онымен саудаласасыз. Сауда аяқталған соң ол алдын ала төлемді аудару үшін банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Сіз ойланбастан банк реквизиттерін танымайтын адамға бере салуыңыз мүмкін. Бір тәуліктен кейін сіздің ұялы телефоныңызға арнайы банк хабарламасы келеді. Ресейлік клиентіңіз сізден соны жіберуді сұрайды. Осылайша ол сіздің банк картаңыздың құпия кодын біліп алуы оңай.

Мұндай жағдайда келген хабарламаның скриншотын түсіріп алып, банк қызметкерлерінен немесе бухгалтер арқылы не код екенін анықтап алыңыз.

Өкінішке орай, бұл оқиға бойынша банкирлердің өздері де қауқарсыз. Қазіргі кезде электронды төлем нарығы дамыған сайын интернеттегі алаяқтық та қоса дамып келеді. Сондықтан алданып қалмас үшін банк картасын тұтынатын әрбір адам оның қауіпсіздік кодын, мәліметтерін ешкімге бермеу керек. Қазақстандағы алаяқтықтың тағы бір түрі кредитке байланысты. Алаяқтар үшін халықтың сеніміне кіру өте оңай. Тек абай болу керек. Мысалы, олар газеттерде немесе сайттардың көмегімен  тұтынушылық несие рәсімдеуге көмектесеміз дегендей қызметтер ұсынуы мүмкін. Әңгімелесу кезінде олар қысқа мерзімде ешқандай құжатсыз кредит рәсімдеп береміз дейді. Сіздің алғыңыз келген кредит сомасының 5-10 пайызын көрсетілген қызмет үшін алдын ала төлеңіз деп талап етеді. Ал алдын ала төлем жасаған соң ақшаны және сіз ұсынған құжаттарды алып қашып кетеді. Бірнеше уақыттан кейін олар сіздің құжаттарыңыз арқылы тұтынушылық кредит рәсімдеп, оны жеке басына жұмсайды. Ал сіздің атыңызға бір-екі айдан соң банктен кредит төлеу керектігі туралы хабарлама келеді. 

Бүгінде ғаламтор пайдаланбайтын, әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ адам кемде-кем шығар. Заман ағымы, уақыт талабына сай мұндай әлеуметтік желілер адамдар арасында қарым-қатынас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелерді талқылауға , белгілі-бір оқиға не құбылыс туралы қоғамдық пікір қалыптасыруға ықпалы зор үлкен күшке айналып отыр. Ақпарат ғасыры саналатын мына заманда басқаша болуы мүмкін емес те сияқты. Дегенмен, интернетті осындай игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Бүгінгі әңгімеміз әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы болмақ.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ғаламтордағы алаяқтық кәсіби хакерлердің ірі қаржы ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің сайттарына шабуыл, олардың ақпараттық жүйелерін істен шығару сынды әрекеттермен ғана байланысты қабылданатын. Бүгінде жекелеген адамдардың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына бұзып кіру, ондағы хаттар мен өзге де мәліметтерді көшіріп алып, түрлі мақсаттарға пайдалану, отбасылық құпияларды пайдаланып ақша бопсалау сияқты теріс қылықтар етек жаюда. Енді соларға жеке-жеке тоқталсақ.

Бейтаныс арулар. Алаяқтар әлеуметтік желілердің бірінен жас қыздардың атынан парақша ашып, онда көркі көз қызықтыратын сұлулардың суретін салады. Сол аккаунттан жігіттерге достық ұсыныс жіберіп, әңгімеге тартады. Кісінің көңілін аударатын, қызықты (көбінесе аянышты, немесе отбасылық-тұрмыстық қиындықтарды талқылаған) посттар жазып, қалталы әрі жеңіл жүріске бір бүйрегі бұрып тұрады-ау деген азаматтардың жазбаларына үнемі пікір қалдырып жүреді. Жеке чатта әңгімелесуге қол жеткізгеннен соң арулар әлдебір себептермен «достарынан» ақша сұрай бастайды. Көп тараған себептердің бірі мынау: ғаламтордағы қылықты ару өзі сөйлесіп жүрген досы тұратын қалаға бір шаруалармен бармақ жоспары барын, бірақ, жол жүруге біршама қаражат жетпей тұрғанын айтады. Қаражат «қолын байлаған» аруға мәрттігі ұстап көмектеспек болатындар да көп. Алаяққа керегі де осы. Ал, алданған жомарт таныста бейтаныс арудың сұраған ақшасын алғаннан соң қалай байланысты үзіп, жаңа «кеңістікті игеруге» кірісіп те кеткенін түсінбей қалады.

Вирустық бағдарламалармен ақша табу. Арам пиғылдылар бұл жолы елдің әлеуметтік желідегі парақшаларын бұзып кіріп, ондағы достарына түрлі жарнамалар мен вирустық бағдарламалардың сілтемелерін жібереді. Сілтемелердің мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ мақсаты бір – ақша табу.

Әкімшінің атынан алдап соғу. Мұнда желі қолданушыларына әкімші атынан қолданушының парақшасы өшірілетіні туралы хабарлама жіберіледі. Қолданушыға парақша өшірілмес үшін өзінің шынымен де сол желі қолданушысы екенін растау, ол үшін белгілі бір нөмірге смс-код жіберу ұсынылады. Ол нөмірлер – ішіңіз сезіп отырғандай алаяқтық мақсатта жұмыс істейтін бір күндік ақылы нөмірлер.

Бопсалау. Алаяқтар түрлі бағдарламалардың көмегімен желі қолданушылардың парақшасын бұзып, ондағы суреттерді, көбінесе жеке чатта жазылған хабарламаларын көшіріп алады. Сосын оларды «мүдделі тараптарға» жібереміз деп қорқыту арқылы ақша бопсалайды. Жаза басып, сезімге ерік бергендер мен кесе көлденең өткен қыздарға бір қырындамай қалмайтын туа бітті нәпсіқұмарлар ондай алаяқтар үшін оңай олжа, әрине.

Қайырымдылық акциялары. Бұл да әлеуметтік желідегі алаяқтықтың кең тараған түрі. Мұнда «желі сауғандар» ауыр дертке шалдыққан, шаңырағында қайғылы жағдай болып, қаражатсыз қалған адамдар мен отбасылар туралы жариялап, елден көмек сұрайды. Ұсынылған күмәнді есеп-шоттар мен электронды әмияндарға ойланбастан ақша аудара салатындар болмаса, ондай алаяқтар туралы да айтпас едік…

«Сыныптастар бас қосады. Ақшаны мен жинап жатырмын», «Телефонымда бірлік бітіп қалды, қаланың сыртында жүр ем. Ақша салшы» деген сылтаулармен оңай пайда тапқысы келетіндерді күнде көріп жүрміз. Тіпті, ондайларға мән бермейтін де болғанбыз. Ал, енді жоғарыда аталған алаяқтықтарға тап болмас үшін әрбір әлеуметтік қолданушылардан барынша сақтық талап етіледі. «Жаңа таныстармен» мұқият тексермей, ортақ таныстардың бар-жоқтығына көз жеткізбей сұхбаттаспауға, аса қажет болмаса жеке өміріңізге қатысты суреттер, бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламауға, «сырластарыңызбен» құрған сұхбаттарды ізін суытпай өшіріп отыруға тырысыңыз. Ең бастысы, ел аузында ертеден келе жатқан «Сақтансаң – сақтайды!» деген тәмсіл әлеуметтік желіні де айналып өтпейтінін есте сақтаңыз.

Дереккөз: Sud.kz