Қоғам — Страница 15 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

Шымкент: Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласында жайлы қалалық ортаны дамыту саласында атқарылған нақты жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және ...

Читать далее »

«Жан дауа»: сахна арқылы есірткі қылмысының алдын алу

Шымкентте жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға арналған «Жан дауа» спектаклі қойылды. Қойылымда нашақорлықтың адам тағдырына әсері, жастарды есірткі айналымына тарту тәсілдері және заңсыз әрекеттің салдары көрсетілді. Спектакльдің авторы – Болат Ұзақов, қоюшы режиссері – Қуандық Қасымов. Шығарма арқылы жастарға интернет пен әлеуметтік желілерде «оңай табыс» ретінде ұсынылатын заңсыз әрекеттердің қауіптілігі түсіндірілді. Шымкентте жыл басынан бері есірткі қылмысының алдын алуға ...

Читать далее »

Еңбекпен өрілген өнегелі ғұмыр

Ел тарихында өз дәуірінің ауыртпалығын арқалап, маңдай терімен өндірісті өркендетуге, елдің тұрмысын жақсартуға және кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық із қалдыруға ғұмырын арнаған азаматтар бар. Солардың бірі – еңбек жолы өндіріс пен қоғамдық қызметке, елге қызмет етуге ұласқан Өркен Әбдірайымұлы Әбдіреев. Шымкент қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Өркен Әбдірайымұлының балалық шағы ел басына күн туған соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Әкесі Әбдірайым Ұлтуғанов ...

Читать далее »

Тарихтың үнсіз куәгерлері музей қорына тапсырылды

Өткен тарихтың әрбір парағы уақыт өте алыстай түскенімен, сол кезеңнен жеткен құжаттар мен жәдігерлер тарихи оқиғалардың шынайы бейнесін сақтап қалады. Әсіресе саяси қуғын-сүргін мен жер аудару жылдарына қатысты деректердің маңызы зор. Осындай құнды мұралар Шымкент қаласында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қорын толықтырып, өткенді зерттеуге жаңа мүмкіндік беріп отыр. Музей қорына 1941 жылы Украинадан жер аударылып келген Сорокопуд Валентина Александровнаға ...

Читать далее »

Шымкентте авторлық тұмар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті

Шымкент Creative Hub алаңында дәстүрлі ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды ұштастырған авторлық тұмар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ағаш, акрил бояуы, тастар және эпоксидті шайырды пайдаланып, өз қолдарымен ерекше әшекей бұйымдар жасады. Шеберлік сағатын суретші, зергерлік бұйымдар дизайнымен айналысатын Айман Тельходжаева өткізді. Қатысушылар арнайы дайындықсыз-ақ ұлттық ою-өрнек пен түрлі символдарды қолдана отырып, жеке дизайнын әзірледі. Нәтижесінде әрқайсысы ...

Читать далее »

Шымкентте 7 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту және тұрақты табыс көзін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биыл қала бойынша 11 427 адамды бос жұмыс орындары арқылы тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде аталған жоспар аясында 6 663 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, межелі көрсеткіштің 61,2 пайызы орындалды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Айгерім Амангелді. ...

Читать далее »

«Балалар енді топырақта ойнамайды»: Жаңа алаңша ақтастықтарды қуантты

Шымкенттің Ақтас шағынауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы ашылды. Бұған дейін бұл аумақта балалар ойнайтын арнайы орын болмаған. Тұрғындар жаңа алаңша салу туралы бірнеше жылдан бері өтініш айтып келген. Енді олардың тілегі орындалып, балалардың ойнап, уақытын көңілді өткізуіне мүмкіндік туды. Ақтастағы бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы. Жаңа ойын алаңының ашылуын асыға күткен балалар түрлі ойындарға қатысып, балмұздақ пен ...

Читать далее »

Батима Заурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» көрмесі өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастееватындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан жәнесуретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндемежәне графика жұмыстары қойылады. Гобелен – бейне бояумен емес, тоқымастаногында жіп арқылы ...

Читать далее »

«Tynda Fest»: Жастар әнмен табысты

Шымкентте жастардың шығармашылығын шыңдап, бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретін ерекше кеш өтті. Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй тоғысқан «Tynda Fest» караоке кешіне белсенді жастар жиналып, сүйікті әндерін орындап, өнерлерін ортаға салды. «Tynda Fest». Бұл кештің ерекшелігі – мұнда кәсіби сахна да, үлкен концерттік зал да қажет емес. Ең бастысы – әнге деген құштарлық пен өз өнерін еркін жеткізуге деген ...

Читать далее »

Поручение Президента: В Туркестанской области обновляют системы питьевого водоснабжения населенных пунктов

Во исполнение поручения Главы государства по обеспечению питьевой водой отдаленных населенных пунктов, в Туркестанской области на системной основе ведутся работы по развитию инженерно-коммунальной инфраструктуры. Ход работ находится под пристальным контролем акима области Нуралхана Кушерова. В Сарыагашском районе реализуется ряд крупных проектов с целью обеспечения населения стабильным и качественным централизованным питьевым водоснабжением. Работы по подведению водопроводов к населенным пунктам и модернизации ...

