Шымкент

Аялдамалар мен аяқ жолдар қардан тазалануда 

Еңбекші ауданы аумағындағы көшелер мен ішкі орам жолдарда орналасқан 293 аялдама мен 154 шақырымға жуық аяқ жолдар қардан тазалануда. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС және «НұрТауСервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Оған 4 дана қар тазалайтын арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылды. Аялдамалар мен аяқ жолдарға тайғаққа қарсы инертті заттар себілуде. Автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге ...

Читать далее »

Экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті

17-19 қараша күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент өнімдері-2021» көрмесі өтуде. Іс-шара аясында Шымкент қаласындағы экспорттаушы ұйымдардың өңірлік кеңесінің отырысы болды. Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, өңірлік кеңестің мүшелері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы Шымкент және Түркістан өңірлік өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиал директорының орынбасары қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және ондағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып ...

Читать далее »

Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталды

Үшінші мегаполисте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жылдың басынан басталды. Әр ай белгілі бір салаға арналды. Енді бүгіннен бастап «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталып, 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ...

Читать далее »

«Shymkent önimderi — 2021» көрмесіне 100-ге жуық компания қатысуда

Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімдігіұйымдастырған «Shymkent önımderı — 2021» атты жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды. Үш күн бойы жалғасатын көрменің мақсаты — жергілікті тауар өндірушілерді тұтынушыларға кеңінен таныстырып, олардың ісін ілгерілетуге көмектесу.Бұл шараға өңдеу өнеркәсібі бағытында жұмыс істеп, дайын өнім шығарып жатқан 100-ге жуық шымкенттік компания қатысуда. Олардың арасында құрылыс материалдарын, жиһаз, медициналық құрал-жабдықтар ...

Читать далее »

Қалада 7 елді мекен сапалы электрмен қамтылады

Биыл Шымкентте елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды іске асырыла бастады. Мәселен, қаладағы 81 елді мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса,16-сы жарықты жекеменшік жүйе арқылы пайдаланады. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, биыл электрмен қамту үшін 11,4 млрд. теңгеге 4 қосалқы станция мен 16 елді мекенде ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке ...

Читать далее »

Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде

Шымкентте жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы аумағындағы орталық 76 көше мен ішкі орам көшелерді тазалау жұмыстары 10 бағытқа бөлінді. Әр бағыт бойынша тиісті арнайы техникалар мен жұмысшылар кестеге сәйкес қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 30 бірлік техника, 4 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 11 трактор, 10 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 ...

Читать далее »

Шымкенттің бас дәрігері қызына вакцина салдырды

Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қызы ковидке қарсы вакцина салдырды. Қызымен емханаға келген қаланың бас дәрігері жазбаша сауалнамаға жауап берді. 15 жасар Мерейге емхана мамандары Pfizer вакцинасын салды. Оныншы сынып оқушысы ата-анасымен кеңесе келе екпе салдыруға шешім қабылдағанын айтады. «Ата-анаммен келісіп, вакцина салдырдым. Осы екпе арқылы өзімді қауіпті вирустан қорғағым келеді» – дейді Мерей. «Балаңызға вакцина салдырасыз ...

Читать далее »

«Ақылды күнбағыс» кешенін пайдаланушылар саны артты

Қала тұрғындарына интернет желісін қолжетімді ету жергілікті әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі. Қалалық цифрландыру басқармасының дерегінше, осы мақсатта 2020 жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды. Атап айтқанда, Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздік саябағы -6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» ...

Читать далее »

Ардагерлер мен жастар шахматтан жарысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіна қарасты Абай кітапханасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы шахматтан турнир өткізді. Оған «Ақ тұлпар» ардагерлер шахмат клубы мен «Жас толқын» жастар командасы қатысты. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. Бүгінде Шымкент – еліміздің шахмат орталығына айналып отыр. Әлемді мойындатқан шахматшылардың Шымкенттен қанаттанып, осында өздерінің ...

Читать далее »

Ветеринариялық іс шаралар атқарылды

Шымкентте эпизотияға қарсы жұмыстар қолға алынуда. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының дерегінше, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс шаралар ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда. Профилактикалық іс-шаралар бойынша: құтыруға ірі қара мал – 75 бас, ит – ...

Читать далее »

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол таңбалары сызылды

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады. Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді ...

Читать далее »

Қаладағы емханалар мен мектептерде Рfizer вакцинасы салынуда

Үшінші мегаполиске Covid-19-ға қарсы америкалық Comirnaty Pfizer екпесінің 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген. Бүгінде қаладағы емханалар мен мектептерде орналасқан егу пунктерінде жасөпірімдер мен жүкті және емізулі аналарға епке егу жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық №13 емханада ерікті түрде вакцина алуға ниет білдіргендер алғашқы компонентін салдырды. Емхана бас дәрігерінің орынбасары Наталья Камалова алғашқы күні I компонентті 12 оқушыға салғанын мәлімдеді. ...

Читать далее »

Шымкентте өндірістік процестерді автоматтандыру жұмыстары оң бағаланды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды. Үкімет басшысы халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қажетті көлемде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. ДДСҰ ұсынысы бойынша елімізде вакциналауға жататын адамдар санаты кеңеюде. Бүгінде жеті өңірде жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакциналау басталды. Өңірлерге Comirnaty ...

Читать далее »

Шымкент демографиялық өсімде көш бастады

Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр. Демографиялық дүмпу бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Қуаныштысы сол қалада биыл дүние есігін ашқан егіздердің саны өскен. Жыл басынан бері қалада 305 егіз дүниеге келген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда егіздер саны 100-ге артық дейді дәрігерлер. 2021 жылы сыңарымен туған сәбилердің басым бөлігі – қыз балалар. – ...

Читать далее »

Экспедициялық топ жолға шықты

Саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмысшы топ Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚУ-дан екі бағыт бойынша экспедициялық зерттеуге аттанды. Бес зерттеуші ғалым — Г. Жанысбекова, Б. Найманбаев, Қ. Наурызова, Б. Әбдіқали, А. Қалшабек 5 ерікті студенттермен бірге бірінші бағыт бойынша Қайнарбұлақ ауылындағы №160, Қайнарбұлақ саяжайында №83 және Тассай тұрғын алабында №116 мектепте ұстаздармен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың саяси қуғын-сүргін көрген ...

Читать далее »

Коллектор құрылысы аяқталуға таяды

Шымкентте Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы жүруде. Қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов нысанның құрылыс барысын көрді. Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрап, құрылыс жұмысы өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Бүгінде «Сарыағаш-Аман» мердігер мекемесі тарапынан жұмыстың 11 шақырымға жуығы тартылып, жалпы құрылыстың 90 пайызы атқарылған. Аталған канализациялық коллектор құрылысы нәтижесінде Тассай, Азат, Ұлағат, ...

Читать далее »

Қалада спорттық алаңша ашылды

Шымкенттегі №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, спорттық алаңша ашылды. Спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Нүрипа Әуелқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Анипа Искакова және ата-аналар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңадан ашылған спорт алаңшасында енді балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануына мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мектепте бірнеше ...

Читать далее »

«Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 17-19 қараша күндері «Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын, ұйымдар мен мекемелерді жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру. Іскерлік байланыстарды нығайту үшін көрмеге әлеуетті тұтынушылар шақырылып отыр. Олардың қатарында мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері бар. Көрмеде тамақ, ...

Читать далее »

Елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылады

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, эфир барысында аудан аумағында инфрақұрылыммен қамту жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауданға 2014 жылы 10 елді мекен қосылған. Алайда шалғай аудандарды инфрақұрылыммен қамту мәселесі қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы негізінде 2020 жылдан бастап қолға алынған. Қысқа мерзімде 461 млн. теңгеге ЖСҚ-лар әзірленіп, қазір ...

Читать далее »

Шымкентте оқушыларды вакцинациялау басталды

  Шымкентте оқушыларға бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді. Қалада алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасын 25 мектептің оқушылары салдырды. Екпеден алдын дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған. Мұнда профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай ...

Читать далее »