Түркістанда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде «Жалпы ұлттық құндылық – ел дамуы» жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті. Аталған форум Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылық – ұлттың рухани өзегі екенін айтып, оны сақтау мен жаңғырту – әрбір азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың парызы екенін жеткізді.

Іс-шара аясында «Ұлттық құндылық – ұлттың ұлы мұраты» атты облыстық идеялар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жалпы байқауға 51 жоба ұсынылып, оның 17-сі үздік деп танылды. Байқау қорытындысы бойынша 1-орын «Киіз өндіру – ұлттық өндіріс, тұрақты табыс көзі» жобасына бұйырса. 2-орын «Рухани мұраны заманауи үлгіде дәріптеу» жобасына, ал 3-орын «Ұлы Дала жауһарлары» жобасына берілді.

Форум барысында қазақстандық этнодизайнер Тілек Сұлтанның арнайы «Көненің көзі» атты ұлттық киімдер коллекциясы көрермен назарына ұсынылды.

Сондай-ақ форумда Абай еліндегі республикалық «Жеті қазына» байқауының жеңімпазы Ақмарал Асанқызы, айтыскер ақын Біржан Байтуов, «ҚР мәдениет саласының үздігі, қолөнерші Айдарша Мереке, салт-дәстүр танушы эксперт Гүлшат Жаханқызы сынды елге танымал спикерлер маңызды баяндамалар жасады. Олар қазақ қолөнері, ұлттық киімдер, отбасылық тәрбиенің маңызы және той мәдениеті секілді ұрпаққа аманат болатын асыл мұраларды боямасыз жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...