Шымкент қалалық орыс драма театры қазан айында өтетін қойылымдарға шақырады

Шымкент қалалық орыс драма театры қала тұрғындары мен қонақтарын қазан айында өтетін қойылымдарға шақырады. Осыған орай 1 қазан күні сағат 19:00-де «Лекарь поневоле» атты бір актілі комедиясын ұсынады.
Қойылымдағы басты кейіпкер – дәрігер. Ол өзінің күнделікті нанын табу мақсатында науқастарды алаяқтық жолмен емдейді. Күн өткен сайын оның әмияны алтын монеталармен толығып жатады. Соңында барлығы анықталып, жалған дәрігер әшкереленеді. Комедия авторы — Ж.Б.Мольер, қоюшы-режиссёр — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Игорь Вербицкий.
Айта кетейік қойылымға келушілер арақашықтық пен маска тағу тәртібін қатаң сақтап, санитайзер қолдануы керек.