Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де ...
Читать далее »Білім
Шымкентте 11 жайлы мектеп салынып жатыр (видео)
Шымкенттің 21 мектебінде оқушы саны нормадан артық, деп хабарлайды 24kz. Сол үшін қалада 11 «жайлы мектеп» салынып жатыр. Білім басқармасындағылардың айтуынша, жаңа мектептер пайдалануға берілсе, бұл жүктемені азайтуға болады. Дегенмен, үлкен шаһардағы мектептердің барлығын 1 аусымға көшіру үшін, әлі 13 мың орынға ғимараттар керек. Ал қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар қандай? Нұршуақ шағын ауданының балалары жаңа оқу жылында «Жайлы мектепке» барады. 2 ...
Читать далее »Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады
Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде, осал топтағы отбасыдан шыққан 60 693 бала, 1-4 сыныптағы 160 227 бала бар. Жалпы облыстағы 881 мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, ...
Читать далее »Педагогтар заманауи білім беру бағытында тәжірибе алмасты
Биылғы облыстық «Тамыз кеңесі» 27 тамыз күні өткізіледі. Бүгін осы шара шеңберінде «Digital Kazakhstan: Жаңа заманындағы білім беру» тақырыбында секция жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңызды жиында 26 секция өтті. Кеңеске 1000-ға жуық педагог қатысты. Басқосуда әртүрлі бағыт бойынша спикерлер баяндама оқып, өзара тәжірибе алмасты. Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды ...
Читать далее »Шымкентте Білім басқармасының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы қорытыланды
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы биылғы жылғы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша баспасөз брифингін берді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 982 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда — 415 908 тәрбиеленуші білім алуда (мемлекеттік – 258, бала саны – 262 856, жеке – 724, бала саны – ...
Читать далее »Түркістан: Эко-базарда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті
Бүгін Эко-базар кешенінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19-20 тамыз күндеріне жоспарланған жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, мектеп формалары мен аяқ киімдер қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада ...
Читать далее »Елімізде ашылған шетелдік университеттер
Еліміздегі шетелдік оқу орындарының филиалдарында «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту негізгі міндеттердің қатарына кіреді. Бүгінде Қазақстанда 27 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылған. – Негізі «филиал» атауы көпшіліктің қабылдауына ыңғайлырақ болуы үшін қолданылады. Ал, шын мәнінде бұларды «стратегиялық серіктестік» деп атау дұрысырақ шығар. Көп жағдайда қазақстандық жоғары оқу орны негізінде шетелдік университеттердің оқу бағдарламаларын оқытатын бөлек бірлік құрылады. ...
Читать далее »ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы қалай көтеріледі
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. ...
Читать далее »Шымкентте «Цифрлық мұғалім» жобасы жүзеге асырылады (видео)
Шымкентте жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлық мұғалім» жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды 24kz. Бұл үлгерімі төмен оқушыларға негізгі пәндерді тереңдетіп оқытып, білім деңгейін көтеруге мүмкіндік бермек. Бұл туралы педагогтардың тамыз кеңесінде айтылды. Дәстүрлі жиында «Жаңа замандағы білім беру» тақырыбы талқыланды. Жаңа оқу жылының алдында 10 ұстазға құрмет көрсетілді. Олар білім жүйесін дамыту жолында жаңа жобалар ұсынып, тың әдістеме әзірлеген. Білікті кадрларға ...
Читать далее »«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында конференция өтті
Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады. “Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл ...
Читать далее »Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарындағы білім нысандарының жөндеу жұмыстары тексерілді
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Ордабасы ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ...
Читать далее »«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы білім беру жүйесі үшін маңызды – вице-министр
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 200-ден астам педагог «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша оқудан өтті. Өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік кабинеттер басшыларының орынбасарларына арналған оқуды Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырды. 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы алғаш рет енгізілді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары, «Менің бауырым» ...
Читать далее »Отырар мен Арыстағы білім нысандарының құрылыс жұмыстары тексерілді
Түркістан өңірінің білім нысандарында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Отырар ауданы мен Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің құрылыс жұмыстарын тексерді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Отырар ауданда 6 мектеп, 3 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, ...
Читать далее »Сауран ауданы әкімі мектептердің жаңа оқу жылына және жылу маусымына дайындығын қадағалады
Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауданға қарасты білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындық барысын тексерді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен Шаға ауылдық округіне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын қадағалады. Аудандық білім қарасты мекемелердің 2024-2025 жаңа оқу жылында 42 мектепте 23116 оқушы оқитын болады. Ағымдағы жылы аудандағы 20 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. ...
Читать далее »Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды
Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: 1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз); 2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек); 3 кезең ...
Читать далее »Шардара мен Қазығұрт ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен тілдесіп, тиісті мамандарға міндеттер жүктеді. Алдымен Шардара ауданының ...
Читать далее »Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді
Жаңа оқу жылында еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 145 мың орынға дейін артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп. Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді ...
Читать далее »Оқуда қиындығы бар балалардың саны 2 миллионға жеткен
Бір жыл ішінде елдегі психофизикалық даму бұзылыстары бар балалардың саны 8% өскен. Оқу ағарту министрлігінің «Бөбек» сауықтыру орталығын қайта ұйымдастыру туралы бұйрық жобасының негіздемесінде осындай деректер келтірілген. «Соңғы жылдары республикада оқытуда ерекше көзқарасты қажет ететін балалар санының өсу тенденциясы байқалады. Тек бір жыл ішінде психофизикалық даму бұзылыстары бар балалардың саны 8%-ға өсті (2024 ж. – 203 мың, 2023 ж. – ...
Читать далее »Ордабасыда ІІІ облыстық кітапханашылар слеті өтті
Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен жиын ашық аспан астындағы кітап көрмесін таныстырудан басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков ашып, құттықтау сөз алды. Сондай-ақ, кітапханашылар жиынына композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, белгілі журналист Роза Нарымбетова бастаған зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі кітапханашылар қатысты. «Фараб» ...
Читать далее »«Бабалар ізімен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының тұсауы кесілді
ҚМДБ 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған еді. Осы орайда жыл басынан бері көптеген игі істер атқарылуда. Соның бірі «Бабалар ізімен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының жарыққа шығуы дер едік. Құнды кітаптың тұсаукесері Астана, Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Бүгін қаладағы Әл-Фараби кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шарада ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы зиялы ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары