Күш атасы Қажымұқанның көйлегін жетпіс жыл рахаттанып жамылған Рахат аға Ұлылар, ұлыларға жөн сілтеп тұратындай. Былтыр Ұлы хан Абылайдың 300 жылдық тойы дайындығымен жүріп Ақмола облыстық Ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Хойшиннің кабинетінде, үстел үстінде жатқан Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің бетіндегі, орасан үлкен көйлек киіп тұрған адамның суреті көзіме оттай басылды. Мараттан сұрасам ол, күш атасы Қажымұқанның көйлегі Көкшетауда ...
Читать далее »Тарих
Күш атасы – Қажымұқан (Батырхан Ескермесовпен сұхбат. 18.03.2011ж)
Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезі, Қараөткел болысына қарасты Қоспа елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған. Омбыдағы цирктің ашылуынан хабардар болған Мұқан 1889 жылы ат басын осы қалаға бұрып, Злобин палуанмен күш сынасып, жеңісті қанжығасына байлады. Злобиннің ақыл-кеңесіне сүйеніп, Петербордағы Тадевско-Лебедев атындағы мектепте француз күресін меңгереді. 1890 жылы Киев қаласында өткен халықаралық турнирде ...
Читать далее »Қажымұқан қанша келі көтерген?
Бір деректерден батыр бабамыз Балуан Шолақтың өз заманында 51 пұт болатын ауыр тасты көтергенін оқыдым. Бұл рас па? Сондай-ақ Қажымұқан бабамыз қанша көтерді екен? Қазақ күресін, қазақ батырларын зерттеп жүрген ғалым Елемес Әлімханұлының еңбектеріне сүйенсек, Балуан Шолақ 20 жасында 51 пұт (1 пұт=16 келі) гір, яғни 816 келіні көтерген екен. Барлығы 816 келі болатын алты тасты біріктірген Балуан Шолақ алдымен ...
Читать далее »Қажымұқан таңдаған жер
Ауданнымызда киелі жерлер көптеп кездеседі. Соның бірі – Көктөбе ауылындағы «Нұралы бастауы». Бұл бұлақ ертеректе «Қарабастау» деп аталған екен. Олай аталуы, суының мұздайлығы мен мөлдірлігінде жатса керек. Бұрқыраған бұлақтан сарқырап аққан су маңайындағы терең сайға құйылып, тұнық көл іспеттес болып жатады. Түбі терең болғандықтан, табаны көрінбеген бұлақ суы көзге қап-қара болып шалынады. Содан ел «Қарабастау» деп атап кетсе керек. Ауыл ...
Читать далее »Қазақтың Қажымұқаны
Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын – жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, еңбек қаһармандары, өнер мен спорт саңлақтары… Соның бірі қазақтың ұлы перзенті, қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің асқан шебері – Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ. ің чемпионы Иван Шемякин екеуі барды. Аргентинаның астанасы Буэнос – Айрес ...
Читать далее »Қажымұқанның 150 жылдығына орай конференция ұйымдастырылды
«Zoom» платформасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews «Aqmolanews.kz» сайтына сілтеме жасап. Шараға Қазақстан Грек-рим күрес федерациясы басшыларының, Түркия, Моңғолия, Иран, Қытай және т.б. елдер өкілдерінің, балуанның туыстары, шәкірттері, ғалым-профессорлардың, Ақмола облысы зиялы қауымының, облыстағы спорт жанашырлары қатысты. Конференцияны кіріспе сөзімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов ...
Читать далее »Қажымұқандай күшті адам қазақта ғана болған
1. Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз теңдессіз өнерімен әлемнің 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған екен. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды. Қажымұқанның күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді. 2. Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі көрінген шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы дүниежүзілік сайыста әлем чемпионы атанды. Сол ...
Читать далее »Қазақта Қажымұқаннан да күшті кісілер болған
Қазақтың абыройын жер-жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты: – Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме? Сонда Қажекең:– Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, – деп әңгімесін бастапты. – Осындағы бір азамат жалғыз ...
Читать далее »Қажымұқанның құпиясы
Бірде Қазалыда жауапты қызметтер атқарған Өмірзақ Ахметовті арнайы іздеп бардым. Қасымда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан. Өмекең темірдей тәртіпті сүйетін кісі екен, тоқсанның төріне шықса да жинақы, қуатты, шебер сөйлейтін болмысын байқатып отырды. Сондықтан ауылдағылар оның үстінен асып бара қоймайтын, аяқ тартыңқырайтын ұқсайды. Менің сырт жерден келгенімді сыйлағаны шығар, ашық әңгіме құрдық. Соның ішіндегі мына ...
Читать далее »Балуан Шолақ пен Қажымұқан неге күреспеген?
Қажымұқанды зерттеуші ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлімқұл Бүркітбаевтың 1990 жылы «Жалын» журналы басқан «Қажымұқан» атты мақаласында Балуан Шолақ пен Қажымұқанның күресе жаздаған оқиғасы баяндалған. Ұлытау өңірінде атақты Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ, Қажымұқан үшеуі бас қосып, даланы ду-дыруға бөлегені жайлы айтылады. Бірін-бірі көріп басқосуға ынтазар болып жүрген қазақтың арыстары алқа-қотан отырып өнер көрсетеді. Балуан Шолақ білектей темірді арқан сияқты білегіне ...
Читать далее »Мен көрген Қажымұқан
…Осыдан 30 жыл бұрынғы көрініс. Бір күні әкеміз үйге қонақтарды бастап келді. Орталарында – ертегілердің кейіпкеріндей еңгезердей дәу адам. Ауылымыздың «міне!» деген алпамса жігіттері оның қасында төмен көрінеді екен. Дастархан үстінде «қонағымыз – Қажымұқанның кинодағы ролін ойнаған Әлеухан Бекболатов деген жігіт…» деп таныстырды әкеміз. «Екі иығына екі адам мінгендей, мынадай да кісі болады екен-ау!» деп таң қалысып біз отырмыз. Байқасақ, ...
Читать далее »Қажымұқан «Алашордалықтардың» қаржылық демеушісі болған
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Қажымұқанның «Алашордашылардың» рухани демеушісі болғанын алға тартады. «Қажымұқан – «Алашордашылардың» рухани демеушісі. Сондай-ақ, ол кісі «Алашорданың» барлық жиындарына қаржылай көмек берген. Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сияқты тұлғалармен өте тығыз қарым-қатынаста болған. 1905 жылы «Алаш» идеясымен таныстыру үшін Қажымұқан Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсеткен. Қажымұқанның өнерін көреміз деп жиналған жұрт петицияға қол қойған. Сондай-ақ, ...
Читать далее »Өзіміздің Қажымұқанымыз ғой
ОРДАБАСЫ – МЕКЕНІМ…Бала кезден білген едім, қасиетті екенін!.. Еуропаның әсем қалаларының бірі – мақтаулы Парижде классикалық күрестен әлем біріншілігі өтуде. Қатысушылардың қара күштерін таразылап, жер-жаһаннан жиналған атақты палуандардың бойындағы мүмкіндіктерін байқау мақсатында ұйымдастырылған айрықша дода ғой. Бүкіл ғұмырларында көрмегені қалмаған және талғамы тау асып кеткен француз жанкүйерлері қара нар үстіндегі қазақтың кең кеуделі алып баласын көріп, таңданыс танытуда. Жиналған жұрттың ...
Читать далее »Балуан қалай Қажымұқан атанды?
“Күш атасы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан 12-13 жасында 20 жастағы жігіттей алып тұлғалы болған балуан – шынымен де қажылығын өтеген қазақтың бірі. Әлем чемпионы атанған спортшы дінге жақын, иманды жан болған. Қажымұқанның бірінші әйелі – орыс қызы Надежда Чепковская. Мұқан өзге қазақ зиялылары тәрізді некесін мұсылманша қидырып, әйелі Надеждаға Ислам дінін қабылдатады. Есімін өзгертіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті қызы Фатиманың ...
Читать далее »Қажымұқан туралы шындық
Қазақ халықының ұлттық батыры, қазақты әлемге танытқан палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы 150 жасқа толып отыр. Французша және еркін күрестен көптеген халықаралық және әлем чемпионаттарына қатысып, батыс және шығыс Европа, Оңтүстік Америка мен Таяу және Орта Шығыс Азия елдерін аралап жауырыны жерге тиіп көрген жоқ. Стамбұлда түріктің жауырыны жерге тиіп көрмеген ең атақты палуаны Нуруллахты жеңген соң, Стамбұлдың билеушісі Шәкір-паша «Қажы» атағын ...
Читать далее »Қажымұқан – қазақтың халық батыры
Дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетін аралап, мойнына 56 медаль тағып, әлем чемпионы деген атақты тұңғыш иеленген қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Ал, зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп санайды. Біз біраз деректерге сүйене отырып, палуанның туған жеріне емес, туған жылына қатысты бірінші нұсқаны дұрыс ...
Читать далее »Әлемді мойындатқан күш атасы Ордабасыда жатыр
Темірлан жұрты аса қастерлейтін, бүкіл ордабасылықтар мақтан тұтатын жауырыны жерге тиіп көрмеген алып қазақ – Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. ...
Читать далее »Палуанның табаны, жазушының қаламы
Қажымұқан шарлаған аймақтарда қалған із бен ол туралы хикаяға үңілгенде… Көргенін көңілге түйгенБалалық шақта сүйсіне оқыған кітабымыздың бірі Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі еді. Даңқы дүниежүзіне тараған палуанның балалық шағынан бастап соғысқа ұшақ жасап беретін мәрттігіне дейін суреттелген хикая ғой. Қажымұқанның табаны тиген қалалардың бірқатарын беріде көрдік. Омбы, Қазан, Петербург, Мәскеу қалалары, Франция, Германия, Түркия, Австрия елдері, Арабия өңірі, Америка құрылығында ...
Читать далее »Қажымұқан балуанның түрлі-түсті видеосы
Даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының түрлі-түсті видеосы жарияланды. Видеода палуан өзге әріптестерімен бірге айналып жүріп, камераға түскен. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге Қайсар Жанболат жүктеген. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезі, Қараөткел болысына қарасты Қоспа елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған. Омбыдағы цирктің ашылуынан хабардар болған Мұқан 1889 жылы ат басын осы қалаға бұрып, Злобин палуанмен ...
Читать далее »Қ.Әміржанов: Ол — қазақтың ұлы (22.09.2010ж)
Қажымұқан өзінің бір отырысында әндетіп айтқан: Сұрасаң арғы атам ұзын қыпшақ, Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ. Шын бабам қарақыпшақ Қобыланды, Тең келер ондай ерге қандай қазақ. («Күш атасы», 157-бетте). Осы қысқаша ғана берілген шумақта өзінің арғы заты, ата-бабалары қазақ тарихында болған белгілі тұлғалар екені менмұндалап тұр. Оған талас жоқ. Бертін келе кейбір жерде, тіпті қазақтың зиялы азаматтарымен кездесіп қалсақ: «Осы ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
