Шымкент

Гимназия оқушылары ковидке қарсы екпе алуда

Шымкентте емханалар мен білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолы КВИ-ге қарсы екпе егу жұмыстары М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясында жалғасты. Қалалық №14 емдеу орталығының дәрігерлері мектепте жасөспірімдерге екпе салды. Мектеп директоры Айнұр Сахованың айтуынша, аталған білім ұясында 12 мен 17 жас аралығында 883 оқушы оқиды. Оның ішінде Комирнати (Pfizer ...

Читать далее »

Тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС ...

Читать далее »

«Жұлдызды 30 күн» аясында отбасы құндылықтары дәріптелді

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Shanyraq» орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара әрбір жанның ең маңызды бір бөлігі «отбасы құндылықтары» жайында болды. Аталған іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Б.Нарбекова, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы Д.Сайханов, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Отарбаев, Әділет департаменті ...

Читать далее »

Шымкентте «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде елімізге белгілі тарихшылар бас қосты. Жоғары оқу орнының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы басталды. Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысушы қонақтарға жолдаған құттықтауын университет ректоры әрі ...

Читать далее »

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Балалар фольклоры – тәрбие негізі» атты іс-шара өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында өткен тәрбие сағаты отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың негізгі өзегі баланың санасын ояту, балабақша және мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Танымдық кешке қаладағы №58, №50, №83, №15, №38, №135 жалпы орта мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ...

Читать далее »

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 36 303 науқас анықталған болатын. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 955. Қазіргі таңда 309 науқас емделуде. Стационарда 181 науқас жатыр, 128 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 20 жағдайы тіркелген. Бүгінде қалада 733 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан ...

Читать далее »

Тұрғын үй мәселесіне қатысты жауап берді

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізді. Жиырмаға жуық азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті жауаптар берілді. Басқарма басшысының жеке қабылдауында болған Айдана Тұрымбетова тұрғын үй кезегіне тіркелмеген. Алайда ол тұрғын үй кезегі арқылы жеңілдетілген несиелік бағдарламаға қатыссам дейді. Оған баспаналы болудың несиелік бағыттары түсіндірілді. Тұрғын үй кезегі санаттарының біріне сәйкес келмеген, ...

Читать далее »

Мақсатты пайдаланылмаған жер телімдері мемлекет мұқтаждығына қайтарылды

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысы жерді мақсатты пайдалану, заңсыздыққа жол бермеу, пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстарының барысын баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді. Жалпы әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан 20-ға жуық сұрақтар келіп түсті. Шымкент қаласында игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі анықталған. Сонымен ...

Читать далее »

Шымкентте 200 мың түп қарағаш егу жоспарлануда

Биыл жыл басынан бері Шымкентте «Жасыл белдеуді» дамыту бойынша жалпы ауданы 195 гектар жерге 97 500 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға отырғызылған көшеттердің саны 60 590 бірлікті құрайды. Күзгі отырғызу кезеңінде жалпы ауданы 162 гектар аумақта сексеуіл тұқымын егу және 100 гектар аумақта 200 мың қарағаш егу жоспарлануда. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қала бойынша 38 жер ...

Читать далее »

Қала активімен өткен жиында жаңа тұжырымдама жобасы таныстырылды

Шымкент қаласының әкімдігінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың қатысуымен қала активімен кездесу өтті. Жиынды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашып, жүргізді. Қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері, қалалық құқық қорғау органдарының жетекшілері, тағы басқа ресми өкілдер қатысқан жиында қоғамның мемлекеттік институттарға сенімін нығайту, заң үстемдігін орнықтыру, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті жетілдіру міндеттері сараланды. Қазақстан Республикасы ...

Читать далее »

YPO Forum Shymkent: Шымкентте ірі инвесторлар бас қосты

Биыл Шымкент қаласының экономикасына 400 миллиард теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде шетелдік және жеке инвесторлардың үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл туралы YPO FORUM Shymkent «Жаңа жағдайдағы бизнес» форумында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. — Бүгінгі форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында өтіп отыр. Осы орайда, Шымкент қаласының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне тоқталып өткен жөн. Бизнесті мемлекеттік ...

