Қоғам — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы өңірдегі электр желілерінің өткізу қабілетін арттырып, инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған ұлттық жоба аясында электр энергетикасы саласын дамытуға ерекше басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, ...

Читать далее »

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, бастапқыда 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын. Алайда құрылыс бірнеше жылға созылып, негізгі жол салу тек биыл толық орындалды. Қазіргі уақытта көшеге іргелес аумақ абаттандырылуда. Көшенің ені – 60 метр. Мұнда асфальтбетон жабыны төселіп, тротуарлар мен веложолақ салынды. Жол инфрақұрылымын абаттандыру ...

Читать далее »

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен талқылауға арналған мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Инара Намазбаева, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында ...

Читать далее »

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтады. Конституция әркімнің ар-ождан бостандығына құқығын таниды. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және өзге адамдардың сеніміне төзімділік таныту – ортақ жауапкершілік. Түркістан облысы – түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан, рухани мұрасы бай өңір. ...

Читать далее »

Цифрлық Түркістан: Жаңа технологиялар өңір дамуына жол ашады

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыт өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Түркістан облысында да цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, білім беру ұйымдарын цифрлық жүйелермен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерге интернет тарту бағытында нақты шаралар қолға алынған. Цифрландырудың ...

Читать далее »

Түркістанда ұлағатты ұстаз Серік Пірәлиевтің мұрасы ұлықталды

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің өнегелі өмірі мен қайраткерлік жолына арналған «Ұлттық тәрбие ұлықпаны» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Алипов қатысты. Іс-шараның мақсаты – көрнекті ғалымның ғылым мен білім саласына сіңірген еңбегін дәріптеп, ұлттық тәрбиеге негізделген ғылыми-педагогикалық мұрасын ұрпақ жадында жаңғырту. Жиында ғалымның әріптестері, ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алға қойылған міндеттерді талқылауға арналған қалалық актив отырысы өтті. Жиынға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Отырысты ашқан қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы дамуындағы ...

Читать далее »

Шымкент: Еңбекші ауданында инфрақұрылым жаңғыртылып, қоғамдық кеңістіктер көбейіп келеді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үй аулаларын абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері бірқатар елді мекенде электр желілері жаңартылып, жолдар жөнделді, аяқжолдар мен балалар ойын алаңшалары салынып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайдалануға берілді. Ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аудан әкімі ...

Читать далее »

Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасуда

Шымкент қаласының Қаратау ауданында 2026 жылдың тоғыз айында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде ауданның бірқатар елді мекенінде инженерлік желілер жаңартылып, жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар салынып, көшелердің сапасы жақсарды. Аталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаратау ...

Читать далее »

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую строку. Под восстановлением в стране находится около 330 тысяч гектаров деградировавших озёр, рек и водно-болотных угодий. Для засушливой степной республики каждый такой водоём на счету. Кто впереди Первое место с большим отрывом занимает Индонезия, где восстанавливают почти 6 миллионов гектаров. ...

Читать далее »

Қоғамдық тамақтану орындары мен мектеп асханаларына қойылатын талаптар түсіндірілді

Қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік саудасында санитариялық талаптардың сақталуы – тұтынушылар денсаулығының кепілі. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда талқыланды. Кездесуге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары мен кәсіпкерлер қатысып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, ботулизмнің таралу себептері және тағамнан уланудың алдын алу мәселелерін қарастырды. Алғашқы баяндамада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органының бас маманы Мереке Ислам тамақтану орындары арқылы ботулизм ауруының таралу ...

Читать далее »

Бизнеске кедергі келтіретін түйткілдер: кәсіпкердің нақты ұсыныстары

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Келешек-С» ЖШС директоры Салман Дүкенбаев кәсіпкерлердің бизнесін дамыту барысында кездесетін өзекті мәселелерді көтерді. Кәсіпкердің айтуынша, бизнесті дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған несие қаражатын алу кезінде бірқатар кедергілер туындайды. Атап айтқанда, несие рәсімдеу барысында жабдықтар бағасының өзгеруі кәсіпкерлерге қосымша қаржылық салмақ түсіреді. Сонымен қатар банктермен өзара қарым-қатынаста кәсіпкерлердің құқықтары ...

