Білім — Страница 10 — Xnews — ақпарат агенттігі

Білім

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады. Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі. Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала ...

Читать далее »

Түркістан облысында Президент тапсырмаларын орындау бойынша іс-шара жоспары әзірленеді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда Мемлекет басшысының 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын іске асыру жолдары талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, аумақтық департамент жетекшілері қатысты. Мәжілісте Мемлекет басшысы жүктеген 7 негізгі бағыт – инфляцияны төмендету, жаңа Салық кодексін тиімді енгізу, цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу, жаңа инвестициялық кезеңді бастау, ...

Читать далее »

Түркістан: «Адал азамат»: Мектептерде қауіпсіздікке бағытталған сабақтар жүйелі түрде өткізіледі

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларда қауіпсіз әрі заңға бағынатын мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық және азаматтық мәдениетті арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету. Қысқа, бірақ мазмұнды сабақтар оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырып, қауіпсіз қоғам азаматын ...

Читать далее »

2026 жылғы конституциялық реформа: Қазақстан дамуының жаңа өзегі – білім мен интеллект

2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның даму бағытын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді. Бұл реформа – ресурстарға тәуелді экономикалық модельден бас тартып, ел болашағын білім, интеллект және адам капиталы арқылы қалыптастыруға бағытталған бетбұрыс кезеңі. Ендігі жерде мемлекеттің басты байлығы минералды ресурстар емес, зияткерлік әлеуеті жоғары, білімі терең, ойы озық азаматтар болады. Конституциялық деңгейде білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының негізгі басым ...

Читать далее »

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025: Аида Балаева жеңімпаздарды марапаттады

Астанада биылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Ол жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, барлық ...

Читать далее »

Түркістанда Ислам институты ашылды

Түркістан қаласында қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институтының ашылу салтанаты өтті. Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Өтпенов пен ел ағалары қатысып, көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтады. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан дәстүрлі исламды дәріптеу және оның ғылыми-теориялық негізін дамыту ...

Читать далее »

Экспортқа бағдарланған өндіріс: Мәжіліс депутаттары Түркістан облысындағы ірі кәсіпорынға барды

9 қаңтар, Түркістан облысы. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов және Ерлан Әбдиев жұмыс сапарымен Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам, Шұбарсу елді мекендеріндегі бірқатар маңызды нысанға барды. Алдымен олар Бадам ауылдық округі «Бадам» индустриалды аймағындағы «Central Asia Aluminium Company» ЖШС жұмысымен танысты. Алюминий профильдерін өндіретін бұл кәсіпорында 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. ...

Читать далее »

Цифрландыру мен жасанды интеллект: мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу негізгі басым бағыттардың біріне айналды. Бүгінде бұл салада атқарылған жұмыстар халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Сондай-ақ қызметтердің дәл осындай үлесін азаматтар смартфон арқылы алу мүмкіндігіне ие. Жалпы саны 1 448 мемлекеттік қызметтің басым бөлігі онлайн түрде ...

Читать далее »

Қазақстандық ғалымдар ғылыми қызметін коммерцияландыруда табысқа жетуде

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан отандық ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын коммерцияландыруда табысқа жетуде екенін жеткізді. Ведомствоның мәліметінше, Satbayev University металлургия институтының технологиясы бойынша «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-де алғаш рет вакуумдық дистилляция әдісімен СТ-1 маркалы техникалық селен алынды. Өнімнің тазалық деңгейі 99,5%-ға жеткен, бұл селеннің қосымша құнын 30%-дан 97%-ға дейін арттырып отыр. 2025 ...

Читать далее »

Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілгені атап өтілді. Жыл соңына дейін ...

Читать далее »

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылға арналған қорытындысын шығарды

Үкіметтің 2025 жылғы қызметінің қорытындысы шеңберінде Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулері өтуде. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға бөлінген гранттар туралы айтып берді. Ведомствоның мәліметінше, 93 232 білім гранты бөлінген, оның ішінде 77 084 грант – бакалавриатқа, 13 229 – ...

Читать далее »

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды: Президент тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттары енгізілуде

Қазақстанның білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға және оқушыларды психологиялық қолдауға қойылатын жаңартылған талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр мектепте қауіпсіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Мектептерде 1,7 млн бала тегін тамақтанумен қамтылды. ...

Читать далее »

Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді

Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда. «Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Болашақ мектептері» жобасы аясында 29 мектеп пайдалануға берілуде

Бәйдібек ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Шаян ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобаның өңірлердегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға, оқушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ...

Читать далее »

В Туркестанской области в рамках проекта «Школы будущего» вводится 29 школ

В Байдибекском районе введена в эксплуатацию новая школа на 300 мест, построенная в рамках национального проекта «Школы будущего». В торжественной церемонии открытия общеобразовательной школы № 1 в селе Шаян принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который поздравил жителей с открытием важного социального объекта. В своем выступлении глава региона отметил, что национальный проект, реализуемый по поручению Главы государства, направлен на ...

Читать далее »

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті. Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты. ...

Читать далее »

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектеп» жобасы аясында қосымша білім беру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Білім ордасында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту мақсатында үйірме жұмыстары басым бағыт ретінде қарастырылған. Бүгінде мектепте 14 бағыт бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Оқу-танымдық бағыттағы «Ағылшын тілі» және «Цифрлық сауаттылық» үйірмелері оқушылардың заманауи ...

Читать далее »

Сауранда «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижесі айқын көрініс тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты. Жаңа мектептердің ашылуы аудандағы үш ауысымда оқу, апатты және ...

Читать далее »

Түркістандағы білім ордасында Бауыржан Момышұлы атындағы музей мен арнайы кабинет ашылды

Түркістан қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп базасында даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы мұрасы: батырлық, тәрбие және ұлттық рух» тақырыбында қалалық әскери-патриоттық семинар өтті. Тағылымды шара батырдың өшпес ерлігі мен рухани мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруді, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды көздеді. Ауқымды семинарға зиялы қауым өкілдері, ...

Читать далее »

Шымкенттік оқушы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған құрылғы жасады

Speaky — Шымкент қаласындағы НИШ-тің 12-сынып оқушысы Пернебек Диас әзірлеген әлеуметтік маңызы бар IT-жоба. Жоба ым-қимылды компьютерлік көру арқылы танып, оны ауызша сөзге айналдырады, осылайша күнделікті қарым-қатынасты жеңілдетуге бағытталған. Бұл шешім тұрмыстық, білім беру және әлеуметтік ортада қолдануға арналған. Shymkent IT Hub алаңында өткен іс-шаралар барысында Speaky жобасы 240 000 теңге көлемінде қолдау алды. Бұл қаражат жобаны дамытуға бағытталып, ерте ...

Читать далее »