Тау қателікті кешірмейді — Xnews — ақпарат агенттігі

Тау қателікті кешірмейді

Түркістан облысында 2 млн-нан астам халық тұрады. Өңірде күн жылығаннан бастап тауға шығып демалушы туристердің саны көбейеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын облысқа келуші туристер мен демалушылардың саны 1 млн адамға жетеді. Оның ішінде тауға шығатын саяхатшылардың көп бөлігі аймақтағы табиғаты ең көркем «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында демалады.

Алайда таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған альпинистер қиын жағдай тап болып жатады. Ал, мұндай жағдайларда көмекке келетін Төлеби ауданы, Леңгір қаласында орналасқан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы бар. Жасақтың қазіргі таңда штаттық саны – 42. Оның ішінде құтқарушылар – 34, судан құтқарушылар – 4, кинологиялық есеп – 4. Ресми мәліметтер бойынша соңғы 5 жылдың көлемінде облыс аумағындағы таулы аймақтарда жалпы 37 рет іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 128 адам құтқарылған. Сондай-ақ, 11 адамның денесі табылған. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта демалушыларға тауда жүрудің қажет нұсқауларын ұсынады.
— Таулы аумақта бақылау-өткізу бекеттері болған жағдайда міндетті түрде тіркеліп өту;
— Аралайтын аумақтың маршруттық картасын жаныңызда алып жүру;
— Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мейілінше экскурсия ұйымдастырушыларының немесе гидтердің бастамасымен жүріп отыру;
— Тау беткейлерінде жүру маршруттарын нұсқап көрсететін белгілермен ғана жүру қажет;
— Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су және компас алу;
— Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауға жолсеріксіз шықпау;
— Қысқы уақытта таулардағы қар көшкінінен, жазғы уақытта тастардың құлауынан сақ болыңыз;
— Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз тәулік бойы жұмыс істейтін құтқару қызметі 112 нөміріне хабарласуды ұмытпаңыз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...