Читать далее »

Қала аумағында 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды

Шымкентте ауыл шарушылығы кооперативтерін дамыту мақсатында шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңға дейін қала аумағында жалпы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтер саны — 52 болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған. Өткен жылы мал шаруашылығы саласында «Turan Agroproduct» АӨК және «Silk ...

Читать далее »

500-ден астам сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді

Шымкентте жыл басынан бері 575 мүмкіндігі шектеулі азамат сурдотехникалық құралдарға «әлеуметтік портал» арқылы онлайн тапсырыс берген. Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдарға тапсырыс берген күннен бастап 14 күн ішінде тегін жеткізіледі. Сурдотехникалық құралдар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ...

Читать далее »

Сібір жарасына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде сібір жарасы ауруына қатысты тарап кеткен ақпаратқа орай Шымкент қалалық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Аманбеков және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі Манарбек Ержігітов мәлімдеме жасады. Инспекция өкілі әлеуметтік желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. – Бұл оқиға өткен қыркүйек айында болған. М. Панбаев Бәйдібек ауданы Амантай-Талап ауылынан аяғы сынған жылқысын алдырып Ақсукент ауылында сойып, 17 жілікке ...

Читать далее »

«Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы көрерменге ұсынылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары ...

Читать далее »

Шымкент еліміздің креативті хабына айналады

Үшінші мегаполисте еліміздегі мобилографтар бас қосты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан сарайында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті. Іс-шара аясында өткен пленарлық кездесуге қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және Қыран Талапбек, Өркен Кенжебек, Сырымбек Тау, Ақбота Ануарбек, Әділет Рахметолла сынды медиа саласы мен түрлі бағытта өз бастамаларын дамытып жүрген ...

Читать далее »

Криминальный авторитет Рафик Шымкентский отсудил деньги у государства

В настоящее время он отбывает срок за соучастие в групповом мошенничестве в особо крупном размере. Енбекшинский районный суд Шымкента поставил точку в гражданском деле по иску Рафаэля Бикбаева, известного в широких кругах как криминального авторитета Рафика Шымкентского. Ранее Рафаэль Бикбаев подал исковое заявление в суд с требованием возместить ему моральный вред за незаконные действия сотрудников полиции. В 2006 году его ...

Читать далее »

Шеткі шағынаудандарда вакциналау ісі қарқын алды

Қаладағы «Ақжар» және «Ақтас» шағынауданында вакцина егу жұмыстары қарқын алды. Ақтастағы №61 мектепте қазір 300-ден аса оқушы білім алады. Білім ұясындағы оқушыларға профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу үшін мұнда егу бекетінің жұмысы ұйымдастырылған. №11 емхана мамандары бүгін медициналық кабинетте алғаш рет оқушыларға Pfizer препаратын салды. «Перзентімнің қауіпсіздігі үшін мен бүгін мектепке арнайы келіп, балама вакцина салдырдым. Вакцинациялау кезінде ұлымның қасында ...

Читать далее »

Аялдамалар мен аяқ жолдар қардан тазалануда 

Еңбекші ауданы аумағындағы көшелер мен ішкі орам жолдарда орналасқан 293 аялдама мен 154 шақырымға жуық аяқ жолдар қардан тазалануда. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС және «НұрТауСервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Оған 4 дана қар тазалайтын арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылды. Аялдамалар мен аяқ жолдарға тайғаққа қарсы инертті заттар себілуде. Автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге ...

Читать далее »

Экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті

17-19 қараша күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент өнімдері-2021» көрмесі өтуде. Іс-шара аясында Шымкент қаласындағы экспорттаушы ұйымдардың өңірлік кеңесінің отырысы болды. Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, өңірлік кеңестің мүшелері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы Шымкент және Түркістан өңірлік өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиал директорының орынбасары қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және ондағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып ...

Читать далее »