Шымкент

Шымкентте Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан салтанат сарайында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Елбасы бастамасымен қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті. — Шымкент — Елбасының қамқорлығындағы қала. Шымкенттің республикалық мәртебеге ие қала болуы Тұңғыш Президенттің жобасы екенін мақтанышпен айта аламыз. Бұл тарихи шешім ...

Читать далее »

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті

Өткен жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай, бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті. Комиссия жанынан 30 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топқа ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар ...

Читать далее »

Қалада қайырымдылық акциясы басталды

Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Абай ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» қорының облыстық филиалы «Көмек» оңалту орталығында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларына арналған қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық акциясы аясында зардап шеккен азаматшалармен жеке сұхбат жүргізілді. Оларға психологтар психологиялық қолдау көрсетсе, полиция инспекторлары заңгерлік-құқықтық кеңестер берді. Сондай-ақ, акция барысында жергілікті полицияның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ...

Читать далее »

Шымкентте «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті

Шымкентте бірінші рет пилоттық жоба ретінде «Анаға хат» шығармашылық байқауы онлайн түрінде ұйымдастырылды. Байқауға Абай ауданы аумағындағы бес мектептің оқушылары қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Қазылар алқасы байқауға түскен 49 оқушының шығармаларымен танысып, жүлдеге сай жұмыстарды марапаттауға ұсынды. Байқаудың екінші кезеңі «Саз» колледжінде жалғасты. Жоба авторы, айтыскер-ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Леубаева қатысып, жастарға жүрекжарды ...

Читать далее »

Жыл соңына дейін 2 437 отбасы баспаналы болады

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 39-ын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында басқарма басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді. БАҚ өкілдері алдымен Тұран шағынауданындағы құрылысы аяқталған тұрғын үйлермен танысты. Заманауи сәулеттік жобалар бойынша салынған тоғыз және он екі қабатты үйлерде тұрғындарға ...

Читать далее »

Биыл Шымкенттен Солтүстік өңірлерге 52 отбасы қоныс аударды

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйытқы болуымен Шымкент қаласынан жұмыс күші тапшы СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарына қоныс аудару мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер, қала тұрғындары және Zoom арқылы жұмыс күші тапшы облыстардың жұмыспен қамту басқармалары мен аудандарының жұмыспен қамту бөлімдерінің жетекшілері қатысты. СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарының жауапты мамандары қай ...

Читать далее »

“Грантқа өткізіп беремін”: Шымкентте 10 адамды алдап кеткен әйел қолға түсті

Шымкенттің полиция қызметкерлері 10 адамды алдап кеткен әйелді анықтады. Күдікті грантқа өткізуге уәде беріп, олардың ақшасын иемденіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медия порталы. 24 қарашада Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында қаладағы оқу орнында ақылы оқитын қызын танысы грантқа өткізіп беремін деп сеніміне кіргенін көрсеткен. Алайда арада уақыт өткенде танысы не уәдесін орындамай, не ақшасын ...

Читать далее »

Қалада жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, қалалық “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтеновтің бекіткен «30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде тұрғындарға қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 700-ге жуық техникалық, педагогикалық және т.б.мамандықтары бойынша тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. «Шаңырақ» орталығында өткен жәрмеңкеде жұмыспен ...

Читать далее »

«Тәуелсіздік – басты құндылық» атты байқауы өтеді

Шымкентте 24 қараша мен 8 желтоқсан аралығында әлеуметтік желілерде жарияланатын жұмыстарға байқау жарияланды. Бұл туралы қалалық жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз жиынында «Бәйтерек» жастар ұйымының жоба үйлестірушісі Сабира Байзахова мәлімдеді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған байқауға 14 пен 45 жастағы қала тұрғындары қатыса алады. Жалпы сайыстың жүлде қоры – 1 млн 500 мың теңге. Жастар арасындағы патриоттық сезімді ...

Читать далее »

Жастарды жұмысқа тарту бойынша үшжақты меморандум түзілді

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да жастарды тұрақты жұмысқа қабылдау мәселесіне арналған үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті. Іс-шара аясында «Оңтүстік Қазақстан металлургиялық компаниясы», «Шымкент металлургиялық компаниясы—ШМК», «Қазақстан-Қытай марганецті индустриалды тобы», «Абайл өндіріс» кәсіпорындарының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова және Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова өзара бірлескен меморандум құжатына қол қойды. Қолға алынған жобаның негізгі мақсаты — ...

