Сыбаға дәстүрін білесіз бе?

Сыбаға дәстүрін білесізбе? Үйіңізге құда келсе мәртебесіне қарай табаққа жілік қоя аласызба? Бұл жөн-жоралғыларды жастардың бірі білсе бірі біле бермейді. Түлкібас ауданының әжелері осындай қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеумен келеді. Бұл жолы «Сыбаға» тарту бойынша арнайы шара ұйымдастырылды.

Бұл ауқымды шарада жіп иіру, табақ тарту, ауылдың алты ауызы секілді ұмыт қалып бара жатқан ұлттық өнер дәріптелді. Сонымен қатар жіп иіру, құрак көрпе тігуді мән мағынасы мен жолы түсіндірілді. Мұндай шараның өскелең ұрпаққа берері мол –дейді ұйымдастырушылар.

Фарида Қарабалаева – Түлкібас аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

Табақ тарту кезіндегі жөн-жоралғыны түлкібастық өнерлі әжелер жүргізді.Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Бибі-Фатима әжелер тобы балалар тәрбиесіне де атсалысып жүр. Өздері келісімге отырған 5-6 мектеп пен бала-бақшаға арнайы барып ашық сабақтар ұйымдастырып тұрады.

Фатима Естібаева – Бибі-Фатима әжелер тобының төрайымы

Біз өз баламыздың тәрбиесімен ғана қалмай халықтың баласының тәрбиесін қолға аламыз. Бүгінгі сыбаға салтын дәріптеп отырмыз. Салт дәстүрді насихаттаймыз.

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарғақұдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрекжүрек сияқты сыбағалары болады.