Білім — Страница 25 — Xnews — ақпарат агенттігі

Білім

Түркістанда 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Бұған дейін Баянауыл елді мекенінде мектеп болмағандықтан осы аумақтағы оқушылар №17, №21, №27 мектептерге қатынап оқыған болатын. Енді ол мәселе шешімін тапты. ...

Читать далее »

Биыл «Ұлттық кітап» байқауы өтеді (видео)

Биыл елде алғаш рет баспалар арасында «Ұлттық кітап» байқауы өтеді. Әдеби дода Ұлттық кітап күніне орайластырылған. Мақсат – қоғамда кітап оқу мәдениет қалыптастырып, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген үздік авторларды анықтау. Жұмыстар келер жылдың 15 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында қабылданады. Қаламгерлер кейінгі екі жылда жарық көрген туындыларын ұсынуы тиіс. Комикс, балаларға арналған әдебиет, мотивациялық кітап, детектив, сатира жанрындағы ...

Читать далее »

Шымкент: Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту көрсеткіштері

Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр (мемлекеттік 150, жекеменшік — 125). Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшік білім ордаларында 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мектептердегі білім алушылардың 2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы жалпы 56,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Республика деңгейінде жетінші орынды көрсетеді. 2022-2023 ...

Читать далее »

Елімізде білім беруге бет бұрған жас көп (видео)

Елімізде соңғы 5 жыл ішінде мыңнан астам жаңа мектеп пайдалануға беріліп, бүгінде жалпы саны 8 мыңға жетті. Оның ішінде тозығы жеткен 1300 мектептің 300-і жөнделіп жатыр. Президент тапсырмасына сәйкес, жаңа әрі заманауи кабинеттерді жабдықтау жобасы да жоспарға сай жүзеге асуда. Бүгінде 3,5 мың мектепте робототехника, физика, химия және биология пәндеріне арналған су жаңа кабинеттер ашылды. Үш ауысымды саналатын 92 мектептің ...

Читать далее »

Түркістан: Арыста кітапханашылардың кәсіби мерекесі тойланды

Арыс қалалық мәдениет үйінде кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай, салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қала тұрғындары мен оқырмандар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы өз сөзінде кітапханашылардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың мәдениет пен білімді дамытуға қосқан үлестеріне жоғары баға берді. Кітапханашылардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, ...

Читать далее »

Әлеуметтік желілер арқылы оқырманды көбейтіп жатырмыз — кітапханашы (видео)

Елімізде кітап оқу мәдениетін насихаттап жүрген маман иелеріне айрықша көңіл бөліне бастады. Себебі 2022 жылы ел үкіметінің қаулысымен 24 қазан Кітапханашылар күні болып бекітілді. Зейінді оқырман – кітапханашының нағыз досы. Салаға 35 жыл адал еңбегін арнаған Гүлмира Әбілғазина мыңдаған дос тапты. Кітапқа деген қызығушылығы бала күннен басталып, бір күнге де сейілген емес. Тәлімді тәжірибесін қоластындағы талай жас маманға үйретіп келеді. ...

Читать далее »

Шымкентте екі жайлы мектептің техникалық ашылуы өтті

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды. Қала әкімі тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтай отырып, мектеп тапшылығы мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болғанына ...

Читать далее »

Первая современная школа на 2000 мест открылась в Шымкенте

24 октября 2024 года в микрорайоне Нуршуак города Шымкент презентовали первую школу нового формата на 2000 учеников, сообщает информационное агентство Xnews со ссылкой на пресс-службу акима города Шымкент. Введение образовательного учреждения в эксплуатацию приурочено к празднованию Дня Республики и стало важной частью пилотного национального проекта «Комфортная школа». Школа оборудована по самым современным стандартам и предлагает своим учащимся комфортную и безопасную образовательную среду. Школа разделена ...

Читать далее »

Түркістандық жас патриоттар жеңіспен оралды

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен қазақстандық «Жас патриоттар академиясының» кезекті республикалық форумына қатысқан түркістандық жас патриоттар жеңіспен оралды. Жас патриоттарды олардың ата-аналары мен сыныптастары, мектеп мұғалімдері, қалалық білім бөлімі мен қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қарсы алды. Биылғы жиын Алматы облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Аталған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жас патриот қатысты. Патриоттық тәрбие ...

