Авторские архивы: editor

Шымкентте «Жомарт жүрек» лауреаттары марапатталды

Шымшаһарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан туған жерін түлетуге ат салысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.   – Бүгінгі басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, шымкенттіктер мақтан ететін жомарт жүректі азаматтарға арналады. Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі ...

Читать далее »

Биыл ашылған мектептер циклі «Ali-T» ағылшын бастауыш мектебі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін салынатын мектеп санын мыңға жеткізуді міндеттеп, мектептерді салуға мемлекеттік бюджеттермен қатар жеке секторды да тартуды тапсырған болатын. Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыс қарқын алып, үшауысымды мектеп мәселесін шешуде жекеменшік мектептердің де әсері бар. Жан басына қаржыландыру арқылы ҚР білім беру стандартына сәйкес жұмыс жүргізуді бастаған білім мекемесінің бірі – «Ali-T» ағылшын бастауыш ...

Читать далее »

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 70-тен аса өтінім түсті

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды. Жалпы, конкурсқа алты сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі).   Өтінімдердің басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде. Әр жобада Шымкент ...

Читать далее »

Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» сахналанды

Түркістан қаласында «Астана Балет» театрының гастрольдік сапары басталды. Астаналық ұжым заманауи «Конгресс Холл» ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен МукарамАвахридің «Ұлы Дала мұрасы» атты туындысын сахналады. ҚойылымғаТүркістаноблысыныңәкімі Өмірзақ Шөкеев пен өнерсүйер қауым қатысты. Балет театры ұжымы ұлы даламызда болған түрлі оқиғаларды би тілімен баяндауды жөн көріпті.«Қазақ халқының ұлттық биінің тамыры тереңде. Мұнда біз халқымыздың талай ғасырдан бері жалғасып ...

Читать далее »

Ясауи кесенесі 200-ге жуық шамдармен жарықтандырылды

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағының ажары тағыда ашыла түсті. Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Есімхан мазарлары мен сегіз бұрышты кесенемен бекініс қабырғасы түндеде жарық. Кесенені жарықтандырудың бірегей жобасы жүзеге асты. Кесенелердің бүкіләлемдік тізіміне кірген қасиетті мекеннің ғажайып сәулет туындысы бұдан былай  алыстан мен мұндалап тұрады. Салтанатты шараға келген өңір басшысы игі жобаға өз ойын білдірді. ...

Читать далее »

Түркістанда театр фестивалі өз мәресіне жетті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қатысқан 15 ұжымның қойылымын қазылар алқасы жіті бақылап, содан соң режиссерлер мен актерларға арнап шеберлік сабағын өтті. Шара соңы марапаттау рәсіміне ұласып, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев жеңімпаз ұжымды арнайы құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Қазылар алқасының шешімімен келесі халық театрларына жүлделер табысталды. Бас жүлде – Бәйдібек ауданынан «Шаян» халық театры – ...

Читать далее »

Бейсен Құранбек атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Астанада Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды деп хабарлайды citynews.kz «Өз басым Бейсен бауырыздың осы өмірде қалдырған еңбегі еленіп қоймай, осындай байқау арқылы жаңғырып жатқанына қуаныштымын. Байқауға қатысушылардың дені жастар болды. Расы керек жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлығы 100 өтініш келіп түсті. Бейсеннің бағдарлама жүргізгенде өзіндік принциптері болды. Оның сөйлеу мақамы, өзін ұстауы, журналистік этикасы тұтас бір дүние. ...

Читать далее »

Шымкент: құқық қорғау қызметкерлері халықпен тікелей байланыста

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Мұрат Алтаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында Мұрат Ерназарұлы полиция қызметкерлерінің негізгі атқаратын жұмыстарын айтты.   – Учаскелік полиция инспекторлары – тікелей халықпен қызмет атқаратын полиция өкілі. Олар бұрын сотты болғандарды, мас халде және отбасылық тұрмыста жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында әкімшілік аумағын аралайды. Бұл ретте әкімшілік паспортын жүргізеді. ...

Читать далее »

Шымкентте Дүниежүзілік туризм күні аталып өтілуде

Шымшаһардағы ескі қалашық тарихи кешенінде «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен ауқымды іс-шара өтті. Екі күнге созылатын форумның бірінші бөлімі «Қазақ ауылынан» басталды. Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мегаполистің туристік әлеуеті мен ...

Читать далее »

Шымкентте креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды

Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай екі күнге созылатын форумның алғашқысы «Қазақ ауылынан» басталды.   Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, еліміздегі өзінің тарихи ...

Читать далее »

Қала жастарының қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: TazaAlem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «Eco Sana» сенбілігі өткізілді. Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады. Сенбілік Шымкент қаласы Сәуле мөлтек ауданында өтті. Қозғалыс барысында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан ...

Читать далее »

Шымкент сахнасында «Гамлет» трагедиясы қойылды

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында ағылшын классигі У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы өтті. Театр әртістері өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шықты. Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние. Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет — адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік ...

Читать далее »

Аудан әкімі жастармен кездесті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың қатысуымен аудан әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті. Аудан әкімі Абай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысып, жастармен тілдесті. Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндама жасады. Онда орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші ...

Читать далее »

Шымкентте карантин режимі ұзартылды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала аумағында карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 қыркүйектегі №31 «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» қаулысы шықты. «Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралууының алдын алу ...

Читать далее »

Шымкентте 411 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус анықталған жүз жиырма екі жағдай тіркелді. Белгілері бар –106, белгілері жоқ –16. Індет жұқтырған елу төрт адам инфекциялық стационарға жатқызылып, алпыс сегіз адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы мың төрт жүз он үш орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, жеті жүз тоқсан төрт төсек орын бос. Инфекциялық стационарда алты жүз ...

Читать далее »

Тұрғын үй реформасы тиімділігін көрсетуде

Абай ауданында көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестік құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 341 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде 334 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 48,1 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 277 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 57 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Өткен аптада аудан әкімдігінің ...

Читать далее »

Абай ауданында жастарға қызмет көрсету бөлімшесі ашылды

Шымкент қаласының Абай ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшесі ашылды. Аталмыш ғимараттың тұсаукесер рәсіміне Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов және «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерлан Айтбаев қатысты. Үш қабатты ғимаратта орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінде жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыт-бағдар көрсетіледі. Сондай-ақ мамандар осы мәселе бойынша шалғай елді мекендерге барып жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.   Бөлімшеде бұдан өзге коворкинг, яғни жастардың ...

Читать далее »

PISA халықаралық зерттеуі

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында ...

Читать далее »

Шымкентте бейбіт күннің батыры марапатталды

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенген көлікті сөндірген Нұрбек Әділбек марапатталды. Қаладағы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев бейбіт күннің батырын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте таңғы сағат 08:57-де №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Бозарық тұрғын алабында автокөліктің өртенгені туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға ...

Читать далее »

Отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды

Шымкент қалалық соты, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Қ.Исламов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова және ҚР «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Л.Қойшиева қатысты. Меморандумның мақсаты – отбасылық қатынастар ...

Читать далее »