Читать далее »

Шымкентте ревакцинациялау науқаны басталды

Үшінші мегаполистің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев коронавирусқа қарсы вакцинаның III компонентін салдырып, ревакцинациялау науқанын бастады. Қалалық №13 емханада орналасқан екпе егу пунктінде векторлы екпе алғанына 9 ай және белсенді емес вакцина салдырғанына 6 ай болған тұрғындар қайта вакцинациялаудан өтті. – Covid-19 инфекциясының алдын алу мақсатында қайта вакцина салдыруға келіп, отандық өнім «QazVak» екпесін алдым. Ақпан айында ресейлік векторлы «Sputnik-v» ...

Читать далее »

Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылданушылар көбеюде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте жаппай жүгіру өтті. Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта спортшылар, спорт мектептерінің қызметкерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шара ел тәуелсіздігінің мерейтойы және Мемлекет басшысының халық арасында бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр, дейді жауапты мамандар. – Бүгінгі бұқаралық жүгіруді де ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отырмыз. Бүгінгі – үшінші жүгіруге ...

Читать далее »

«30 жылға – 30 жұлдызды күн»: Этнос өкілдері өнер сайысында бақ сынады

Шымкенттегі оқушылар сарайында «Менің тілім» атты өнер сайысы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа – 30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеруі аясында ұйымдастырған байқауда этнос өкілдері өнерлерін ортаға салды. Қалалық тілдерді оқыту және әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен өнер сайысында түрлі салада қызмет ететін, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алатын 11 этнос өкілі бақ сынады. Қатысушылар алғашқы кезеңде ...

Читать далее »

Шымкентте арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік тауарлары ұсынылды. Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара аудандары жәрмеңкеге қала тұрғындарына 6 ...

Читать далее »

Отандық тауар өндірушілер көрмесі өз мәресіне жетті

«Шымкент өнімдері» көрмесіне 90-нан аса кәсіпорындар қатысып, келушілерге өз өнімдерін кеңінен таныстырды. Бұл шара қаламыздың өнеркәсіп саласының даму потенциалына өз үлесін қосатын болады. Көрме қорытындысымен кәсіпорындар арасынан ең көп дауыс жинаған алғашқы 10 кәсіпорын «Халық таңдауы» дауыс беру нәтижесі бойынша таңдалса, 9 кәсіпорын «Саладағы үздік өнім» шығаратын кәсіпорын ретінде анықталды. Жеңімпаздарға ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды. «Халық таңдауы» арқылы дауыс ...

Читать далее »

«Қамар сұлу» операсы сахналанды

Кеше Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Бұл опера премьерасы алғаш рет 2013 жылы қойылып, қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова болды. Бұл жолғы премьераны Ресей режиссеры Михаил Панджавидзе өзінің ерекше стильді идеясымен Еркеғали Рахмадиевтың 90 жылдығына орай өнер ...

Читать далее »

Дубайда «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды

Бүгін «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды. 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек. Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін таныстырып, EXPO-дағы Шымкент қаласы күндерін ресми түрде ашып берді. – Шымкент қаласында туризмнің дамуында көптеген маңызды ...

Читать далее »

Дубай мен Шымкент арасында туризмді дамытуға арналған меморандум түзілді

Дубайда өтіп жатқан «Шымкент қаласының күндері» аясында, туристерді тартуда бірлескен шараларды жоспарлау және ішкі, сыртқы, медициналық туризмді дамыту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Nirvana Travel and Tourism LLC», «New magic LifeStyle», «Unique Group Hotel’s and travel», және «Seaside Investment Dubai» компанияларымен екіжақты меморандум түзілді. Меморандум аясында бірлескен роуд-шоулар ұйымдастыру, имидждік өнімдерімен алмасу, көрмелерге, форумдарға, конференцияларға бірлесіп қатысу, бірге айқындайтын ынтымақтастықтың ...

Читать далее »

30 жылдық мерейтойға орай 5 өндірістік жоба іске қосылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков @akimat_shymkent инстаграм парақшасындағы тікелей эфирде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Басқарма басшысы негізгі жұмыс бағыттары – өнеркәсіпті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту және бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстардың барысына тоқталып өтті. Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан қайтарымсыз гранттар беру, мемлекеттік қолдау шаралары бағытында, жалпы 40-қа жуық сауалдар қойылды. ...

Читать далее »

Шымкенттік зейнеткерлер белсенді өмір салтын насихаттауда

Шымкент қаласындағы «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір сүруді насихаттап, олардың өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында қызмет атқарады. Бүгінде орталықта 445 зейнеткер түрлі қызмет түрлерін алуда. Апта сайын қариялар Дендросаябақта спортпен шұғылданып, би билеп уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді. Шет тілін меңгеріп жүргендер де бар. Одан бөлек, қолөнермен шұғылданып, орталықтағы кітапхананың тұрақты ...

Читать далее »