Білім — Страница 28 — Xnews — ақпарат агенттігі

Білім

Кәсіптік білім — басым бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мұқият тыңдадық. Ел күткендей биылғы Жолдауда да эко­номикалық өсімді қамтамасыз ету және инвести­ция­лық тартымдылықты арттыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Білім мен ғылым саласының өкілі ретінде, осы бағыттағы бастамаларға тоқталуды жөн көрдік. Біріншіден, Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау бастамасы көптің көңілінен шықты. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау ...

Читать далее »

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 15 мектеп ашылды

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 19 мыңға жуық оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Айта кетейік, қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып, сыбайлас жемқорлардан кері қайтарылған қаражат есебінен толықтырылады. Ол үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешуге және жалпы қосалқы құрылыс нысандарын салу мен мектептерді реконструкциялау арқылы оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз білікті болмаса, бәрі бекер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алу керегін айтты. «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз ...

Читать далее »

Отырарда білім күнінде жаңа мектеп пайдалануға берілді

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде білім күні мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтуде. Меркелік шара Отырар ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мерекеде жаңа мектептің лентасы қиылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл елді мекеніндегі Ж.Егембердиев мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қатар келген қос қуанышымен құттықтады. ...

Читать далее »

Сарыағашта 350 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді

Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекенінде «1 қыркүйек- Білім күні» мерекесі қарсаңында заманауи үлгідегі 350 орындық жаңа мектеп ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дербісек ауылдық округінде орналасқан білім ошағы жеке кәсіпкер, Серік Нарбаевтың есебінен салынған. «Орал Нарбаев» атындағы 350 орындық зиятркерлік білім беру мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихаттың депутаты Алмас ...

Читать далее »

Келесте Білім күніне орай 300 орындық қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді

1 қыркүйек — Білім күніне орай Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр елдімекенінде №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 300 орындық қосымша жаңа ғимарат пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариев мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі — Баршаңызды жаңа оқу жылынының басталуымен шын жүректен ...

Читать далее »

Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Білім күніне орай Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші және 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты шара ұйымдастырылды. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектепте өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, сәттілік тіледі. – Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында облысымыздағы орта білім ...

Читать далее »

Түркістандағы мектеп-лицейге жасанды интеллект енгізілді (видео)

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейіне жасанды интеллект енгізілді. «Алақан мектеп» жобасы деп аталатын турникет облыс бойынша алғаш рет жүзеге асырылды, деп хабарлайды 24KZ. Білім күніне орай осы меткепте облыстық Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Қабденовтың қатысуымен қауіпсіздікке қатысты жиын өтті. Білім ұясына келген облыстық Полиция департаментінің бастығы алдымен «Алақан мектеп» жобасымен танысты. Жаңа жобаның ерекшелігі, оқушының алақаны бағдарламаға енгізіледі. Бала мектепке ...

Читать далее »

Түркістанда 6 мың бүлдіршін үшін алғашқы рет қоңырау соғылды

Бүгін Түркістан қаласының білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Ұстаздар қауымына алғысын білдіре отырып, оқушылар мен ата-аналарға құттықтауын арнады. – Адамның ғана емес, әлемнің дамуы – терең білімнен. Баланы жетектеп, оның зейінін ашып, үлкен өмірге дайындау – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ...

Читать далее »

Сарыағашта 200 орындық жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді

Білім күніне орай, Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніндегі №40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектептің 200 орындық оқу ғимаратының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім ұясының ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, жергілікті тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар құрылысқа жауапты болған мердігер мекеме ...

Читать далее »

Төлебиде қос мектептің ашылу салтанаты өтті

Биылғы жаңа оқу жылына орай, Төлеби ауданында Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық мектеп пен Көксәйек елді мекеніндегі аудандық саз мектебінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Тағайна жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, облыстық мәслихат ...

Читать далее »

Кентауда Білім күніне орай жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Кентау қаласы, Шоқтас ауылындағы жалпы орта мектептің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындары мен балаларды білім күнімен құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Белсенді ауыл тұрғынына өңірдің дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді. Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. ...

Читать далее »

Сауранда жаңа оқу жылында 4 бірдей мектеп ашылды (видео)

Сауран ауданында 1 қыркүйек – Білім күні жоғары деңгейде аталып өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров білім күнінде 4 мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға жиналған көпшілікті білім күнімен құттықтап, оқушыларды еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. – Баршаңызды тағы да бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше күні ...

Читать далее »

Бүгін — Білім күні

Бүгін, 1 қыркүйекте еліміздің барлық мектебінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. Жаңа 2024-2025 оқу жылында елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады, оның 352-сі — бірінші сынып оқушылары. Айта кетейік, биыл күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар ...

Читать далее »

Білім беру тәсілі: Елімізде жаңа оқу жылы қалай басталмақ

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 мыңы – бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды primeminister.kz. Күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Өңірлерде оқытылатын пәніне сәйкес бейінді құрал-жабдықтармен 1 мың кабинетті жарақтандыру жоспарланғанымен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинет жаңартылды. ...

Читать далее »

Түркістан облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Конституция күні және жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу жылына орай өңірде 4 жаңа білім ұясы ашылады. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде бүгін Сабыр Рақымов атындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарымен кездесті. — Тұрғындармен өткен кездесуде осы мектеп ...

Читать далее »

Түлкібаста 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Түлкібас ауданында 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. – Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары елімізде Президентіміздің бастамасымен білім саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның ішінде өңірімізде қазіргі таңда 49 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 29-ы «Жайлы ...

Читать далее »

Білім саласына берері көп жоба

Түркістан облысында биыл бірінші сыныпқа 52 593 бала қабылданады, жалпы өңірдегі мектептерде 530 мың оқушы білім алады. Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан аймақта жаңа оқу жылында мектеп саны 1052-ге жеткен. Жекеменшік 143 мектепте 35 мың оқушы оқиды. Дегенмен демографиялық өсімі жоғары об­лыста мектеп тапшылығы мә­селесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта ауқымды жұмыс­тар атқарылып келеді, шешімін күткен ...

Читать далее »

Білім сапасын арттыру жолы

Астанада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты педагогикалық тамыз саммиті өтті. Онда еліміздегі орта білімнің сапасын көтеру жұмыстарына жан-жақты баға беріліп, осы бағытта жаңа технология­ларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі сөз болды. Мемлекет басшысы былтыр қазан айында Астанада өткен Digital Bridge АТ-форумында жасанды интеллект ғылыми фантастика емес, қалыптасқан шындық екенін, оның еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына мол үлес қоса ...

Читать далее »

Қазығұртта тағы бір жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді

ҚР Конституциясы күні және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенінде 100 орындық «Айнатас» атындағы негізгі орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Атажұрт елді мекеніндегі тұрғындарды мерекемен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Н.Аширов, Қызылқия ауыл округының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қонақбаев , ауыл ...

Читать далее »