Читать далее »

Ордабасыда жаңа «Өнер» мектебі салынады (видео)

Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Өнер» мектебі бой көтереді. Жаңа нысан Мемлекет басшысының заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасына орай арнайы қор есебінен салынады. Президент барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалатынын айтқан болатын. Темірлан ауылындағы мына музыка мектебі 1974 жылы салынған. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ұясы әбден ескірген. Қабырғалары каркастан қаланған. 150 балаға арналған ...

Читать далее »

«Ойымыз – қазақ даласына техникалық білім тарату»

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алған кезінде: «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз», деп мәлімдеді. Оның үстіне Мемлекет басшысы қарапайым жұмысшы еңбегін дәріптеу қажеттігін алға тартып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары да білікті кадрлар даярлауы қажет деп, кәсіптік білім саласына реформа жасау айрықша өзекті ...

Читать далее »

Білім мен тәжірибе алмасатын алаң

Астанада «Connected – 2024» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараның салтанатты ашылуында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Мемлекет басшысы «Connected – 2024» – шы­ғар­­машылық идеяларды тал­қылауға, болашақты бол­жауға, сондай-ақ озық білім мен тәжірибе алмасуға бағыт­талған бірегей жоба екенін атап өтті. «Қазақстан шетелдің бедел­ді жоғары оқу орын­дары­мен бірлесе отырып, академия­лық хаб құру жолында белсен­ді жұмыс ...

Читать далее »

Президент: Қазақстан академиялық хаб құрып жатыр (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Conneсted-2024» халықаралық конференциясына қатысушыларға жолдаған құттықтауында білім, инновация саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Білім-ғылым мен инновация, цифрландыру және экология мәселелерін талқылауға арналған іс-шарада Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Президенттің конференция қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқыды. «Қазір әлемде жаңа технологиялар мен жасанды интелектінің қарқынды дамуына, ауа райының және қуат көздерінің өзгеруіне байланысты ауқымды сын-қатерлер пайда болуда. Осы ...

Читать далее »

Түркістан облысында бір мектептен 50-ге жуық дәрігер шыққан

Келес ауданына қарасты N28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде солардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінде бас дәрігер Бурабаев Мұстафа, білікті УДЗ дәрігері Артыкбек Керимбердиев, Жезқазған қала қалалық ауруханасында істейтін анестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, ...

Читать далее »

Түркістан: Колледждер жұмысшы мамандықтарын даярлауға басымдық береді

Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Биылғы Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауды тапсырды. Осы бағыттағы жұмысты талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған Облыстық білім басқармасының жауапты тұлғалары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің директорлары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы ...

Читать далее »

Ахмет Ясауи мен Назарбаев университеттерінің ортақ жобасы Түркістанда жалғасын тапты

Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің бастамасымен, оқу ордамыз мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Academic Leadership Institute: Deans’ School» атты декандардың кәсіби дамуына арналған жаңа бағдарлама жалғасын тапты. Үстіміздегі жылдың 25-29 қыркүйегі аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» ...

Читать далее »

Түркістан: Келестегі мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған

Келес ауданы білім бөліміне қарасты №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихи-археологиялық мұражайында мектеп ауласынан табылған құнды жәдігерлер жетерлік. Соның ішінде 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендерін де атап өту керек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектеп басшысының мәлімдеуінше, мұражайда ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиеселі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиеселі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар ...

Читать далее »

Білім беру және байланыс салаларында инвестиция сәйкесінше 79,3% және 81,7%-ға артты

Биылғы 9 айдағы экономиканың өсу көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Вице-премьердің есебінше, биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4,0%-ды құраған. «Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде үшінші ай қатарынан өсімнің жеделдеуі байқалуда. Нақты сектордағы өсу 5,0%-ды құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 3,8%-ға артты», — деп атап өтті Нұрлан ...

Читать далее »

Биыл мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осының аясында жыл басынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова мәлімдеді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке ...

Читать далее »

Түркістан: 30 мыңға жуық оқушы ауыл олимпиадасында бағын сынады

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды. 9-11 қазан аралығында облысымыздың 16 ауданында олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтуде. Онда мектепшілік кезеңнен іріктелген 15 000-нан астам білім алушы өз білімдерін сынауда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олимпиадаға қыркүйек айында облысымыздан 32 854 білім алушы тіркеліп, оның 27 795-і қатысқан болатын. Бұл ...

Читать далее »