Читать далее »

Түркістан: Мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары тұрақты бақылауда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен идеологиялық кеңес отырысы өтті. Жиында өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттары талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты. Жиында Ертай Алтаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, мәдениет және руханият бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» ...

Читать далее »

Түркі дүниесінің екі маржаны: Түркістан мен Манас бауырлас қалалар атанды

Тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас қос шаһардың ынтымақтастығы жаңа кезеңге қадам басты Тарихы терең, тағдыры ортақ, рухани құндылықтары үндес түркі халықтарының арасындағы достық пен бауырластық ғасырлар қойнауынан бастау алады. Тамыры бір, тілі мен ділі жақын халықтарды жалғап тұрған алтын көпірдің бірі – ортақ тарихи мұра, мәдени сабақтастық және өзара құрмет. Бүгінде бұл байланыстар жаңа мазмұнмен толығып, мемлекетаралық ынтымақтастықтың нақты бағыттарына айналып ...

Читать далее »

Ордабасыда «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» атты ауқымды экологиялық ісшарасы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» атты ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылды. Игі бастама Қажымұқан ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мұражай аумағында өтті. Тағылымды шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, қоғам қайраткері Дулат Әбіш, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев, ауданның Құрметті азаматтары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен ...

Читать далее »

В Туркестанской области прошла экологическая акция «Уважение к великим личностям — долг поколений»

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая акция «Уважение к великим личностям — долг поколений». Основная цель мероприятия — сохранение историко-культурного наследия, увековечение памяти выдающихся личностей, охрана окружающей среды, благоустройство территорий исторических объектов и повышение экологической культуры населения. В акции приняли участие более 500 человек — ветераны, экоактивисты и сотрудники различных ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Ұлы тұлғаларға құрмет — ұрпаққа міндет» экологиялық іс-шарасы өтті

Бүгін Ордабасы ауданының Қажымұқан елді мекеніндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы мұражай аумағында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» экологиялық іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тарихи нысандардың аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық акцияға ардагерлер, экобелсенділер мен мекеме қызметкерлерінен құралған 500-ден астам азамат қатысып, туған жердің тазалығы мен ...

Читать далее »

Путь к религиозной грамотности

В современном обществе религиозная грамотность молодежи и информационная безопасность приобретают особую актуальность. Именно этим темам посвящен сериал «Жол» («Путь»), снятый при поддержке Управления по делам религий города Шымкента. Премьерный показ картины состоялся в Молодежном ресурсном центре. В центре сюжета — молодые люди, которые находятся в поиске религиозных ориентиров, но поддаются влиянию сомнительной информации и посторонних лиц. Сериал подчеркивает критическую важность ...

Читать далее »

Діни сауаттылыққа бастайтын “Жол”

Қазіргі қоғамда жастардың діни сауаттылығы мен ақпараттық қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналып отыр. Осы тақырыптарды арқау еткен «Жол» сериалы Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қолдауымен түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Туындының тұсаукесер көрсетілімі Жастар ресурстық орталығында өтті. Сериалда діни сенімге қатысты ізденіс үстіндегі жастардың түрлі ақпарат пен адамдардың ықпалына түсуі, мұндай жағдайларда отбасы қолдауының маңызы сөз болады. Сериалдың режиссері Олжас Уәлханов бұл тақырыпты ...

Читать далее »

Атомная энергетика: возможности и ответственность

В недавнем Послании народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новый исторический период» Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил стратегическую значимость развития атомной энергетики. Глава государства поставил задачу обеспечить избыточную генерацию электроэнергии к 2029 году, предложив начать строительство АЭС «Балхаш» в 2027 году, а также ускорить сотрудничество по возведению АЭС «Мойынкум». Президент подчеркнул, что все переговоры должны вестись исключительно в русле национальных интересов ...

Читать далее »