Шымкент

Абай ауданында 38 көше жарықтанды

Шымкент қаласы Абай ауданында 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар. Оның ішінде 28-і магистральды, 997 көше ішкі орамдық жолдар санатына жатады. Ауданда 651 көшеге асфальт төселген, 352 көше тас жол және 13 шақырым 22 көше топырақ жолдар. Тас жолдарға жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы тарапынан 2025 жылға дейін асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр. Ал аудандағы көшелердің жарықтануы 2021 жылға ...

Читать далее »

Еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионаты өтеді

Шымкент қаласында 2021 жылдың 09-12 қараша аралығында еркін және әйелдер күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 20 команда, 320 спортшы қатысады. Осылайша «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» өтетін дүбірлі додада ел үздіктері анықталмақ. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 9 қараша, сағат 16:00-ге жоспарланған.

Читать далее »

Шымкентте алғаш рет ми тамырына микрохирургиялық ота жасалды

Қаладағы №1 аурухана базасында дәрігерлер инсульт алған 69 жастағы науқастың ми қан тамырын микрохирургиялық әдіспен тігіп берді. Шымкентте алғаш рет жасалған ота – еліміздің үздік нейрохирургі Еркін Медетовтың жетекшілігімен өтті. Науқас аталған ауруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Инсулть алған науқасты дәрігерлер ангиографиялық әдіспен тексеріп, қан тамырындағы ақауды анықтаған. Пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде оны ота залына ...

Читать далее »

Қала спортшылары әлем чемпионаттарынан 4 алтын, 8 күміс, 5 қола жүлде жеңіп алды

2021 жылдың 9 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 415 алтын, 327 күміс, 367 қола медаль жеңіп алды. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 33 алтын, 28 күміс және 14 қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар, әлем чемпионаттарында 4 алтын, 8 күміс және 5 қола, әлем кубоктарынан 9 алтын, 8 күміс және 16 қола медальге ие болды. ...

Читать далее »

Шымкентте 5 жылда жасыл желек саны 2 есеге артады

Шымкент қаласында 2020 жылға дейін 6 млн жасыл желек бар болатын. Биыл 9 айда тағы 300 мың ағаш көшеттері отырғызылды. 2021-2025 жылдар аралығында 6,5 млн. жасыл желек егу жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға қала аумағында 12,5 млн. жасыл желек болады. Бүгінде қалада 9 саябақ, 39 гүлзар бар. Мегаполисті абаттандыру жəне қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Алатау» саябағының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға ...

Читать далее »

«Тағдырыма тәнтімін» кеші өтті

Шымкенттегі филармония ғимаратында еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына және «Алтын кітабына» енген, арнайы төсбелгі иемденген ақын, «Ғани Мұратбаев сыйлығының» иегері Ербек Бакиевтың «Тағдырыма тәнтімін» атты поэзиялық жыр кеші өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған кешті ҚР мәдениет қайраткері Гүлбала Әбуова жүргізіп, концертте ақынның өлеңіне жазылған әндер мен жырлары орындалды. – Бүгінгі кешке жиналып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп ...

Читать далее »

Б.Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп, біраз бөлігі аяқталды. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған. Қаланың маңызды бөлігі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарды. Техникалық қадағалаушы «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы болып бекітілді. Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі ...

Читать далее »

Жаңа пәтерге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы аясында Тұран-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердегі пәтерлерге тікелей сатылым басталды. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, сатылымдағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 200 000 теңгені құрап отыр. Жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен сатылымдағы жалпы пәтер саны – 305. Оның ішінде, 1 бөлмелі – 136, 2 бөлмелі – 147, 3 бөлмелі – 22. Аталған тұрғын үйлердегі пәтер құны жобамен: ...

Читать далее »

«Жас өнерпаз» байқауы өтті

Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты — балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу. Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің ...

Читать далее »

Бұқаралық спорттың дамуы – спорт нысандарының қолжетімділігінде

Шымкент қаласында бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары спорт шеберлігі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2021 жылдың 9 айында халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде қамтылу көрсеткіші 31 %-дан асты. Шаһарда 2021-2025 жылдары 115 заманауи спорт алаңдарын салу, «Металлург» стадионын қайта жаңғырту, №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін пайдалануға беру, 14 мыңнан астам балаларға спорт секцияларын ашу, заманауи ...

Читать далее »

Биыл 7 елдімекен сапалы электрмен қамтылады

Шымкентте 81 елдімекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса,16-сы жарықты жекеменшік жүйеден алады. Биыл электрмен қамту үшін 11,4 млрд. теңгеге 4 қосалқы станция мен 16 елдімекенде ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында құрылыс аяқталып, 21 мыңнан аса халық сапалы электрмен қамтылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 97%-ға жетеді. Ал, Жаңаталап, ...

