Түркістан: облыстық «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: облыстық «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ұстаздары арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өз мәресіне жетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау мақсаты – ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу. Сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Арыс қаласында орналасқан №17 колледж ұстазы Әділжан Сұлтанбек жеңіп алды.

І орын – Түркістан қаласы, Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж ұстазы Ақбота Бектасова; І орын – Төлеби ауданы, №8 колледж ұстазы Дина Садибекова; ІІ орын – Бәйдібек ауданы, №19 колледж ұстазы Айжамал Құралбек; ІІ орын – Қазығұрт ауданы, №11 колледж ұстазы Қырмызы Абилова; ІІІ орын – Кентау қаласы, №7 колледж ұстазы Дидар Төлбасы иеленді.

Жеңімпаздар «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» мекемесі атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Айта кетейік, «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттары, мектеп-интернат, арнайы мектеп-интернаттары, балалар үйлері ұстаздары арасында 30 қазан күні, аудандық, қалалық іріктеуден жеңімпаз атанған жалпы білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында 31 қазан күні, Түркістан қаласы, «Ақжайық» музыка мектебінде өткізіледі.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...