Түркістан облысы — Страница 30 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан: Ордабасыда өткен жаппай сенбілікке 10 мың адам қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданында «Жасыл болашақ» айдарымен ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен түрлі сала мамандарынан жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты. ...

Читать далее »

Түркістан: Жетісайда өткен жаппай сенбілікте 25 тонна қоқыс шығарылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде жалпыхалықтық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында аудан көлемінде «Жасыл болашақ» айдарымен ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен түрлі сала мамандарынан жалпы саны 15 мыңға жуық адам ...

Читать далее »

Түркістан: Мақтааралда «Жасыл болашақ» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» акциясы ұйымдастырылып, Мақтаарал ауданында кең көлемді сенбілік жұмыстары жүргізілді. Аталған игі шараға мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары белсенді түрде қатысып, жалпы саны 10 мыңға жуық адам өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында аудан аумағында санитарлық-тазалық жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Атап айтқанда, орталық саябақтар мен скверлер, гүлзарлар, республикалық ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы уран компаниясы жаңа белесті бағындырды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты. Атап айтқанда, спорт кешені, асхана, демалыс аймақтары, тұрғын блоктар мен жаттығу залы көрсетіліп, компанияның қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ мерейтойға орай орнатылған арнайы монументтің ашылу рәсімі өтті. Бұдан кейін мәртебелі меймандар ...

Читать далее »

Түркістан облысында рейдтік шаралар нәтижесінде 1600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Түркістан облысының полицейлері республиканың 3 өңірінен келген қызметкерлермен бірлескен алғашқы жұмыс күнін қорытындылады. Нәтижесінде бір тәулікте 1600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Заң талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шара көріліп, 129 көлік айыптұраққа қойылды. Анықталған деректер арасында — ұялы телефон пайдаланудың — 113, жүргізу құқығынсыз рөлге отырудың — 28, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің — 18, қарсы бағытқа шығудың — 2, мас ...

Читать далее »

Түркістан облыстық прокуратурасында жастарға арналған “Ашық есік күні» өтті

Түркістан облыстық прокуратурасында жастарға арналған “Ашық есік күні” өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Аталған шараға 60-қа жуық жас қатысып, прокуратура органдарының қызметі, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықтың сақталуын қадағалау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында облыс прокурорының орынбасары ...

Читать далее »

Түркістан қаласының бас қақпасында алып тайқазан орнатылып жатыр

Түркістан қаласының кіреберіс қақпасында алып Тайқазан орнатылып жатыр. Нысанның биіктігі — 10,4 метр. Қаңқасы — металл, ал сырты шыныталшықпен қапталуда. Сонымен қатар, тайқазанның бетінде түпнұсқасындағы Құран аяттары мен Пайғамбар хадистері, сондай-ақ «Құтты, берекелі болсын» және «Бүкіл жаратылыстың иесі – Алла!» мәтіндері жазылуда. Бұдан бөлек, аумақта жол инфрақұрылымы ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, жарықтандыру жүйесі және жол белгілері орнатылуда. Түнгі ...

Читать далее »

Түркістан: Ордабасы ауданындағы жайылма ауылына табиғи газ берілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізді. Бүгінде ауылдағы 60 абонент көгілдір отынға қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Ауыл — ел бесігі» жобасымен 2500 шақырымға жуық елді мекен көшелері жаңарды

ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Түркістан облысында жоба аясында 2019-2025 ...

Читать далее »

Түркістанда сана биігіндегі заңғар тұлға Мұхтар Шахановты еске алу кеші өтеді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановты еске алуға арналған «Сана биігіндегі заңғар тұлға» атты тағылымды кеш өтеді. Бұл рухани басқосу барысында заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры, елдік мүдде жолындағы ерен еңбегі мен бай әдеби мұрасы кеңінен насихатталып, жүрекке жеткен жырлары оқылып, ұлт рухын асқақтатқан ойлары дәріптеледі. Мұхтар Шаханов — ...

Читать далее »

Шетелдік инвесторлар Түркістан облысында флоат-шыны өндірісін іске асыруды көздеп отыр

Түркістан облысында шетелдік инвесторлар жаңа флоат-шыны өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаны жіті зерделеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, жер және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын талқылады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 220 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде ...

Читать далее »

Түркістан облысында шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесі басқа облыстарда қолданылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін басқа облыстарда қолдану жоспарланған. Тәжірибе алмасу мақсатында өңірлердің Түркістан облысына іссапарлары жалғасуда. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің салаға жауапты өкілдерінен құралған делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған аймақтарды аралады. Іссапар барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, кәсіпорындардың жұмысын ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы тоңазытқыш шығаратын зауыт кеңейтіліп, жылдық қуаты 50 мың данаға жетеді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «UBC Group» компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Келіссөз барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Әсіресе, «UBC Group» компаниясының қатысуымен іске асқан ...

Читать далее »

Әдеп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты

Мемлекеттік қызметшілер– мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың төрағалығымен өткен жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол ...

Читать далее »

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған бастама

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасы аясында кәсіпкерлерге арналған мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жергілікті өнім өндірушілер қатысты. Семинардың басты мақсаты – жергілікті өнімдерді дамыту, оларды брендке айналдыру және ішкі әрі сыртқы нарыққа шығару жолдарын түсіндіру болды. Қатысушылар өнімді дұрыс позициялау, маркетингтік стратегия ...

Читать далее »

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Түркістан қаласында Қырғыз Республикасынан келген делегация Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметімен танысты. Кездесу Палата ғимаратында өтіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен кәсіпкерлікті дамыту бағыттары жан-жақты талқыланды. Іс-шара барысында қатысушыларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл құралдары, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жүйелі шаралар таныстырылды. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәжірибесі мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы кеңінен ...

Читать далее »

Қазақстан мен Германия серіктестігі агробілім мен агроөндірісті жаңа деңгейге көтеруде

Бүгін Түркістан облысында аграрлық білім мен өндірісті ұштастыруға бағытталған маңызды халықаралық алаң – «Қазақстан – Германия серіктестігі аясында агроөндіріс пен агробілімді интеграциялау» тақырыбындағы форсайт-семинар өз жұмысын бастады. Аталған іс-шара Түркістан облысының білім басқармасының жылдық жоспары аясында ұйымдастырылып, «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен Германиядағы Вайенштефан–Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нақты көрінісіне айналды. Халықаралық деңгейдегі ...

Читать далее »

Түркістанда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта қала аумағында абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, орталық көшелер, саябақтар мен аллеялар біржылдық гүлдермен көмкеріліп, шаһардың көркін арттыруға басымдық берілуде. Сонымен қатар жасыл ...

Читать далее »

Ордабасыда ауқымды экоакция өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданының экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту мақсатында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза аула» апталығы шеңберінде өтті. Экологиялық акция Темірлан ауылындағы Самал ықшамауданында өтіп, онда 300-ден астам адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бірдей атсалысып, өз ...

Читать далее »

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың жұмысын бақылау және құқық бұзушылықтарды бейнебақылау арқылы анықтап, жергілікті полиция қызметкерлеріне хабарлаумен айналысады. Бүгінгі таңда облыс бойынша ахуалдық орталыққа жалпы 824 бейнекамера қосылған. Бұл жайында мекеме басшысы Талғат Әшірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Мекеме тарапынан облыс аумағында ауқымды шаралар ...

Читать далее »