Шымкенттіктер жаппай таңғы жаттығуға қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттіктер жаппай таңғы жаттығуға қатысты

Бүгін таңертең Шымкент қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ауқымды іс-шара – ұлттық жаттығу өтті.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған белсенділік іс-шарасының негізгі мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және дене белсенділігін арттыру.

Таңғы жаттығуға әртүрлі жастағы 400-ге жуық тұрғын белсене қатысып, бірлік пен сергектіктің үлгісін көрсетті, көтеріңкі көңіл-күймен денсаулығын нығайтуға үлес қосты.

Мұндай ауқымды бастамалар бұқаралық спортты дамытуға және қоғамда денсаулық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді. Жаппай жаттығулар алдағы уақытта да жалғасын табады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...