Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 36 303 науқас анықталған болатын. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 955. Қазіргі таңда 309 науқас емделуде. Стационарда 181 науқас жатыр, 128 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 20 жағдайы тіркелген. Бүгінде қалада 733 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан бастап қалада 3057 төсек-орын жабылды. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 24% құрайды, 545 төсек орын бос. Жансақтау бөлімінде 166 төсек орын бар, онда 33 азамат ем қабылдауда, 133 төсек-орын бос. Толымдылығы – 19%. Қалада 45 екпе нысаны бар. Екпенің І компонентімен 564 518 адам, ІІ компонентпен — 531 671 адам егілді.

Бүгінгі күнге дейін вакцинамен тиісті контингенттің І компонентімен 94,7% (596205 адам), ІІ компонентпен 89,2% вакцинацияланды. Алдыңғы жоспар (536 000) бойынша 100% орындалған. Коронавирустық инфекцияға қарсы «Pfizer-BioNTech» (Комирнати) вакцинасымен 96437 тиісті контингентті вакцинациялау жоспарлануда. Олар 15-40 апта аралығындағы жүкті әйелдер (8740 әйел) мен 12-17 жастағы жасөспірімдер (87697 бала).

Сондай-ақ, қосымша 16314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау да жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келді. Қараша айының 11-нен бастап 12 мен 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдердің «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен егу басталып кетті және бүгінге дейін Pfizer вакцинасының I компоненті 395 адамға егілді.