Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы және Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңа автобустардың желіге қосылу шарасына қатысып, жұмысшы мамандармен кездесті.

Салтанатты шара барысында «Жолаушы» ЖШС директоры Рахымжан Еркінов жаңа автобустармен автопарктің мүмкіндіктерін таныстырып, көліктердің артықшылықтарын атап өтті.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 190 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыттарда 300-ге жуық жумысшы еңбек етеді. Жыл соңына дейін қосымша 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандармен кездескен қала басшысы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келген сала өкілдеріне алғысын білдіріп, медалдармен марапаттады.

-Жылдар бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін жүргізушіден бастап техник-механикке, диспетчерден кондукторға дейін – барлығыңыз маңдай термен қаламыздың дамуы мен халықтың игілігіне қызмет етіп келесіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Автопарк бүгін көптен күткен 16 жаңа заманауи автобуспен толығып отыр. Жыл соңына дейін қосымша 10 жаңа автобус алуды жоспарлап отырмыз,- деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Айта кетейік, қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жаңа автобустар заманауи үлгіде бейнебақылау камерасымен, кондиционермен, электронды билет жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы пандустар қарастырылған.

Сондай-ақ, шараға Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Рахым Көлбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге «Алғыс хат» табыстады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...