Авторские архивы: editor

Жаңа басқару жүйесіне көшкен тұрғындар саны артып келеді

Шымкент қаласының Абай ауданында Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және Жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауданда 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і әділет басқармасында тіркелген кондоминиум нысаны саналады. Бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 574 жиналыс ұйымдастырылды. Бүгінде 402 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда ...

Читать далее »

21 мыңнан астам адам сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді. Басқарма басшысы қалада электр қуатының жиі сөнуінің негізгі себептеріне тоқталып, жалпы қаланы сапалы электр қуатымен және ауызсумен қамту жұмыстарының барысын баяндады. Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сауалдарға жауап берді. Шаһарда 11 қарашадан бастап электр энергиясы шектелмейді. Қала ...

Читать далее »

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері жастармен кездесті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шымкенттік жастар арасында түрлі салада жетістікке жеткен талантты азаматтармен кездесу ұйымдастырылуда. Бүгін қала жастары Белградта өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханмен жүздесті. Бұған дейін Қазақстанның бес дүркін, сондай-ақ, Азияның чемпионы атанған Махмұд спортта жеңістің оңайлықпен келмейтінін, тыңғылықты еңбектену керектігін айтты. Кездесу еркін сұхбат алаңында өтті. Сондықтан жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. – Спортқа ...

Читать далее »

Тұрғындарға сақтық шаралары түсіндірілуде

Қаратау ауданы әкімі аппараты қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірге аудан аумағындағы елді мекендерде жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті түсіндіру шаралары барысында тұрғындарға, кәсіпкерлік нысан иелеріне мамандар тарапынан төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шараларынан мағлұматтар берілді. Сонымен бірге, үгіт-насихат жұмысының барысында тұрғындарға газбен улану тақырыбындағы арнайы жадынамалар таратылды. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен ...

Читать далее »

Шымкентте 4 мыңнан астам зейнеткерге жолдама берілді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі. Бүгінде 4126 жолдама зейнеткерлерге шипажайда ем қабылдауы үшін берілді. Биыл кезекте тұрған зейнет жасындағы азаматтарды Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайына, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» шипажайларына жіберілуде. Шипажайдан ем алып келген шымкенттік зейнеткерлердің айтуынша «Айша бибі» шипажайының саз ...

Читать далее »

Тазалық – қолайлы қаланың басты шарты

Өмір сүруге қолайлы қала қалыптастырудың басты шарты – тазалық. Тұрғындар қоқыс қалдықтарын бейберекет шашпауы үшін ең алдымен қоқыс жәшіктерінің санын көбейтіп, қолжетімді ету керек. Осы мақсатта Әл-Фараби ауданы аумағындағы 8 көшеге 100 дана орындық қоқыс жәшіктерімен қоса қойылуда. Демалуға арналған орындықтар адам көп шоғырланатын Іляев, Қонаев, Республика, Тәуке хан, Түркістан, Қазыбек би, Байтұрсынов және Момышұлы көшелерінің бойына орнатылып жатыр. 20 ...

Читать далее »

Шымкент іскерлік байланыстар орнатуға әрқашан дайын

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сокпен кездесті. Мәртебелі мейман Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас экономикалық, гуманитарлық салалардағы әріптестік байланыстармен жемісті жалғасын тапқандығын мәлімдеді. Елші республикадағы үшінші қала мәртебесін иеленген Шымкент қаласына алғаш рет келіп тұрғанын жеткізіп, бұл жұмыс сапары аясында қаламызбен жақынырақ танысуды мақсат тұтқанын атап өтті. Қала басшысы Корея ...

Читать далее »

41 үйдің ауласы абаттандырылды

Бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сайрам көшесінің бойында орналасқан №165 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасы ашылды. Ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайшыбеков Зұлпыхар Сарсенбайұлы қатысып, тұрғындарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесімен құттықтады. Ел ...

Читать далее »

Еңбекші ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Оңтүстік» телеарнасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді. Аудан әкімі биыл 9 айда межеленген жоспарлардың барлығы толығымен орындалғанын айтты. Инвестиция көлемі 10 пайызға артып, 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылған, 24 көп қабатты тұрғын үй ауласы абаттандырылған, 14 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары салынуда. Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын ...

Читать далее »

Электр қуатының жиі сөнуіне байланысты баспасөз брифингі өтті

Әлеуметтік желілерде табиғи газды жеке үйлерге кіргізу бойынша жарияланған мораторий төңірегінде туындаған дауға қатысты мәселеге ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен арнайы брифингте тиісті сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС директоры Мұрат Ибрагимов және «KEGOC» бас инженерінің орынбасары Сырлыбай Оисов, ҚР энергетика министрлігінің ...

