Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары Отырардағы кәсіпорындарды аралады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары Отырардағы кәсіпорындарды аралады

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты.

Ең алдымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не арнайы барып, заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырған инвестициялық жобаның тиімділігін көзбен көріп, кәсіп иелерімен кездесті.

Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды.

Аралау барысында Ертай Кенжебекұлы жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, жұмысшыларды қажетті жатын орындарымен қамту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтеріп, жауапты тұлғаларға аталған жұмыстардың орындалуын қадағалауды тапсырды.

Сапар аясында Шәуілдір ауылындағы орталық спорт алаңының құрылысын аралап, жөндеу жұмыстарын қадағалады. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп бірқатар міндеттер жүктеді. Мердігерлер облыс әкімінің орынбасарына жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. Орталық алаңшаның ағымдағы жөндеу жұмысы маусым айында басталып, тамыз айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Мұнда ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, футболдан түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.

Айта кетейік, өткен жылы облыста 73 спорт нысанының құрылысы аяқталса, биыл 51 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...