Түркістандық студент халықаралық форумда үздік атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық студент халықаралық форумда үздік атанды

Таяуда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату.

Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен  Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия сынды түркі тілдес елдерден студенттері қатысты. қатысты.

Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...