Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласында жайлы қалалық ортаны дамыту саласында атқарылған нақты жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың сәулеттік келбетін арттыру мақсатында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Басқарма басшысының айтуынша, биыл қала көшелерінің көркін арттыру мақсатында 1,6 млн біржылдық және 1,6 млн көпжылдық гүлдер отырғызылды. Жалпы аумағы 48 мың шаршы метр болатын арнайы гүлзарлар жасақталып, сәндік бұталар мен гүлдер егілді. Суды тиімді пайдалану мақсатында 73 шақырым тамшылатып және 30 шақырым автоматты суару жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар, тік көгалдандыру жұмыстары аясында қаладағы көшелер мен жолайрықтарға 1 782 гүлді вазон орналастырылды. Бұл жұмыстар қаланың негізгі магистраль көшелерін абаттандыруға және сәулеттік келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Қаланың су нысандарын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің 20,1 шақырымдық аонасын кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Елтай тұрғын алабында төтенше жағдай салдарын жою және канал салу жұмыстары қолға алынған.
Қала күніне орай қайта жаңғыртудан өткен «Жапон» және «City Park» саябақтары қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілген еді. Сонымен қатар, бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының орнында демеушілер қаражаты есебінен 45 гектар аумақта «Экопарк» салынды. Мұнда жасанды су айдыны, жаяу жүргіншілер жолдары, шолу алаңдары және жарықтандыру жүйесі қарастырылып, 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
➖
Продолжаются работы по благоустройству набережной реки Кошкарата
На площадке Региональной службы коммуникаций прошел брифинг для прессы на тему: «О конкретной работе, проделанной в сфере развития комфортной городской среды в городе Шымкент, достигнутых успехах и планах на будущее». Руководитель Управления развития комфортной среды города Шымкент Абилкайыр Онгар доложил о проделанной с начала года работе, о планах на будущее и ответил на вопросы представителей СМИ.
В Шымкенте системно ведутся работы по озеленению и благоустройству в целях формирования комфортной городской среды, улучшения экологической обстановки и повышения архитектурного облика города. По словам руководителя управления, в текущем году для украшения улиц города было высажено 1,6 млн однолетних и 1,6 млн многолетних цветов. Созданы специальные цветники общей площадью 48 тысяч квадратных метров, высажены декоративные кустарники и цветы. В целях эффективного использования воды установлено 73 километра систем капельного и 30 километров автоматического орошения.
Кроме того, в рамках работ по вертикальному озеленению на улицах и транспортных развязках города установлено 1 782 цветочных вазона. Эти работы позволяют благоустроить основные магистральные улицы и улучшить архитектурный облик города.
Продолжаются работы по благоустройству водных объектов города. В настоящее время поэтапно ведутся работы по благоустройству зоны реки Кошкар-ата протяженностью 20,1 километра. Также в жилом массиве Елтай начаты работы по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций и строительству канала.
Ко Дню города обновленные парки «Японский» и «City Park» были переданы в пользование жителей. Кроме того, на месте бывшего полигона твердых бытовых отходов за счет средств спонсоров на площади 45 гектаров был построен «Экопарк». Здесь предусмотрены искусственный водоем, пешеходные дорожки, смотровые площадки и система освещения, а также высажено более 5 тысяч деревьев и кустарников.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары