Қазақстанға Ресейден арнайы келіпті

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған дроппер полицейлердің қолына түсті.

Алдын ала ақпарат бойынша күдіктінің шотындағы ақша 104 миллион теңгеден асады. Алаяқтар Kaspi банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, банктік шоттар туралы ақпаратты біліп, шотты бұзуға тырысып жатқанына барынша сендірген.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша ол ешқандай хабарламалар, кодтар немесе жеке мәліметтер бермеген және олардың нұсқауларын орындамаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 24 жастағы дроппер ұсталды.

Белгілі болғандай, ер адам ұрланған ақшаны қылмыстық желінің басқа мүшелеріне қолма-қол ақша беру және аудару үшін Қазақстанға Ресейден арнайы келген. Қазіргі уақытта осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.