Читать далее »

Асарлықтар көптен күткен ауыз суға қол жеткізді

Шаһардағы «Асар-2» тұрғын алабына ауыз су берілді. Ауыз суға қосу іс-шарасына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов қатысып, асарлықтардың қуанышымен бөлісті. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, 5 елді мекен биыл кезең кезеңімен ауыз суға қосылады. Су құбырының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан 2020 жылы басталды. «Асар-2» тұрғын алабында 2765 абонент бар. Су жүйелерінің жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайды. ...

Читать далее »

Отбасы құндылықтарын насихаттайтын контентті көбейту қажет

Интернет кеңістігінде отбасы құндылықтарын насихаттайтын, үлгілі отбасыларды елге танытатын және балаларға арналған қазақ тілді контент өте аз. Бұл туралы «Әкеге қарап ұл өсер» атты республикалық әкелер форумы аясындағы «БАҚ пен блогерлердің Қазақстандағы отбасы институтының қалыптасуына ықпалы» панелдік сессия барысында белгілі журналист Ерболат Мұхамеджан айтты. — Біз қаласақ та, қаламасақ та балалардың тәрбиесіне интернет қатты әсер етіп жатыр. Бірақ, интернетте балаларға ...

Читать далее »

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ескерткіш тақтайшасы ашылды

Кеңес одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, №1 армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың атымен аталатын Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта білім беретін мектепте батырдың ескерткіш тақтайшасы ашылды. Салтанатты іс-шарада қалалық қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Онбаев және мектеп директоры Бегмат Усманов сөз сөйлеп, халықтың қаһарман ұлы жайлы ой толғады. – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қор демеушілігімен батырдың бюсті ...

Читать далее »

Тұран шағынауданында құрылысы жүріп жатқан 13 көшенің сапасы бақылауда

Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігінде орналасқан Тұран шағынауданында қазіргі таңда барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Биыл 4 көшенің жол құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарға қойылған. Бүгінде мердігер мекеме «Отау-строй» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан № 2 жол жұмыстарының 98 пайызы аяқталса, «Строй Жол Сервис» ЖШС № 6 жолдың 96 ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа спорттық нысан ел игілігіне берілді

Белгілі кәсіпкер Серік Төлбасовтың қоры Майлықожа көшесі №17 көпқабатты үйдің тұрғындарына жаңа спорттық алаңшасын тарту етті. Мұнда азаматтардың спортпен айналысуы үшін ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын көпфункционалды спорт алаңы салынған. Одан бөлек, мұнда спорттық құрылғылар орнатылған workout аймағы да қарастырылған. Енді аула тұрғындары жыл он екі ай осы алаңқайларда дене жаттығуларымен айналыса алады. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімінің ...

Читать далее »

Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтуде

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтуде. Отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті. — Бүгінде қоғам ауқымды трансформацияны басынан өткізуде. Осылай жедел өзгеріп жатқан қоғамдағы ер азаматтардың орны мен рөлі, оның мойнындағы міндеттер ...

Читать далее »

Арнайы техниканың дайындығы тексерілді

Шымкент қалалық азаматтық қорғау қызметі мен авариялық-құтқару қызметтері жол техникасының қыс мезгіліне әзірлігі қаралды. Арнайы техниканың дайындығын қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов және ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев тексерді. Бұл тексеру «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қарсаңында өткізілуде. Мақсат – инертті материалдар қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына қалалық азаматтық қорғау қызметінің техникасын пайдалану деңгейін тексеру, арнайы ...

Читать далее »

Қаланың бас дәрігері арқаны кеңге салу әлі ерте екенін ескертті

Шымкент қаласы бірнеше аптадан бері «жасыл» аймақта. Бүгінгі таңда 200 адам ковид ауруы бойынша ауруханада жатыр. Оның 47-сі жансақтау бөлімінде жатса, екеуінің халі нашар. Екеуі де өкпені қолдан желдету аппаратына қосылған. 3 қараша күнгі мәлімет бойынша 47 адам Ковид белгісімен тіркелген. Олардың арасында 18 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен ...

Читать далее »

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Мемлекеттік шекара» кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды. Жаңа кітап мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жасыл күнқағарлы жауынгерлерге арналған. «Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі айтулы деген оқиғалар кірді. Мұнда шекара жауынгерлерінің тынымсыз күндері, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешірген шиеленіске ...

Читать далее »