ҚХА төрағасының орынбасары өзбек драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласындағы өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Басқосуда өзбек этносының өкілдері тығыз шоғырланған Сайрам тұрғын алабындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту, және ішкі тұрақтылықтың маңыздылығы айтылды.

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 17,5%-ын өзбек этносының өкілдері құрайды. Шаһардағы өзбектердің басым бөлігі Сайрам тұрғын алабында қоныстанған. Қалада 4 мектепте өзбек тілінде білім берілсе, 32 аралас мектепте өзбек сыныптары бар.

Икрам Хашимжанов — Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы

Кездесуде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов өңіріміздегі бірлік пен татулықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ғалым Шойкин — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қауымдастық төрағасына өзбек этномәдени бірлестігінің жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар міндеттер жүктеп, бірлік қағидаттарын шоғырландыруға бағытталған арнайы жобалар әзірлеп, енгізуді тапсырды.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...