Қазақтың Қажымұқаны

Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын – жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, еңбек қаһармандары, өнер мен спорт саңлақтары… Соның бірі қазақтың ұлы перзенті, қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің асқан шебері – Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ.

ің чемпионы Иван Шемякин екеуі барды. Аргентинаның астанасы Буэнос – Айрес қаласында еркін күрестен өткен жарыста үлкен медаль алып қайтты. Бұл бәсекелерде Мұқан жарысты ұйымдастырушылардың ұйғаруымен бірде «жапон Ягамата Муханура», енді бірде «Муканов – Муханура» болып күресіп жүрді. 1911 жылы Түркияға барып, Стамбулда түріктің атақты палуаны Нұрлыны жыққаны үшін «қажы» атағы беріліп, содан бастап Қажымұқан атанды. Палуандарға арналған «Геркулес» журналында сол кезде «Палуандық асқан қасиеті үшін оған «қажы» есімі берілді. Бүкіл дүние жүзіне атағы жайылған Мұқанов – Муханура бұдан былай «Қажымұқан» деген атпен күресетін болды» деп жазылды.

Мұқан бұл есіммен күреске Ресейде бірінші рет (1912ж 3 мамыр) Саратов қаласында ағайынды Никитиндер циркінде шықты (Қазақ халқының тарихи тұлғалары. Ал., 2013.2 кітап. 232-233 б).

Әр палуанның бар мүмкіндігі толық ашылатын кезеңі болады. Қажымұқанның толысып, өте шебер күрескен уақыты 1913-1916 жылдар. Бұл жылдары кәсіпқой палуандардың арасында өткен біріншіліктерде жерлесіміз үшінші орыннан төмен түспеген. 1913 жылы Тройцк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өтеді. Қажымұқан осы чемпионатта он сегіз палуанмен күресіп, соның бәрін де жығып әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1914 жылы көктемде Америкаға кетіп бара жатқан палуандар Парижде американдық еркін күрестен дүние жүзінің чемпионаты өтеді дегенді естідде, оларды бастап бара жатқан Жак Герман Қажымұқанды осы жарысқа қосады. Жарыстың барысында ол қарсыластарының бәрін ұтып, дүние жүзінің еркін күрестен чемпиондығын жеңіп алады («Русский спорт» 1914, № 24). Сол жылы Уфа қаласындағы ірі жарыста жеңімпаз болады.

Анықтап алатын тағы бір мәселе – Қажымұқанның жапондық Саракики Джиндофумен айқасы. Қажымұқан 1910-1912 жылдары Георг Лурихпен бірге Джиу-джица (карате) күресін үйренеді. Ал 1916 жылы 31 тамызы күні Харбин қаласында Джиу-джица күресінен дүние жүзінің біріншілігі өтеді, міне, осы жарыстың финалында Саракики Джиндофу мен Қажымұқан кездесіп, жерлесіміз жеңіске жетеді.

Сол кездегі спорт жарыстары тарихының асқан білгірі Иван Дмитриевич Булгаков ол туралы былай дейді: Қажымұқанның әбден толысып, дәуірлеген шағы менің әлі есімде. Оның күрес тәсілі ешкімге ұқсамайтын, ол өзін кілем үстінде еркін ұстайтын. Соған қарамастан оның жолбарысша атылатын кездері де жиі ұшырасатын. Көп палуан оның осынысынан сескенетін, оны бірде доңызға, бірде жолбарысқа, бірде Азияның аюына теңеп сан-саққа жүгіртетін… Мен оның Поль Абс, Алекс Аберг, Георг Лурих, Жан Са[1]батье, Збышко – Цыганевич I, Черно – Яну, Андерсон сияқты Европаның аты шулы палуандарымен күресін де көрдім. Темір – Болат Кануков, Али Осман, Сали – Сулейман, Робине Хо[1]саев, Чемберс Ципс, Мурзук, Кахута, Саракики, Джо Моро секілді Азия мен Африка елдерінің күш аталарын қалай басынан асыра лақтырғанның да куәсі болғанмын…» (Күш атасы: Қажымұқанды көргендерінің естеліктері. Ал., 1984.212 б).

Ол Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Варшава, Будапешт, Берлин, Прага, Лондон, Буэнос – Айрес қалаларында өнер көрсетті. Қазақ палуаны барлық жарыстарда күреске Ресейдің атынан түсіп жүрді. «Қажымұқанмын қазақта күшім асқан, Достарым алып палуан орыстардан, «Черный Иван» атанып он екі жыл, Жиырма төрт патшаның жерін басқам» деп өзі айтқандай орыстың атақты палуандары, дүние жүзінің чемпионы атағын бірнешерет жеңіп алған Иван Поддубнимен, Иван Шемякинмен, Иван Зайкинмен және атақты палуан Вейланд Щульцпен өмір бойы дос болып өтті. (Айбын. Энциклопедия. Ал, 2011. 432 б).

Әсіресе, Иван Поддубныйды ерекше құрмет тұтқан. Ол Поддубный маска киіп күресіп жүргенде Парижда кездескен екен. Қажекең оны қай елдікі екенін білмепті. Маскалы палуан күреске шыққанда фамилиясы айтылмайды, тек масканың түрі ғана айтылады. Екеуі алғашқыда жығыса алмаған. Ең соңында Қажекең қаттырақ қимылдап, күш асыруға айналған кезде, Иван Поддубный ақырын ғана: «Потише» – депті. Сол арада оның орыс екенін біліп, Қажекең бәсең қимылдап, тағы да теңбе-тең түскен. Киінуге келгенде Қажекең Иванның қасына келіп: «Сен Россиянікі екендігіңді маған неге бұрын айтпадың», – деп құшақтапты. Қажымұқан – дүние жүзілік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даңққа ие болған тұңғыш қазақ. Кеңес өкіметі орнағанға дейін бірде-бір қазақ спортшысы мұндай табыстарға жетіп көрген емес.

Ал, Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашқы күндерінен-ақ, Қажымұқан Қазақстанда Совет үкіметін орнатуға белсене қатысты. Ол азамат соғысының майдандарында атаман Дутовтың, адмирал Колчактың конгрреволюцияшыл отрядтарына қарсы шықты. Азамат соғысы аяқталған соң палуан өзінің сүйікті ісіне қайта кірісіп, көшпелі цирк ұйымдастырады. Ел аралап, күш өнерін көрсетіп, одан түскен қаржыны мектеп, аурухана, т.б салуға тапсырып отырған. Қажымұқан тек палуандығымен ғана танылмай, циркте халық қызыға қарайтын таңданарлық күштілігімен, қызықты шебер күш ойындарымен де атағы шыққан адам. Екі қолымен қырық шелек суы бар бөшкені көтеріп цирк алаңын аралауы, көкірегіне қойып жиырма пұттық тасты балғамен жардыруы, иығына салып түйені көтеруі, екі қолымен аттың тағасын жұлқып сындыруы, қалың тақтайдың астында жатып үстінен автомашина жүргізуі кімді де болса таңғалдырмай қоймайтын. Палуан бір күні келе жатып батпаққа батқан трактордың үстінен шығады. Жұрт жиналып, әуре-сарсаңға түсіп жатыр екен дейді. Қажекеңді көмекке шақырады. Сонда палуан беліне арқан салады да «Әуп!» деп бір-екі ырғып жіберіп, тракторды суырып алады. Сонан соң белін жазып, маңдай терін сүртіп тұрып:

– Әлі де болса қажыған трактордан Қажымұқан артық екен-ау! – деп кеңк-кеңк күліпті дейді.

Қажымұқанның абыройы асып, атағы бүкіл елге жайылған дәуірі Кеңес өкіметі тұсы. 1927 жылы Орынборда өткізілген ірі чемпионатта зор табысқа жеткені үшін ҚазАКСР Орталық Атқару комитетінің төралқасы Қажымұқан Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» атағын береді. Ал 1945 жылы ол «Құрмет белгісі» орденімен наградталады. Ұлы палуан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тағы бір ерлік жасады. Жасының егде тартқанына қарамай, ел аралап, күш өнерін көрсетіп, одан жиналған қаржыға самолет жасатып, майданға жіберуі. Сөйтіп, ұлы Жеңіске өз үлесін қосты. 1944 жылдың 29 қыркүйегінде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне жолдаған хатында Қажымұқан: «Біздің қаһармен Қызыл Армия… неміс-фашист басқыншыларына қирата соққы беріп жатқан күндерде, мен өмірімнің елу бес жылын спортқа арнаған жетпіс бес жастағы палуан, жеңіс күнін жақындату үшін еңбекпен тапқан 100 мың сом табысымды қорғаныс қорына тапсырамын. Осы қаржыға Аманкелді Иманов атындағы самолет жасауға тиісті нұсқау беруіңізді өтінемін» деп жазды. Қажымұқанның бұл өтінішіне Мемлекеттік қорғаныс комитетінен жауап телеграмма келді. Онда былай делінген: «Қызыл Армияның әуе күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менің сәлемімді, алғысымды қабыл алыңыз, жолдас Қажымұқан! Тілегіңіз орындалатын болады. И.Сталин».

Сөйтіп, палуанның жинаған қаржысына Қазан қаласында самолет жасалып, оның қапталына халқымыздың ардагер ұлы Амангелді Иманов есімі жазылды. Бұл самолет 1945 жылдың бас кезінде 1-Беларус майданындағы 284-авиция дивизиясының қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етіледі. Ол Қажымұқан сыйға тартқан самолетпен 120 -дан астам жауынгерлік тапсырма орындады. Бұл самолет кейін 1945 жылы 24 маусымда Москвада өткен Жеңіс парадына қатысты (Күш атасы…4 -5 б.).

Өзінің айтуы бойынша, Қажекең төрт рет дүние жүзінің және Европаның чемпионы атанған, 59 шет мемлекетте болып, 48 алтын, күміс, қола медаль алған. Ол алып күш иесі еді: бойы 186 см, салмағы 130 кг болған. Қандай да болсын халықтың өзінің атақты перзенттеріне деген сүйіспеншілігінде шек болмайды. Сондай ел құрметіне бөленген ерлеріміздің бірі Қажымұқан палуан халқына адал қызмет етті. Оның үлкен жүрегі елім деп соқты. Ал, елі қасиетті ұлын қастерлей білді. Қазақ даласының аты аңызға айналған палуаны өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан елді мекенінде өткізді. Астана және Шымкент қалаларындағы Орталық стадионға ұлы палуанның есімі беріліп, Алматы, Астана, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атындағы көшелер бар.

Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ,
Tарихшы.

Дереккөз: «Ortalyq Qazaqstan» газеті

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда Нұртас Оңдасыновтың тарихи болмысы ашылған конференция ұйымдастырылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде қазақтың біртуар азаматы, ұлтымыздың аса көрнекті қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына арналған ...

Түркістандық жазушы мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды ...