Авторские архивы: editor

Шымкентте 8 көшеге оң жақ өткел салынуда

Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған. Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – қырық бес орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша сегіз көшедегі он орынға жерге оң жақ өткел салынуда. Айта кетсек, жыл басында биыл он бір орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, ...

Читать далее »

Қалада көгалдандыру жұмысы жалғасуда

Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үй аулалары мен көше бойындағы ағаштарды бұтау , суару және көгалдандыру жұмысы «Build Stroi» мердігер мекемесі атқарып отыр. Ал санитарлық тазалау жұмысы белгіленген кесте бойынша, сонымен бірге тұрғындардың сұранымы негізінде жүргізілуде.   Аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағындағы жасыл желектерін қырқу жұмысы да күнделікті атқарылып жатыр. ...

Читать далее »

Абай ауданында көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда жасыл желектердің аумағын ұлғайту мақсатында Абай ауданында биыл жиырма сегіз мың шаршы метр газон, отыз екі мыңға жуық ағаш көшеттері егілді. Аталған жұмыстар мердігер мекеме «Biuld Stroi» ЖШС тарапынан атқарылды. Қазіргі таңда газон егуге жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары Арғынбеков көшесінің бойындағы аяқ жол мен асфальт жолдың арасындағы бос жатқан жерлерге атқарылады.   Газон ...

Читать далее »

«Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 29 қыркүйек күні сағат 15.00, 19.00-де жеңіл әзіл, астарлы қалжыңға толы Мар Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады. «Тіл табысқандар» спектаклі — ауылдан келген әпкенің қала тіршілігіндегі сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін өз ана тіліне сөйлетуі жайлы бейнеленеді.   Аталған ...

Читать далее »

Шымкент қаласындағы №2 аурухана – дамудың жаңа сатысында

Шымкент қаласындағы №2 аурухана дəрігерлері коронарография əдісімен жүрек ауруы бар науқасқа алғаш рет диагностика жасады. Күрделі ота аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы рентген-хирург Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті. Аурухана базасында алғаш рет жасалған ота кезінде білікті мамандар жүрекке жіңішке катетер жіберіп, шаштың қылындай ғана қан тамырдағы ақауды дер кезінде анықтады. Аурухана дәрігерлері жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронаграфия əдісін сәтті ...

Читать далее »

Мазараттың қоршаулары ретке келтірілді

Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданындағы мұсылман мазаратының ішкі және сыртқы қоршауларының сынған жерлері қалпына келтірілді. Сондай-ақ, онда заңсыз ашылған кіріп-шығу есіктері де бекітілді. Жалпы аудан аумағында бес мұсылман мазараты орналасқан. Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған және қураған ағаштарын бұтау, қоқыс шығару жұмыстары кестеге сай тұрақты түрде атқарылып келеді. Күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы аптасына екі рет ...

Читать далее »

Шымкент қалалық орыс драма театры қазан айында өтетін қойылымдарға шақырады

Шымкент қалалық орыс драма театры қала тұрғындары мен қонақтарын қазан айында өтетін қойылымдарға шақырады. Осыған орай 1 қазан күні сағат 19:00-де «Лекарь поневоле» атты бір актілі комедиясын ұсынады. Қойылымдағы басты кейіпкер – дәрігер. Ол өзінің күнделікті нанын табу мақсатында науқастарды алаяқтық жолмен емдейді. Күн өткен сайын оның әмияны алтын монеталармен толығып жатады. Соңында барлығы анықталып, жалған дәрігер әшкереленеді. Комедия авторы ...

Читать далее »

Еріктілер вакцина салдырған қала тұрғындарына арнайы жазуы бар білезік сыйға тартты

«Мен қауіпсіз жағдайдамын». Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еріктілер осындай жазумен білезік сыйға тартты. Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды. Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді.   – Вакцина салдырған соң 7 күннен кейін иммунитет пайда ...

Читать далее »

Шымкентте жұмыссыз азаматтарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырылған жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке Абай және Әл-Фараби аудандарының тұрғындарына қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 2000 астам медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде уақытша бос жұмыс орындарын ұсынылды.   — Бүгінгі бос жұмыс орындарының көшпелі ...

Читать далее »

«Шымкент – барлық әлеуетті ашатын ерекше қала»

Өзге өңірде өсіп-өркендеп, бүгінде Шымкент жастарын білім шыңына тәрбиелеп отырған ұстаз бар. Ол «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами. Қарағанды облысының тумасы болған Арғын Ержанұлы 2017 жылы Шымкент қаласына алғаш рет ұстаздық еңбек жолын бастап, осы уақыт аралығында 16 оқушысы республикалық пән олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді.   Лицей ұжымы жас маманды кәсіби тұрғыдан жоғарғы деңгейлі, ...

