Түркістан облысында білім саласына жеке кәсіпкерлердің инвестиция салуына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан мектептердің саны артып келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында типтік үлгідегі жаңа «Болашақ ұрпақ» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер ...
Читать далее »Білім
Түркістан облысында салынып жатқан «Жайлы мектептер» инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында заманауи үлгідегі білім ұялары салынып жатыр.Өңірде биыл 29 «Жайлы мектептің» құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаны үйлестіруші – «Самұрық-Қазына» АҚ,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс аумағында Ұлттық жоба аясында бой көтеріп жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс сапасы мен орындалу мерзімі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрақты қадағалауында. ...
Читать далее »Жетісай қаласында жемқорлық тәуекелдер картасына енген 500 орындық мектеп пайдалануға берілді
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген Жетісай қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы 500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда мектепте 300 бала білім алуда. Бюджет қаржысына салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы 2 жылға жуық уақытқа тұрақтап, мердігер мекеменің салғырттығынан 500-ден аса оқушы ұзақ уақыт өзге мектептің ғимаратында білім алуға мәжбүр болды. Антикор еріктілермен бірлесіп, ұзақ мерзімді әлеуметтік нысандардың ...
Читать далее »Түркістанда құрылысы ұзаққа созылған қос мектеп пайдалануға берілді
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуіндегі Қазығұрт ауданындағы «Айнатас» атындағы және Отырар ауданындағы Ж.Егембердиев атындағы негізгі мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда қос мектепте 300-ден аса бала білім алуда. Бюджет қаржысына салынған жаңа білім беру ордаларының құрылысы мердігер мекемелердің жауапсыздығынан әрқайсысы 4 жылға жуық тұрақтап қалған. Қазығұрт ауданындағы Атажұрт ауылы бұған дейін мектебі жоқ елді мекендер қатарында ...
Читать далее »Түркістан облысында бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл өңірде 20 мектептің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде, 15 мектептің құрылысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болса, қалған 5 мектептің құрылысы биыл басталды. Жыл соңына дейін 13 білім ұясының құрылысын аяқтап, пайдалануға ...
Читать далее »Жоғары білімге серпін береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру нәтижелерін еліміздің экономикалық қажеттіліктеріне сәйкестендіру, білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту және академия мен өнеркәсіп арасындағы байланысты нығайту сияқты бірқатар маңызды бағытты атап өтті. Бұл басымдықтар білімді жұмыс күшінің жылдам өзгеріп жатқан жаһандық ортада экономикалық өсім мен инновацияны қолдау үшін маңызды екенін көрсетеді. Жолдауда ерекше аталып өткен негізгі мәселелердің бірі – ...
Читать далее »Ядролық электр станциясы – келешек қуаты
Бүгін белсенді жастардың қатысуымен «Жастар бейбіт атомды қолдайды!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқыға тұздық болған тақырып – Ы.Алтынсарин атындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі Елдос Өмірзақұлы Бодықовтың «Ядролық электр станциясы – келешек қуаты» тақырыбындағы лекциясы. Әуел баста Елдос Өмірзақұлы жастарға атом электр станциясының жұмыс істеу принципін ғылыми тілден қарапайым тілге тәпсірлеп түсіндірді. Оның қуаттылығы қандай болады, АЭСтердің қандай түрлері, АЭСтерді құрылысы ...
Читать далее »Тамара Дүйсенова Түркістан облысында білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Вице-премьер Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан жаңа оқу орнының құрылысымен танысты. Мұнда тұрғын үй құрылысының белсенді жүруі мектептерге жүктемені арттыруда. Сол себепті де ұлттық жоба аясындағы мектептердің бірін осында салу туралы шешім қабылданды. Жаңа ...
Читать далее »Вице-премьер Т.Дүйсенованың Түркістан облысына жұмыс сапарында маңызды мәселелер талқыланды (видео)
ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Облыста 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ...