Читать далее »

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында елді мекендердің ауыз су жүйелері жаңартылып жатыр

Мемлекет басшысы шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Сарыағаш ауданында тұрғындарды тұрақты әрі сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Елді мекендерге су құбырларын тарту және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. ...

Читать далее »

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметте адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп келеді. Бұл бағыттағы басты міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, қоғамда оған деген төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, әлеуметтік әділеттілікке және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсер ететін ...

Читать далее »

Шымкентте Құрылтай сайлауы күні 51 сәби дүниеге келді

Бүгін, Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні Шымкент қаласында 51 сәби дүниеге келді. Оның 26-сы – қыз бала, 25-сі – ұл бала. Сондай-ақ бір егіз дүниеге келді. Қазіргі таңда дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы. Ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер олардың денсаулығын жіті бақылауда ұстап отыр. Айта кетейік, бүгін таңертеңнен бастап Шымкент қаласындағы перзентханаларда сайлауға қатысу мүмкіндігі ...

Читать далее »

День, который объединил страну: Как прошли первые выборы в Курултай

Первые выборы в Курултай официально завершились, оставив после себя атмосферу настоящего общенационального праздника. Для многих казахстанцев этот день стал возможностью продемонстрировать высокую гражданскую ответственность: на избирательные участки приходили целыми семьями, подавая подрастающему поколению достойный пример вовлеченности в формирование будущего страны. По данным ЦИК, явка составила 74,19% — голосовать пришли 9 352 151 человек. Праздничное настроение ощущалось повсеместно, а сам процесс ...

Читать далее »

Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өтті

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы ресми түрде аяқталып, ел жадында нағыз жалпыхалықтық мереке ретінде қалды. Бұл күн көптеген қазақстандық үшін жоғары азаматтық жауапкершілік танытуға мүмкіндік берді. Сайлау учаскелеріне тұтас отбасымен келген азаматтар өскелең ұрпаққа ел болашағын қалыптастыруға белсенді атсалысудың лайықты үлгісін көрсетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 9 352 151 адам қатысты. Бұл елдегі барлық сайлаушылардың 74,19%-ын құрайды. Мерекелік көңіл күй ...

Читать далее »

Түркістанда жас жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Түркістанда Құрылтай сайлауы ерекше есте қалаларық тосын әрі қызықты оқиғалармен өрбіп жатыр. Кейбір сайлаушылар дауыс беру учаскесіне қайықпен барып, елді таңғалдырса, тағы бір жас жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Жандос Жұмабек, тілші: — Біз қазір қаладағы №103 сайлау учаскесінде тұрмыз. Жалпы Түркістандағы Құрылтай сайлауы тарихи маңызымен қатар, жас жұп үшін өмірлік маңызы ерекше сәт ретінде есте ...

Читать далее »

Құрылтай – жауапкершілікті арттыратын маңызды бастама

Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, ел дамуының маңызды бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін жаңа саяси алаң. Сондықтан бүгінгі сайлаудың маңызы зор деп есептеймін. Түркістан қаласында бүгінгі таңда сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны 136 602 адамды құрап отыр. Бұл 15 наурызда өткен республикалық референдумға қатысушылар санымен ...

Читать далее »

Шымкентте 200-ге жуық тұрғын «Белсенді күн» акциясына қатысты

23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн. Осыған орай Шымкентте тұрғындарды белсенді өмір салтына және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуға үндейтін «Белсенді күн» спорттық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында таңғы жаттығу өткізіліп, оған 200-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Қатысушылар жаттығу жасап, сергіп, күнді көтеріңкі көңіл күймен бастады. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды спортқа тарту, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын күнделікті ...

Читать далее »

Наблюдается большой интерес казахстанцев к выборному процессу – глава ЦИК Грузии

Председатель Центральной избирательной комиссии Грузии Георгий Каландаришвили положительно оценил организацию голосования на первых выборах депутатов Курултая Казахстана. За ходом голосования он наблюдал на избирательном участке №15 в Астане, сообщает Zakon.kz. Георгий Каландаришвили поделился, что первое впечатление от организации избирательного процесса сложилось очень позитивным. Особое внимание он обратил на профессионализм и подготовленность членов комиссии, а также на организацию самого процесса голосования. ...

Читать далее »

Шымкент: Астана шағынауданында жәрмеңке өтіп, тұрғындар сайлауға қатысты

Шымкент қаласының Астана шағынауданындағы №74 және №75 үйлердің маңында тұрғындарға арналған ауқымды жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде күнделікті тұтынуға қажетті азық түлік пен өзге де өнімдер ұсынылып, тұрғындарға сапалы тауарды қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Жәрмеңке сауда жасауға ғана емес, тұрғындардың басын қосып, қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал еткен шараға айналды. Таңертеңнен жәрмеңкеге келген тұрғындар өздеріне қажетті өнімдерді сатып алып, мерекелік күннің ...

Читать далее »