Білім — Страница 29 — Xnews — ақпарат агенттігі

Білім

Сауранда ұстаздардың тамыз кеңесінің жиыны өтті

Сауран ауданындағы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде білім беру саласы қызметкерлерінің DIGITAL KAZAKHSTAN: «Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Ақнұр Сейдалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, республикалық «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің Түркістан облысы ...

Читать далее »

Тамыз кеңесі: Білім саласына бағытталған жаңа инновациялық жобалар таныстырылды

Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен білім саласына бағытталған бұл жобаның ауқымы кең. Іс-шара барысында әр аудандық білім бөлім басшылары жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарын қорғады. 17 аудан 17 ...

Читать далее »

Жетісайда «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияда кәсіпкерлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыда өсіп жатқан балаларға мектепке қажетті жабдықтарды төмен бағада ұсынды. Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында мектеп оқушыларына сабаққа қажетті оқу құралдары, кітап-дәптерлері мен қалам-сөмкелері, мектеп формалары нарықтағы бағадан арзан бағада сатылды. Акцияға мыңнан астам ата-аналар қатысып, жалпы саны 50-ге жуық ...

Читать далее »

Түркістан: Жаңа замандағы білім беру бағытында дәстүрлі «тамыз кеңесі-2024» өтті

Тамыз кеңесі – білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын. Бүгін Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тіледі. – Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құтттықтаймын! Бүгінгі дәстүрлі Тамыз ...

Читать далее »

Сауранда “Мектепке жол” Республикалық акциясы аясында 300-ден астам оқушыға оқу құралдары берілді

Бүгін Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу болып табылады. Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім ...

Читать далее »

Семья из Британии отравилась грибами, купив пособие для начинающих грибников, не зная, что книгу написала нейросеть

Семья из Британии отравилась грибами из-за информации от ChatGPT. Пострадавшие купили на Amazon недорогое пособие для начинающих грибников, не зная, что текст и картинки в книге создала нейросеть. «На прошлой неделе вся моя семья лежала в больнице после того, как случайно употребила ядовитые грибы. Моя жена купила книгу в крупном интернет-магазине на мой день рождения. Книга называется примерно так: «Грибы Великобритании: руководство по сбору ...

Читать далее »

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері белгілі болды

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. «Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытта 75 балдан, бейіндік бағытта 30 балдан жоғары ...

Читать далее »

Түркістан: ЖОО-ға 189 грант бөлінді

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриатқа 50 грант бөлінді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35, медицина бойынша 15 орын берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия отырысында айтылды. Онда комиссия мүшелері гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін ...

Читать далее »

Ел бойынша ең көп мектеп Түркістан облысында

Бұл ақпаратты Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов брифингте мәлім етті. Иә, міне жазғы каникул да өте шықты. Санаулы күндерде елімізде жаңа оқу жылы басталып, мектептерде қоңырау сыңғыры қайта естілер күн таяу. Осы ретте жаңа оқу жылына дайындықтың жайы қалай? Мектептерге жөндеу жұмыстары жасалып, оқушыларды қабылдауға даяр ма? Осы және өзге сауалдардың жауабын білмекке облыстың бас мұғалімінің ...

Читать далее »

Ордабасылық ұстаз Pеспубликалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана қаласында Республикалық “Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт” жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім академиясы ұйымдастырған “Үздік оқырман” республикалық мұғалімдер байқауы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жарысқа Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылына қарасты Д.Қонаев атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Өтебек қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Қатысушылар арасынан ...

Читать далее »

Үкімет брифингі: білім және ғылым жүйесін жаңарту

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингке оқу-ағарту министрі мен ғылым және білім министрі қатысты. Атап айтқанда, Ғани Бейсембаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, қай санаттағы балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіні жайында, «Всеобуч» қоры мен «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қалай ұйымдастырылып жатқаны жөнінде және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты. Сондай-ақ Ғани Бейсембаев мектептер құрылысы, сәйкесінше апатты және ...

Читать далее »

Олжас Бектенов: Жайлы мектептер барлық орта білім беру жүйесі үшін «негізгі стандарт» болуы тиіс

Үкімет басшысы қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жаңа бәсекелестік деңгейге шығаруды тапсырды. Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы көбінесе өскелең ұрпақтың білім деңгейі мен бойындағы құндылықтарына байланысты екендігі атап өтілді. «Әртүрлі салаларда балалардың ізденіс, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын анықтау, білім берудің барлық деңгейлерінде олардың қабілеттерін барынша дамыту маңызды. Мектептер мен колледждердің және жоғары оқу орындары базасында студенттер мен ...

Читать далее »

Олжас Бектенов: 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн бастауыш сынып оқушысы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар тегін тамақпен қамтылады

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау процесін дұрыс ұйымдастыру және мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне назар аударды. Жаңа оқу жылында 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Олжас Бектенов қабылдау процесінің белсенді жүріп жатқанын, оны дұрыс ұйымдастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар бұрын балабақшаларға бармаған болашақ бірінші сынып оқушыларына көбірек ...

Читать далее »

Түркістан: Жекеменшік мектеп басшыларымен өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секция жұмысы өтті. Секция жұмысын басқарма басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова ашып берді. Жиынға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова, Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының Полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма басшысы Қуанышбай Төлегенұлы, Облыстық білім беруді ...

Читать далее »

Барлық өңірлер Білім күнін 1 қыркүйекте атап өтеді

Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. «2 қыркүйекте — жаңа оқу жылының бірінші күні — ...

Читать далее »

Жаңа гранттар мен инфрақұрылым жобалары: 2024-2025 оқу жылында студенттерге не дайындады

Биыл мектептерді 188 мыңнан астам түлек бітірді. Оның 140 мыңға жуығы жоғары оқу орындарына түседі деп күтілуде. Осылайша, биылғы оқу жылында студенттердің жалпы саны 650 мыңға жуық адамды құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz. Гранттарды бөлу, студенттерді қабылдауға дайындық, оларды жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады. Министдің айтуынша, 2022 ...

Читать далее »

Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды

Түркістан облыстық мәслихатында өңірдегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде арнайы отырыс өтті. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, А.Салимов, Б.Байғараев, Ғ.Елшібай, Т.Қаржауов, И.Намазбаева, Ғ.Райымбеков, Б.Серманизов, Ж.Сүлейменов, Х.Әшірбеков, БАҚ өкілдері қатысты. Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті ...

Читать далее »

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды

Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Назарбаев Университетінің базасында өткен отырыстың пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ...

Читать далее »

Дүйсенова колледждің үздік түлектерін университетке емтихансыз қабылдауды ұсынды

Ол техникум түлектерін қолдау бойынша мұндай тәжірибе бұрын сәтті жүзеге асырылғанын еске салды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде колледжді үздік бітірген студенттерді емтихан қабылдамастан университетке қабылдауды ұсынды, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі. Үкімет өкілінің айтуынша, Қазақстанда мұндай тәжірибе бұрын болған және ол өз жемісін берген. Бұл үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Жайлы мектеп» мердігерлерінің жұмысын сынға алып, ескерту жасады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, шешім ...

Читать далее »