Балуан қалай Қажымұқан атанды?

“Күш атасы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан 12-13 жасында 20 жастағы жігіттей алып тұлғалы болған балуан – шынымен де қажылығын өтеген қазақтың бірі. Әлем чемпионы атанған спортшы дінге жақын, иманды жан болған. Қажымұқанның бірінші әйелі – орыс қызы Надежда Чепковская. Мұқан өзге қазақ зиялылары тәрізді некесін мұсылманша қидырып, әйелі Надеждаға Ислам дінін қабылдатады. Есімін өзгертіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті қызы Фатиманың атын бергізеді. Кейін халық оны «Бәтима» атап кетеді.

Ыстамбұлда атақты түрік палуаны Нұрланы жеңген соң, Шәкір паша мен Имам Баюр Мұқанды құрметтеп қажылыққа шақырады. Сөйтіп үш аптаға созылған керуен Орталық Таврдан, Тигр өзенінің бойымен Бағдатқа, одан әрі Үлкен Нефуз шөлімен Меккеге жетеді. Меккеде құлшылық жасап, Мұқан құдықтан зәмзәм су ішеді, Арафат тауының етегінде үш күн шатырда түнейді. Қысқасы, ол қажылықтың шарттарын түгелімен орындайды. Содан бастап Мұқан деген есімі ұмытылып, Қажымұқан аталып кетеді. Балуан ауылдасы Дүйсенбай Елібаевқа: «Балам, мені халық бірінен-бірі естіп қана біліп жүр. Атымды да толық білмеген жұрт Әжімұқан деп атап жүр. Менің атым – Қажымұқан. Меккеден келе жатқанымда «Қажы» деген сөзді түріктер қосып, «Қажы Мұқан» атандым», – деп айтқан екен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Кастро мен Рокоссовский тәнті болған Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта орнатылды

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. «Бүгін Жамбыл облысының Жуалы ауылында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес ...

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың ...