Шымкенттің Ақтас шағынауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы ашылды. Бұған дейін бұл аумақта балалар ойнайтын арнайы орын болмаған. Тұрғындар жаңа алаңша салу туралы бірнеше жылдан бері өтініш айтып келген. Енді олардың тілегі орындалып, балалардың ойнап, уақытын көңілді өткізуіне мүмкіндік туды.
Ақтастағы бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы. Жаңа ойын алаңының ашылуын асыға күткен балалар түрлі ойындарға қатысып, балмұздақ пен ойыншықтарға ие болды. Ең бастысы, олар бос уақытын жаңа алаңда өткізе алады.
Айым Қалдарбек, қала тұрғыны:
«Маған ойын алаңы ұнап жатыр. Бұрында мұндай алаң жоқ еді. Өйткені ойнайсың. Достарыңды көресің. Сыныптастарымды да күніге көремін».
Ақтас тұрғындарының көптен күткен тілегі орындалды. Бұған дейін шағын ауданда балалардың асыр салып ойнайтын қауіпсіз жері тапшы еді. Халықтың өтініші ескеріліп, 1 тамызда басталған құрылыс көп ұзамай аяқталды. Енді бүлдіршіндердің көңілді уақыт өткізетін өз алаңы бар.
Алаңның аумағы – 400 шаршы метр. Мұнда балаларға арналған ойын құрылғылары қойылған. Үлкендер үшін де жаттығу жасайтын воркаут орны бар. Балалар ойнайтын жерге 15 сантиметрлік арнайы жабын төселіп, алаң қоршалған. Сонымен қатар, жарықшамдар қойылып, балалардың қауіпсіздігі қаматамасыз етілген.
Мамандардың айтуынша, жаңа алаң шамамен 40 үйдің баласын қамтиды. Нысанның құрылысына 26 миллион теңге жұмсалған. Тұран ауданында мұндай 11 алаңша салу жоспарланып, қазірге дейін оның сегізі ел игілігіне берілді. Ал қалған үшеуінің жұмысы жалғасып жатыр.
➖
В Шымкенте появилась новая игровая зона для детей
В микрорайоне «Актас» Туранского района Шымкента открылась новая детская игровая площадка. В рамках проекта «Бюджет народного участия» благоустроено 400 квадратных метров территории. Здесь оборудованы игровая и воркаут-площадки, установлено освещение.
Строительные работы начались в начале августа и завершены в установленные сроки. На объект предоставлена гарантия сроком на 3 года.
Жители поблагодарили инициаторов проекта и выразили готовность бережно относиться к новой площадке и поддерживать чистоту.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары