Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің орындалу тиімділігін арттыру және сотқа дейінгі дауларды реттеу тетіктерін дамыту мәселелеріне арналған маңызды жұмыс отырысы өтті. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов жүргізіп, модераторлық етті. Басқосуға аудан прокуратурасының, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, ...
Читать далее »Түркістан облысы
Түлкібас ауданындағы сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауына дайындық жұмыстары Түлкібас ауданында жүйелі түрде жүргізілуде. Сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығын бақылау мақсатында мониторинг тобы аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, олардың әзірлігін тексерді. Аралау барысында сайлау учаскелерінің жалпы жағдайы, қажетті инфрақұрылымның дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, ақпараттық материалдардың талапқа сай орналастырылуы және сайлаушылар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы назарға алынды. ...
Читать далее »Төлеби ауданындағы сайлау учаскелері дайындығы тексерілді
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы Төлеби ауданына барып, алдағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты. Инспекция барысында сайлау комиссияларының жұмысы, учаскелердің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, цифрлық жүйелерді қолдану және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Тексеру №731 сайлау учаскесінен басталып, дауыс беру процесін заң талаптарына сай ұйымдастыру және комиссия мүшелерінің дайындығы бағаланды. Ауданда сайлауға 70 комиссия, құрамында ...
Читать далее »Құрылтай сайлауына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті
Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы бойынша арнайы жиын өтті. Жиында сайлау учаскелерінің әзірлігі, ақпараттық-насихат жұмыстары, қоғамдық-саяси ахуал мәселелері қаралды. Жауапты бөлімдерге сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық және санитарлық жағдайы, интернет және резервтік электр көздерімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді. Сайлау күні ...
Читать далее »Нұралхан Көшеров Ордабасылық тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері және жеке қабылдаулары тұрақты жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, кезекті кездесу Ордабасы ауданында жалғасып, аудан тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Жеке қабылдау өткізіп, мәселелерді шешу жолдарын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді шешу бойынша сапалы жұмыс атқаруды тапсырды. Кездесу барысында облыс әкімі ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, ...
Читать далее »BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды
Түркістан облысының кәсіпкерлеріне BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. 2026 жылғы 4 тамызда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерге арналған BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктерін таныстыру бойынша онлайн-презентация өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңір кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» әзірлеген BusinessGO платформасының мүмкіндіктерімен таныстыру, бизнесті жүргізуге арналған заманауи цифрлық шешімдерді көрсету, кәсіпкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және цифрлық сервистерді ...
Читать далее »Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлері мен инвесторларының қатысуымен «Қаржылық шешімдер және бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында бизнес-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға өңір кәсіпкерлері, «ЦентрКредит» банкінің және «ҚазСтандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – бизнес өкілдерін заманауи қаржыландыру тетіктерімен, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған құралдармен, мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен және қауіпсіз банктік қызметтермен таныстыру. Жиын барысында «ЦентрКредит» банкінің мамандары лизингтік ...
Читать далее »Түркістанда Абай мұрасы насихатталды
Түркістанда Абайдың туған күніне орай тағылымды іс-шара өтті. Жиналған көпшілік алдымен ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерінен әдеби композиция ұсынды. «Абай әлемі: Ойдан-өнегеге» тақырыбында кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кемеңгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын әдебиеттер мен көркем туындылар қойылды. Ұйымдастырушылар жиналғандарға «Абай жолы» роман-эпопеясын сыйға тартты. Одан кейін Абайдың рухани мұрасын ұлықтауға арналған ...
Читать далее »Түркістанда Абай күніне орай рухани-мәдени іс-шара өтті
Бүгін Түркістан қаласының Мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға қаланың белсенді жастары мен пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты. Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов арнайы қатысып, Абай күнінің жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі айрықша маңызына тоқталды. Кеш барысында ұлы ақынның тағылымды шығармалары ...
Читать далее »В Туркестане почтили наследие Абая и подарили молодежи роман «Путь абая»
В городе Туркестане состоялась церемония возложения цветов к памятнику великого поэта, мыслителя и просветителя Абая Кунанбайулы, приуроченная ко дню его рождения. В мероприятии приняли участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, представители интеллигенции, ветераны, деятели культуры и искусства, молодежь и жители города. Сначала участники торжественного собрания отдали дань уважения памяти великого поэта и возложили цветы к его памятнику. Выступивший со вступительным ...
Читать далее »Түркістанда Абай мұрасы ұлықталып, жастарға «Абай жолы» сыйға тартылды
Түркістан қаласында ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен салтанатты жиынға қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шарада алғысөз алған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жиынға қатысушыларды ...
Читать далее »Сарыағашта «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары жалғасуда
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны абаттандыру және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Кезекті сенбілік барысында аудан аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, елді мекендердің ішкі көшелері, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылды. Сонымен қатар арық-атыздар қоқыстан аршылып, жол жиектеріндегі шөптер шабылды. Ретсіз өскен бұталар ретке ...
Читать далее »Полиция басшылығы қоғамдық тұрақтылық мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Шералы Әділханұлының қатысуымен Шардара ауданында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынға аудан әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді тұрғындар қатысты. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға жол бермеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау бағытындағы жұмыстар ...
Читать далее »Әскери қызметшілермен Абай мұрасы талқыланды
«Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында «Түркістан» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілеріне арнайы танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақын мұрасы жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар Абайдың Жетінші қара сөзі оқылып, оның тәрбиелік мәні мен философиялық мазмұны кеңінен талқыланды. Әскери қызметшілер қара сөзде көтерілген білімге ұмтылу, ізденіс, адамгершілік ...
Читать далее »«Балауса» лагерінде Абайға арналған танымдық бағдарлама өтті
«Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде ойын-сауық және танымдық бағдарлама өтті. Іс-шара барысында балаларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі таныстырылып, ақынның әдеби мұрасы мен рухани әлемі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Танымдық бөлімде қатысушылар екі топқа бөлініп, өзара білім сайысында бақ сынады. «Абайды білесің ...
Читать далее »«Әнді сүйсең, менше сүй…» акустикалық кеші өтті
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталығы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ән мұрасын дәріптеуге арналған «Әнді сүйсең, менше сүй…» атты акустикалық әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш барысында өнерпаздар Абайдың жүрекке жол табар сырлы әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Ән мен поэзия үндескен тағылымды кеште ұлы ақынның шығармашылық ...
Читать далее »850 қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады. Осы бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізіп, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қойылған ...
Читать далее »ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады
2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н.М. Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапардың басты мақсаты — алдағы 2026 жылғы 23 тамызғажоспарланған ҚР Құрылтайы сайлауының өңірде қалай ұйымдастырылып жатқанын көзбен көріп, жергілікті комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету. Төраға өз сапары барысында Түркістан қаласындағы №133 және №951, сондай-ақ Кентау қаласындағы №39 мен №44 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. ...
Читать далее »Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу мәселелері бойынша Түркістан облысында аудандық, қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚР ОСК Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Е.С. Абдақасов, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты. Семинарға Түркістан облыстық аумақтық сайлау ...
Читать далее »Полицейлер тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістан қаласында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде Осы мақсатта Түркістан қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары А. Қайырбекова мен М. Құттыбаева, ювеналдық полиция тобының инспекторы П. Ердәулет, Отбасы қолдау орталығының психологі Н. Сұлтанова мен Жастар ресурстық орталығының басшысы Ә. ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары