Ордабасыда ауқымды экоакция өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда ауқымды экоакция өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданының экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту мақсатында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза аула» апталығы шеңберінде өтті. Экологиялық акция Темірлан ауылындағы Самал ықшамауданында өтіп, онда 300-ден астам адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бірдей атсалысып, өз үлестерін қосты.

Игі бастамаға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, құқық қорғау органдарының басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, жастар, спорт бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ауыл тұрғындары, коммуналдық сала жұмысшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты.

Экологиялық акция нәтижесінде Темірланның кіреберіс аумағы жасыл белдеуге толықты. Онда Қырым қарағайы, павлония, багрянник, қызғалдақ ағашы және түрлі жеміс ағаштары егіліп, барлығын қосқанда 1200 түп ағаш отырғызылды. Тазалық жұмыстарына 7 техника жұмылдырылып, 16 тонна қоқыс шығарылды. Болашақта бұл аумақ тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағына айналады деп күтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...