Түркістанда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Осы бағытта қала аумағында абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, орталық көшелер, саябақтар мен аллеялар біржылдық гүлдермен көмкеріліп, шаһардың көркін арттыруға басымдық берілуде.

Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жүйелерін тиімді ұйымдастыру және жаңа көшеттер отырғызу жұмыстары тұрақты бақылауда. Қаладағы көгалдандыру деңгейін арттыру мақсатында тиісті мекемелер тарапынан кешенді шаралар қабылданып келеді.

Бұдан бөлек, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және тазалықты сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, бүгінгі таңда қала аумағында 45 мыңнан астам ағаш, 1,5 миллионға жуық гүл егілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...