Шымкентте 7 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 7 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту және тұрақты табыс көзін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биыл қала бойынша 11 427 адамды бос жұмыс орындары арқылы тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде аталған жоспар аясында 6 663 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, межелі көрсеткіштің 61,2 пайызы орындалды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Айгерім Амангелді. Ол 2026 жылғы 12 тамызда Әл-Фараби ауданының мансап орталығы арқылы «Камея» медициналық орталығына тұрақты жұмысқа жолдама алған. Қазіргі таңда Айгерім Маратқызы осында медбике болып еңбек етіп, мамандығы бойынша қызметін жалғастыруда.

Қала тұрғындарын жұмыспен қамту шараларына кеңінен жұмылдыру мақсатында Шымкент қаласының бес ауданында мансап орталықтары жұмыс істейді. Онда тұрғындарға тұрғылықты мекенжайы бойынша қажет қызметтерді алуға мүмкіндік бар.

Атап айтқанда, Қаратау және Еңбекші аудандарының тұрғындары – Астана шағынауданы, 106 мекенжайындағы мансап орталығына, Абай және Тұран аудандарының тұрғындары – Арғынбеков көшесі, 243/3 мекенжайына, ал Әл-Фараби ауданының тұрғындары Тәуке хан даңғылы, 6 мекенжайындағы мансап орталығына жүгіне алады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар мемлекеттік шараға қатыса алады. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және зейнеталды жастағы азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы арқылы еңбек нарығына араласуға мүмкіндік бар.

Жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындары туралы ақпарат http://xn--nbek-u4d.kz/ порталында тұрақты жарияланып отырады. Бүгінде порталда Шымкент қаласының аумағында 4 мыңнан астам бос жұмыс орны туралы мәлімет орналастырылған. Тұрғындар порталдың мобильді қосымшасын жүктеу арқылы үйден шықпай-ақ өзіне қолайлы жұмыс орындарымен танысып, қажет ақпаратты ала алады.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...