Түркістан облысы

Тау қателікті кешірмейді

Түркістан облысында 2 млн-нан астам халық тұрады. Өңірде күн жылығаннан бастап тауға шығып демалушы туристердің саны көбейеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын облысқа келуші туристер мен демалушылардың саны 1 млн адамға жетеді. Оның ішінде тауға шығатын саяхатшылардың көп бөлігі аймақтағы табиғаты ең көркем «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында демалады. Алайда таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған альпинистер қиын жағдай тап болып ...

Читать далее »

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы және Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа автобустардың желіге қосылу шарасына қатысып, жұмысшы мамандармен кездесті. Салтанатты шара барысында «Жолаушы» ЖШС директоры Рахымжан Еркінов жаңа автобустармен автопарктің мүмкіндіктерін таныстырып, көліктердің артықшылықтарын атап өтті. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 190 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыттарда 300-ге жуық жумысшы еңбек етеді. Жыл соңына ...

Читать далее »

Түркістанда Спорт күні кең көлемде аталып өтті

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Спорт күні» мерекесіне орай футболдан әуесқой командалар арасында тұңғыш рет Түркістан облысының чемпионаты өтті. Чемпионат екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ауылдық округтер деңгейінде өткізіліп, оған облыстың барлық аудан-қалаларынан 186 командадан 3300-ге жуық футболшы қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер екінші айналымға жолдама алды. Мұнда 3 қала мен 14 ауданның құрамалары төрт аймаққа бөлініп, финалдық кезеңге ...

Читать далее »

Туркестан: Информация по ДТП (Дорожно-транспортные происшествия) за 7 месяцев 2025 года

За 7 месяцев 2025 года по Туркестанской области зарегистрировано 716 (за 7 месяцев 2024 года — 575) ДТП, количество которых в сравнении с аналогичным периодом прошлого года возросло на 24,5%. Количество пострадавших в результате ДТП возросло на 28,3% (с 826 до 1060), из них по раненым – рост на 26,7% (с 708 до 897), по погибшим – рост на 38,1% ...

Читать далее »

Түркістан: 2025 жылдың 7 айы жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша ақпарат

2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826-дан 1060-қа дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708-ден 897-ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118-ден 163-ке ...

Читать далее »

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті: Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер кезеңі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістанда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Маңызды жиынға келген облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңірдегі түрлі сала басшылары алдымен инновациялық жобалардың көрмесін аралады. Көрмеде түрлі ғылыми оқулық, мектептерге арналған интеграцияланған цифрлық экожүйе, Қазақстандағы оқушыға арналған алғашқы ЖИ репетитор, кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсететін стартап және басқа ...

Читать далее »

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтуде

Түркістанда өткен дәстүрлі Тамыз кеңесінде жаңа оқу жылына нақты басымдықтар белгіленді. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен дәстүрлі облыстық педагогикалық кеңесінде өңірдегі білім беру саласының негізгі бағыттары, жаңа міндеттері және стратегиялық жоспарлары жан-жақты талқыланды. Алқалы жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сөз сөйлеп, білім саласындағы мемлекеттік қолдаулар мен нақты көрсеткіштерге тоқталды. – Бүгінде, білім беру жүйесінің басты мақсаты ...

Читать далее »

Түркістан облысының мектептерінде буллингке қарсы жаңа жоба басталды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен өңірде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын қолға алды. Бұл жобаны Сайрам ауданында пилоттық жоба ретінде іске асыру арқылы бірқатар оң нәтижеге қол жеткізілді. Нақтырақ айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді. Соңғы 6 айда жасөспірімдермен 8 қылмыс жасалған болса, іс-шара нәтижесінде соңғы 6 айда құқықбұзушылық тіркелмеді. Инспекторлар мен оқушылар арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатылды. Одан бөлек, 55 мектепте ...

Читать далее »

Түркістан облысы: Көпқабатты үйлерде балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауқымды шаралар қолға алынып жатыр

Елімізде жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 179 оқиға тіркеліп, оның 32-сі қайғылы оқиғамен аяқталды. Оқиғалардың негізгі себебі — ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Бұл туралы Түркістан облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Ақылбекұлы мәлімдеді. «Облыс аумағында жыл басынан бері баланың терезеден құлауы бойынша 1 жағдай тіркеліп, 6 айлық нәресте ауыр жарақаттан көз жұмды. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

Түркістанда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде «Жалпы ұлттық құндылық – ел дамуы» жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті. Аталған форум Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылық – ұлттың рухани өзегі екенін айтып, оны сақтау мен жаңғырту – әрбір азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың парызы екенін ...

Читать далее »

Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Елімізде жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 14,5 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында өңірде 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 74 630 азамат жұмыспен қамтылып, оның 36 415-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл – 7 айлық жоспардың 97 пайызы. Жұмыссыздықты азайту және халықты сапалы еңбекпен қамту ...

Читать далее »

Жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған түлектерге берілген мүмкіндік

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау. Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты міндеттеріне айналды. Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» ...

Читать далее »

Түркістанда жылына 120 мың шаршы метр ламинат өндіретін зауыт салынып жатыр

Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында облысқа тартылып жатқан инвестициялық жобаларды көрсету мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры өтті. Шара аясында журналистер алдымен тау-кен өндірісіне қажетті құрылғылар өндіретін «PSI Mineral Technologies» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 20 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 8,33 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілуде. Кейін БАҚ өкілдері толық циклды тоқыма ...

Читать далее »

Түркістан: Отырарда қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолдары сараланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында көшпелі отырыс өткізді. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Жиын барысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, халықпен тығыз байланыс орнату және көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алып, заң аясында ...

Читать далее »

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары Отырардағы кәсіпорындарды аралады

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты. Ең алдымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не арнайы барып, заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырған инвестициялық жобаның тиімділігін көзбен көріп, кәсіп иелерімен кездесті. Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын ...

Читать далее »

Туркестан: В Отыраре прошел праздничный вечер, посвященный Шамши Калдаякову

В этом году исполняется 95 лет со дня рождения автора Государственного Гимна РК, народного артиста Казахстана, Героя труда, великого композитора Шамши Калдаякова. В честь этого в его родном Отыраре прошел концерт «Әнім сен едің». На торжественном собрании с приветственным словом выступил заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, который отметил высокую значимость мероприятия на родине короля казахского вальса. Литературовед, доктор филологических ...

Читать далее »

Түркістан: Отырарда Шәмші Қалдаяқовқа арналған мерекелік кеш өтті

Биыл ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл! Осыған орай туған жері Отырарда «Әнім сен едің» атты концерт өтті. Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, тарихи өңірде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек ...

Читать далее »

Түркістан облысында туризм саласына 60 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылады

Облыста қазіргі қонақ үйлердің саны 245-ке, демалыс орындарының саны 298-ге және емдік-сауықтыру кешендерінің саны 117-ге жетті. 2025 жылдың I тоқсаны бойынша қонақ үйлерге жайғасқан туристер саны 61,3 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,5%-ға өскен. Бұл туралы өткен брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді. «Өңірде жыл басынан бері туризм саласындағы қызмет көлемі 1,5 млрд теңгені құрап, өткен ...

Читать далее »

Түркістан: ҚХА-ның «Салауатты сана» жобасы аясында «Бес нәрседен қашық бол» тақырыбында іс-шара өтті

Бүгін Түркістандағы «Достық үйі» ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жоспарына сәйкес, «Салауатты сана» жобасы аясында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Бес нәрседен қашық бол» тақырыбында іс-шара өтті. Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті. Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді ...

Читать далее »

«Достық керуені» жобасы аясында Түркістанда ақпараттық-насихаттық кездесу өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті. «Достық керуені» жобасының мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, ...

Читать далее »