Түркістан: Отырарда Шәмші Қалдаяқовқа арналған мерекелік кеш өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Отырарда Шәмші Қалдаяқовқа арналған мерекелік кеш өтті

Биыл ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл! Осыған орай туған жері Отырарда «Әнім сен едің» атты концерт өтті.

Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, тарихи өңірде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек және Шәмшінің қарындасы Райхан Домбаевалар Отырар өлкесінде дүниеге келіп, қазақ даласын әнімен тербеткен ұлы композитордың әндерін насихаттауға бағытталған шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтты.

Алдымен қонақтар орталық алаңдағы ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан соң жиналған көпшілік Шәмші музей-үйі ұсынған жәдігерлермен танысты. Онда біртуар тұлғаның музыкалық аспаптары, жеке заттары қойылған. Арнайы дайындалған кітап көрмесін де, белгілі суретші Мәлік Әлмаханның туындыларын да тамашалады. Өнер кешінде ұлы композитордың өмір жолы насихатталып, өміршең әндері шырқалды. Досымжан Таңатаров, Мирас пен Құралай, Хадиша Шалабаева, Еркін Нұржанов, «Меломен» тобы бастаған қазақ өнерінің жарық жұлдыздары мен Шәмшінің есімін иеленген облыстық филармония ұжымы естен кетпес кеш сыйлады.

Ұлы композитордың әрбір әнінің өзіндік сыры, тарихы бар. «Сыған серенадасы», «Өмір-өзен» сынды әндерінің тарихы сазгердің соқтықпалы, соқпақсыз өмірінен сыр шертеді. Кеш соңы әншілер тобы орындаған «Шалқыған Шәуілдір» әнімен қорытындыланды. Шәмшінің әуені мен Отырардың шежіресі ұрпақ жадында мәңгі жаңғыра бермек.

Айта кетейік, облыс тарапынан Шәмшінің есімін жаңғырту бағытында жүйелі жобалар іске асуда. Екі жыл қатарынан Алматыдағы Республика сарайында, Астанадағы «Қазақконцерт» залында филармония ұжымы «Ән аға – жан аға» ән кешін өткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...