Читать далее »

Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында

Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында Терешкова атындағы #31 жалпы орта білім беретін мектебіне ҚББ басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы келіп мектептің тыныс тіршілігімен танысты. Мектептің үйірме жұмыстары: футбол, волейбол, баскетбол, роботехника, тоғызқұмалақ, шахмат, стол теннисі, домбыра, би үйірмелерімен танысып оң бағасын берді.   Сонымен қатар мектептің «Дебат» және «Айбын», «Жас сарбаз» клубтарының жұмыстарымен танысып, оқушылармен пікір алмасты. Сондай-ақ сыныпта оқитын оқушылармен әңгімелесіп ...

Читать далее »

Бүгін Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты біз іс-шараны ұлы ағартушының туған жерінде өткіземіз деп шешім қабылдадық. 2020 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол ...

Читать далее »

«Құрметті ардагер» халықаралық акциясы басталды

  Қазақстанда «Құрметті ардагер» атты халықаралық қайырымдылық акциясы басталды. Пандемия кезінде майдангерлерді қаржылай қолдауды Ресей елшілігі жүзеге асырмақ. Бір жарым мыңға жуық екінші Дүние жүзілік соғыс, Ауған және басқа да жергілікті соғыстың ардагерлері қаржылай көмек алады. Таңдау материалдық қолдауды қажет ететіндерге түсті. «Біз бұл шараны Қазақстанда, тікелей Нұр-Сұлтан қаласында бастаймыз. Шараға келген ардагерлерге 100 мың теңгеден табысталады. Тиісті талаптарды Қазақстанның ...

Читать далее »

«Атамекен» экспедициясы Шымкенттің киелі жерлерін аралады

Республикалық «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы бүгін үшінші мегаполис Шымкентте жалғасты. Бұған дейін көрші өңірлерде бастауын алған «Атамекен» экпедициясы — «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» репсубликалық газеттерінің бірлесіп қолға алған жобасы. Бүгін құрамында белгілі журналистер, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары, тарихшы-ғалым, этнограф, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсе және БАҚ өкілдері бар экспедиция 2200 жылдық тарихы бар Шым шахардың киелі жерлеріне зиярат ...

Читать далее »

«Атамекен» экспедициясы Сансыз бабтар мекені Сайрамда жүр

«Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, баптардың бабы Арыстан баб» деген тәмсіл сөз ел арасында кеңінен таралып кеткен. XI ғасырда Сайрам ислам дінін қазақ даласына таратудың орталығы болып қалыптасқаны тарихи деректерден белгілі. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Осы себепті де «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы киелі Сайрамның кесенелерін зиярат етуді жөн санады.   Сансыз бабтар мекеніне ...

Читать далее »

ҚХА төрағасының орынбасары өзбек драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласындағы өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Басқосуда өзбек этносының өкілдері тығыз шоғырланған Сайрам тұрғын алабындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту, және ішкі тұрақтылықтың маңыздылығы айтылды. Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 17,5%-ын өзбек этносының өкілдері құрайды. Шаһардағы өзбектердің басым бөлігі Сайрам тұрғын алабында қоныстанған. ...

Читать далее »

Түркі әлемі үшін ортақ мәселелер талқыланды

Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 10-шы пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл тарихи құжат қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, болашаққа деген жоспарларды да көрсетеді деп атап өтті. Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда парламентшілердің мерейтойлық пленарлық отырысы ...

Читать далее »

Сыбаға дәстүрін білесіз бе?

Сыбаға дәстүрін білесізбе? Үйіңізге құда келсе мәртебесіне қарай табаққа жілік қоя аласызба? Бұл жөн-жоралғыларды жастардың бірі білсе бірі біле бермейді. Түлкібас ауданының әжелері осындай қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеумен келеді. Бұл жолы «Сыбаға» тарту бойынша арнайы шара ұйымдастырылды. Бұл ауқымды шарада жіп иіру, табақ тарту, ауылдың алты ауызы секілді ұмыт қалып бара жатқан ұлттық өнер дәріптелді. Сонымен қатар жіп иіру, құрак көрпе ...

Читать далее »

Шымкенттің ұстаздарына құрмет көрсетілді

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» байқауында шымкенттік үш ұстаз жеңімпаз атанды. Қостанай қаласында өткен салтанатты жиында ҚР Білім және ғылым министрі Асқар Аймағанбетов үздіктерді марапаттап, кәсіби мерекемен құттықтады.   Байқау жеңімпаздарына «Үздік педагог» төсбелгісі мен қаржылай сыйақы табысталды. Жыл сайын ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын байқауға Шымкент қаласынан 21 мұғалім қатысқан. Республикалық кезеңде бақ сынаған ұстаздар сайыстың қалалық ...

Читать далее »

Сауда орындарында екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Абай ауданы әкімі аппараты мен денсаулық сақтау саласының мамандары коронавирусқа қарсы екпе алудың маңыздылығын тұрғындарға түсіндірді. «Автонұр» және «Алаш» базары басшыларымен және сатушылармен Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Занкоев, қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгуль Кылышбаева кездесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жеткізді. Жауаптылар вакцинаның тиімділігін айта келіп, әсіресе қауесеттер бойынша тұрғындарды мазалаған сауалдарына да жауап берді. Түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. ...

Читать далее »