Қоғам — Страница 13 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

«Мерейлі отбасы»: Топ жарған Жақыповтар әулеті

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Жақыповтар әулеті бүгінде көпшілікке үлгі болып отырған берекелі отбасы. Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Біржан Жақыповтай атпал азаматты тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы ұлттық байқауда топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Халқымызда «Отан – отбасыдан басталады» деген ұлағатты сөз бар. Себебі, отбасы қай заманда болсын ел болашағы – жастарды тәрбиелейтін ыстық ұя. Мерейі тасыған әулетте ...

Читать далее »

Бірлігі бекем отбасы

Жеті баланың күлкісі мен қызығына бөленіп, жарымен бірге шаңырақтың берекесін ұстап отырған Ақмарал Құдайбергенова үшін отбасының орны айрықша. Оның жұбайы Ернар Анарбайұлымен бірге 5 қыз 2 ұл тәрбиесін басты назарда ұстап, үлкен отбасының жарасымын қалыптастырып отырған жайы бар. Ақмарал Асанқызы – Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапхананың №11 бөлімше меңгерушісі. Руханият саласында еңбек етіп жүрген ол қызметі мен отбасының жауапкершілігін қатар ...

Читать далее »

Шымкентте жас отбасылар арасында «Отау IQ» интеллектуалдық сайысы өтті

Отбасы күніне орай, Шымкент қаласындағы ОАИУ-дың М.Сапарбаев ғимаратында жас отбасылардың басын қосқан ерекше интеллектуалдық сайыс өтті. «Бақыт мекені» жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында өткен «ОТАУ IQ» сайысы ерлі-зайыптылардың білімін ғана емес, өзара түсіністігі мен бір команда ретінде әрекет ету қабілетін де сынады. Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға 18-35 жас аралығындағы жас отбасылар ...

Читать далее »

Қазақ сатирасындағы жаңа белес

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақ сатирасының көрнекті өкілі, Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын-сатирик Мұхтар Шерімнің шығармашылығына арналған тағылымды әдеби кеш өтті. «KІТАП TIME – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында қаламгердің Пәкістанда ағылшын тілінде жарық көрген «A HUMAN BUT NOT HUMAN» («Адамға ұқсаған адам») атты екі бөлімді кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Қазақ әдебиеті мен ұлттық сатираның шетелдік ...

Читать далее »

Әділетті қоғамға – шыншыл сөз

Әділетті қоғамды қалыптастыруда шын сөздің орны қандай? Осы мәселе бүгін қаладағы ардагерлер ұйымының кезекті пленумында кеңінен қозғалды. Жиында Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шынайы сөз» атты кітабындағы негізгі ойлар талданып, еңбекті ел арасында кеңінен насихаттау жолдары сөз болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл еңбегі – еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезеңдерді қамтитын жинақ. Кітапта ел дамуы, қоғамдық келісім, заң үстемдігі, ...

Читать далее »

Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының экологиялық ахуалы, кәсіпорындарға жүргізілген бақылау жұмыстары, атмосфералық ауа сапасы және заңсыз қоқыс орындарын жою бағытындағы жұмыстар туралы айтылды. 2026 жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті 36 тексеру жүргізген. Оның ішінде 17 мекемеге профилактикалық бақылау, 14 нысанға жоспардан тыс тексеру және 5 мекемеге талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. ...

Читать далее »

Шымкентте жастарға отбасы құндылықтары түсіндірілді

Отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау мақсатында Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде «Отбасы – бақыттың бастауы» атты кездесу өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Басқосуда отбасының қоғамдағы рөлі, ата-анаға құрмет, өзара түсіністік пен жауапкершілік мәселелері қозғалды. «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов отбасы институтының ел тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ...

Читать далее »

Қыркүйек – кибермәдениет айы

Интернет алаяқтарының айласы күн сайын жаңарып келеді. Жалған жарнама, күмәнді сілтеме, тіпті жасанды интеллект арқылы жасалған бейнероликтер де қылмыскерлердің құралына айналды. Шымкентте қыркүйек айы «Кибермәдениет айы» аясында өтіп, тұрғындарға цифрлық қауіпсіздік талаптары түсіндірілуде. «Кибермәдениет айы» аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қаладағы жоғары оқу орындарында да жүргізілуде. Мамандар әсіресе ата-анасынан жыраққа шығып, жаңа ортаға бейімделіп жүрген студенттерге сақ болу қажеттігін ескертеді. Өйткені жастар ...

Читать далее »

Профилактические меры дали результат: В Шымкенте купальный сезон прошел без жертв

В текущем году на водоемах Шымкентa в период купального сезона не зафиксировано ни одного трагического случая со смертельным исходом. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил заместитель начальника Департамента по чрезвычайным ситуациям города Шымкента полковник Руслан Орынбеков. По его словам, масштабная профилактическая работа по обеспечению безопасности на воде стартовала еще в апреле. Департамент совместно с местными исполнительными и ...

Читать далее »

Шымкентте тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Кезекті шара барысында 40 отбасыға баспана кілті табысталды. Пәтерлер Асар-2 шағынауданында орналасқан және «Отбасы банк» АҚ-тың «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелік бағдарламалары аясында төлем қабілетін растаған азаматтарға берілді. Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Биыл Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған ...

Читать далее »

Хиджаб киюге рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылады

Мектеп формасы сәннің емес, тәртіптің талабы. Енді оқушының киіміне қойылатын талапты бұзған білім беру ұйымдарының өзіне жауап беруіне тура келуі мүмкін. Әсіресе бұл талапты сақтауға жекеменшік мектептер де міндетті. Оқушыларға діни сипаттағы киім киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы ықтимал. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, еліміздегі барлық білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қатысты бірыңғай талап бар. Сондықтан білім ошағының ...

Читать далее »

Отбасы – ұлттық тәрбиенің тірегі

Отбасы күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен тағылымды кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, жастар арасында отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және отбасындағы жауапкершілік тақырыптары қозғалды. Кездесуге колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы, Тұран ауданы ардагерлер кеңесі және «Аналар» ...

Читать далее »

Отбасы – адалдық пен алғыс бағы

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана бөлімшесінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатында отбасы күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға «Шашу» әжелер ансамблінің мүшелері Жазықбаева Жиенкүл, Сұлтаналиева Роза, Тыстанова Бағила, Өскенбаева Рыскүл, Боранбаевтар отбасы, ардагер ұстаз Мамыркүл Елемесқызы, көпшілік оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында отбасындағы тәрбие, адалдық, саналы ...

Читать далее »

Отбасы құндылығы – ұрпақ тәрбиесінің негізі

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Индустриалды-техникалық колледж жастары арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты. Жиын барысында отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту, отбасындағы тәрбие, үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ...

Читать далее »

Шымкент: День открытых дверей в Дворце школьников №2: возможности для творчества и развития

В Дворце школьников №2 Управления образования города Шымкента прошел День открытых дверей для детей и родителей. Главная цель мероприятия — познакомить гостей с возможностями учреждения дополнительного образования и помочь каждому ребенку выбрать секцию или кружок по душе. В рамках программы посетители смогли оценить работу творческих мастерских, посетить мастер-классы, ознакомиться со спецификой различных направлений и получить подробные консультации по порядку зачисления. ...

Читать далее »

Шымкент: Қоғамдық көлік пен тұрғын үй мәселесі бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек қаланың қоғамдық көлік жүйесін дамыту, тұрғын үймен қамту және алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді. Қалада бүгінде 83 әлеуметтік маңызы бар автобус маршруты жұмыс істейді. Күн сайын 14 тасымалдаушы компанияның 988 автобусы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2026 жылдың сегіз айында қоғамдық көлікпен 75,2 млн ...

Читать далее »

В Шымкенте проводили молодых военнослужащих на срочную службу

В Шымкенте состоялась торжественная церемония проводов молодых людей, которые отправляются на срочную военную службу. Мероприятие стало важным и символичным событием для призывников, их родителей, родных и близких. В этот день на построении звучали слова напутствия и пожелания достойно выполнить свой гражданский долг. Представители городских властей, воинских частей и общественных организаций поздравили молодых военнослужащих с началом нового этапа в их жизни ...

Читать далее »

Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі мен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры, көрнекті этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков және «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шарада Өзбекәлі Жәнібековтің ұлы Бауыржан Жәнібеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов құттықтау сөз ...

Читать далее »

«Бақытты жанұя»: В Шымкенте появилось новое место для семейного отдыха

В Шымкенте появилась ещё одна точка притяжения для горожан — новая аллея «Бақытты жанұя», предназначенная для семейного отдыха, прогулок и общения. В открытии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков. Современное общественное пространство стало подарком городу от предпринимателя Наргизы Керимбаевой и ещё одним примером участия представителей бизнеса в благоустройстве города. Объект расположен на улице Желтоксан. По словам Наргизы Керимбаевой, семья является ...

Читать далее »

Шымкентте қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынастағы рөлі талқыланды

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Шымкентте республикалық «Қазақ тілі – ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті. Жиында мемлекеттік тілдің қазіргі қолданысы, тілдік ортаны қалыптастыру және қазақ тілінің қоғамды біріктірудегі рөлі сөз болды. Форумды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Басқосуға еліміздің әр өңірінен ғалымдар мен тіл саласының мамандары қатысты. ...

Читать далее »