Аялдамалар мен аяқ жолдар қардан тазалануда 

Еңбекші ауданы аумағындағы көшелер мен ішкі орам жолдарда орналасқан 293 аялдама мен 154 шақырымға жуық аяқ жолдар қардан тазалануда. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС және «НұрТауСервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Оған 4 дана қар тазалайтын арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылды. Аялдамалар мен аяқ жолдарға тайғаққа қарсы инертті заттар себілуде.

Автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға шақырамыз. Мамандар жел күшейген сәтте ғимараттардан шықпауға, құрылыс жүріп жатқан жерлермен, ағаш астымен жүрмеуге кеңес береді.

Еңбекші ауданының тұрғындары үшін бірыңғай байланыс нөмірі: 53-27-43, 87083261058 (уатсап) немесе 109.