Читать далее »Президент Жолдауы: білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласында қандай шаралар қабылданады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Парламент депутаттарымен кездесу өткізіп, онда ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде шаралар ұсынды. Кездесуге оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz. Вице-премьер өз сөзінде елдегі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарымен жұмыс істеуге назар аударды. Бұл бағытта Ғылым және жоғары білім министрлігі білім ...
Читать далее »Түркістанда салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысы тексерілді
Түркістан облысында білім беру мекемелерінің ғимараттарын салу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы 63 мектеп салу көзделген. Оның 29-ының құрылысы аяқталуға жақын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз ...
Читать далее »ЖОО мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша әлеуметтік салада нақты шаралар іске асырылатын болады. Ең алдымен, елімізде өз филиалын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарына қатысты Бірыңғай талаптар қабылданады. Аталған тақырыпта Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz. Министр мәлімдегендей, оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарын, оқыту технологиясын және студенттердің білімі мен біліктілігін бағалау механизмдерін трансферлеу қарастырылады. Ғылым ...
Читать далее »Шымкент: Кәсіпкер салып берген жатақхана
Студенттердің жатақханасы – білім берумен қатар жүретін басты қажеттіліктің бірі. Бүгінгі таңда елімізде арнаулы, жоғары оқу орнында білім алушылардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу ісінде көптеген игі іс атқарылып келеді. Бірінші кезекте Президенттің Үкіметке берген тапсырмасынан соң жатақхана тапшылығы деген проблема біртіндеп шешіле бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен ...
Читать далее »14 жастағы оқушы қыз домбыра жасайды
Түркістандық 14 жасар оқушы қыз домбыра жасайды. Келес ауданы N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Сүндетқұл жас кезінен еңбекқор. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, ...
Читать далее »Шымкентте ерекше балаларға кәсіптік білім беретін колледж ашылды (видео)
Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балаларға кәсіптік білім беретін колледж ашылды, деп хабарлайды 24kz. Енді орта білімді тәмамдаған әрбір жас мектеп интернаты жанындағы оқу ордасында ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы және тігінші мамандықтарын меңгеріп шығатын болады. Колледжге қазірдің өзінде 48 талапкер құжат тапсырып, студент атанды. Мектеп интернатын бітірген Ерасыл енді колледжде 3 жыл кәсіптік білімін жетілдіреді. Осы аралықта станоктармен жұмыс істеуді ...
Читать далее »Түркістанда «AI көмегімен сайттар жасау» бойыншА Workshop өтті
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс»екендігін айтқан болатын. Осы ретте Түркістан облысында цифрландыру, IT, интернет саласын дамыту бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгін Turkistan hub-та облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «AI көмегімен сайттар жасау» туралы Workshop өтті. Воркшопта Алматы қаласындағы Халықаралық IT Университетінің (МУИТ) түлегі спикер Мұхамеджан Бөрібек эксклюзивті ...
Читать далее »Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады
4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Олимпиада төрт кезеңнен тұрады: I кезең (іріктеу) – 2024 жылдың қыркүйегі; II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны; III кезең (облыстық) – 2024 ...
Читать далее »Ордабасыда 4 жұп егіз мектепке барды
Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа 4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған білім ошағының 1-а сыныбына барған Серікбай Амина, Серікбай Алинаның ата-анасы 7 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым отбасы. Анасы жұмыссыз. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады. Ал 1-ә сыныбындағы Нұрғали Ақарыс пен ...
Читать далее »Сауран: Жаңа Иқанда жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті
Бүгін Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде жекеменшік 577 орынға лайықталған «Дарын KZ 1» жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова, ауылдың ақсақалдары мен тағы да басқа қонақтар қатысты. Аудан ...
Читать далее »Тамара Дүйсенова: Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласында нақты, атаулы шаралар жүзеге асырылады
Азаматтардың табыс деңгейін арттыру Үкімет жұмысының өзгермейтін басты мақсаты. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамар Дүйсенованың баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды primeminister.kz. Тамара Дүйсенованың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша әлеуметтік салада келесідей нақты шаралар іске асырылады. «Біріншіден, елімізде өз филиалдарын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарының ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары