Қажымұқандай күшті адам қазақта ғана болған

1. Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз теңдессіз өнерімен әлемнің 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған екен. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды. Қажымұқанның күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

2. Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі көрінген шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы дүниежүзілік сайыста әлем чемпионы атанды. Сол кездегі саясаттың салдарынан ол орыс балуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Оған түрлі лақап аттар берілді.

3. Бірде Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» десе, енді бірде «Мухан», «Иван Чёрный» деп атаған. Ал, 1909 жылғы халықаралық балуандар жарысына «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп, бүкіл дүниежүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

4. Ол өмірінің соңғы жылдары ел аралап, цирк өнерін көрсетіп, жиналған 100 мың сомға майданға ұшақ жібереді. Өз қаражатына жасалған ұшақты 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы – халық батыры Амангелді Имановтың есімімен атаған. Сталин Қажымұқанның осы ерлігі үшін арнайы марапат қағазын жіберген.

5. Қазақ қаламгерлерінің бәрі Қажымұқан туралы қалам тербеп, балуан жайлы бірнеше кітаптар жазды. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған бабамыздың бейіті Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с предстоящим Национальным днем домбры

Президент страны отметил, что домбра – душа и достояние нашего народа. – Домбра – душа и достояние нашего народа. «Настоящий ...

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Өз құттықтауында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше екенін айтты. – Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ ...