Келес ауданында биыл екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Келес ауданында биыл екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің екі ауылында жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы мен Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бұл жайында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық округте өткен халықпен кездесуінде мәлімдеді.

Аудан әкімімен өткен кездесуде бұған дейін жергілікті тұрғындар Бозсу, Құйған, Қияжол елді мекендеріне баратын ағын су каналын механикалық тазартудан өткізу мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде «Келес аудандық су шаруашылығы» мекемесі тарапынан Таубай каналының 3 шақырымы тамыз айында механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі Р-28 каналындағы Ақболат және Найман шлюздарының құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда қолданысқа берілді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...