Читать далее »

Шымкентте «YPO Forum Shymkent» үшінші бизнес-форумы өтеді

2021 жылдың 18 қарашасында сағат 09:30-да Rixos Khadisha Hotel (Желтоқсан, 17) қонақ үйінде «YPO Forum Shymkent: Жаңа шындықтағы Бизнес» атты үшінші бизнес-форумы өтеді. YPO (Young Presidents Organization) – әр елде өз бөлімшелері/чаптерлері бар бизнесмендердің жабық халықаралық клубы. Жалпы, әлемде клубтың 25 мың табысты басшылары немесе бизнес басқарушы мүшелері бар. Жаһандық бизнес-нетворкингке ұйым мүшелерінің келісімімен ғана қатысуға болады. Қазақстанда YPO құрамына ...

Читать далее »

Шымкентте тозығы жеткен үйлер жаңғыртылуда

Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Нәтижесінде ескірген үйлердің шатыры мен инженерлік коммуникация жүйелері жаңартылып, жертөлелері күрделі жөндеуден өтуде. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков күрделі жөндеуден өтіп жатқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Жангелдин көшесіндегі ширек ғасырдан аса уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген №12 А үй толығымен қайта жаңғыртылып отыр. Ерғали ...

Читать далее »

Мегаполистің өз энциклопедиясы құрастырылмақ 

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шымкент қаласының энциклопедиясы» қамтитын мәліметтерді саралау жиыны өтті. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, жазушы М.Әбдәкімұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты. — Әрбір республикалық маңызы бар қаланың тарихын, ондағы тұлғалар мен тарихи-танымдық мәліметтерді топтастырып, бүтін бір энциклопедия етіп шығару өте дұрыс бастама. Біз бұл энциклопедияға қаланың тарихын, Шымкентті басқарған және түрлі салада еңбек еткен ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі онлайн қабылдау өткізді

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жетекшілеріне азаматтардың сұранысы мен талап-тілектерін мұқият қарап, жедел әрі тиімді шешуді тапсырған болатын. Шымкент қаласының әкімі ай сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. Қала басшысы Мұрат Әйтеновтің бүгін өткізген онлайн режимдегі қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтар өтініш-тілектерін жеткізді. Шаһар басшысының қабылдауына жазылған Қазығұрт шағынауданының тұрғыны Г.Қарасаева көшені жарықтандыру, тазалық, аялдаманы қалыпқа келтіру және жол ...

Читать далее »

Шымкентте экономика саласы бойынша оң өсім бар

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылуы және Ұлттық халық санағының қорытындылары жария етілді. 10 айдағы әлеуметтік экономикалқ даму көрсеткіштерді баяндаған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ішкі және сыртқы инвестициялар тартуда оң өсім бар екенін атап өтті. Республикада биылғы он айда өндіруші емес салалар бойынша инвестиция өсімі 14,0 пайызға артып ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев «Оңтүстік» телеарнасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді. Аудан әкімі 2021 жылдың 9 айында жүзеге асқан жұмыстар — инфрақұрылым, әлеуметтік саланың дамуы, абаттандыру, инвестиция тарту, жолдар құрылысы, спорт алаңшалары, жалпы 7 индикатор бойынша негізгі тапсырмалардың орындалу барысына тоқталып өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы апатты үйлердің орнына жаңа тұрғын үй кешендерін салу ...

Читать далее »

Жұқпалы дерттен сақ болыңыздар

Дәрігерлер осылай деп тұрғындарға кеңес береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова, қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қаламқас Даумбаева және қалалық №10 емхана бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Қаржауова мәлімдеді. Баспасөз жиынында дәрігерлер жалпы медицина саласына, оның ішінде жедел жәрдемге ауыр салмақ түсіп тұрғанын жеткізді. Оның басты ...

Читать далее »

Шымкент 2023 жылы толықтай ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласының Асар-2 тұрғын алабында ауыз су жүйелерін тарту жұмыстары осы айда толығымен аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз суға қол жеткізді. Бұл ауданда судың жетіспеушілігі көптен бері көтеріліп жүрген проблема еді. Енді ол шешімін тауып, жергілікті әкімдіктің еңбегінің арқасында халықтың көптен күткен арман-тілегі орындалды. Қаланың әлеуметтік дамуында маңызды жаңалық саналатын айтулы оқиғаға орай Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір ...

Читать далее »

Жыл соңына дейін 294 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады

Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде тұрғындармен жүздесіп, тұрғын үй кезегі, оның жылжуы тұрғысында қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетінін және кезек реттілігі толығымен автоматтандырылғанын айтты. – Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан ...

Читать далее »

Сәуле шағынауданы талшықты оптика желісімен қамтылады

Биыл Әл-Фараби ауданына қарасты 9000-нан астам халқы бар Сәуле шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары жоспарланып, басқарма тарапынан жеке инвесторлар тартылған болатын. Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан Сәуле шағынауданына оптика желісі толық жүргізіліп, 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі жалпы саны 200 км қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде, Сәуле шағынауданындағы 9000 нан астам қала ...

Читать далее »