Авторские архивы: editor

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 70 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЕСКІ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар 71,4 шақырымдық 3 бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Мәдениет-Мыңбұлақ елдімекендерінің арасы, Жамбыл-Шаян және Шалдар-Сарқырама-Кеңсай-Бірлік автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз асфальт жабындысы алынып, жол негізі құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылған. Сондай-ақ, 2 қабат асфальт жабындысы төселіп, қалдықтар жол ...

Читать далее »

ЖАУАПТЫЛАРҒА ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен «Отырар» мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады. Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды, І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Т.Бокин көшесінде ...

Читать далее »

КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ ЖАНАШЫРЫ — ПЕРНЕХАН САРУАРОВ

Түркістандық Пернехан Саруаровтың қоғамдағы белсенділігі —  үйдің төрт бұрышында қамалып отырған, қырыққа  жетпей жұмысқа құлқы жоқ азаматтарға үлгі. Жетпістен асса да туған қаласына жанашырлығын танытып жүрген Пернекең бір орнында тұрып қалмай, үнемі ой үстінде және ойындағы нәрсені билікке жеткізіп, әрдайым ұтымды кеңестерінің нәтижесінде құрметке бөленіп жүр. Пернехан Саруаров 1950 жылы 22 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. 1958 жылы қаламыздағы В.И.Ленин ...

Читать далее »

ҮШ ЧЕМПИОННЫҢ АНАСЫ

Спортшылардың физикалық тұрғыда баптаған бапкердің еңбегі бағаланып жатады, ал үйде тамағын, бар жағдайын жасап отырған адам – ана, әйелі жайында қоғамда сөз қозғала бермейді. Бүгінгі әңгімеміз елімізге танымал ұстаз-спортшы, халықаралық дәрежедегі бапкер Жақыпбек Қасымбековтың аяулы жары Мария Ботайқызы Жаздықбаевамен бірге өрбіді. «Әр күшті еркектің артында ақылды әйел тұр» дегендей қас-қабақтарына қарап, жеңіспен келсе бірге қуанып, жеңілсе дем беріп отырған ана ...

Читать далее »

ШАХМАТТАН ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ ТҮРКІСТАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласында “Фараб” әмбебап-ғылыми кітапханасында халық­аралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова шеберлік сабақ ойынын өткізді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев қатысып, әлем чемпионына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. – Шахмат ежелгі спорт түрі. Бұл жай ғана сайыс емес. Біздің жас та талапты шахматшы балаларымыз гроссмейтердің шеберлік сабағынан өтіп, әлем чемпионымен шахмат ...

Читать далее »

Н.ТҰРАШБЕКОВ: «ҚАЗІР ДЕМАЛУҒА БОЛМАЙДЫ, ЖАУЫН-ШАШЫН БАСТАЛҒАНША ӘР СӘТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін ІІ мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі екіқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру құрылысын аралап, жұмыс барысын тексерді.  Аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті.  Бірлік секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы желілік саябақ құрылысы мен жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктер айтылып, мердігер мекемеге ескертілді.  Сонымен қатар, жолдарға тас төсеу ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНҒА ТАТАРСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Татарстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы төрағасының орынбасары Ахматов Марат бастаған бір топ бизнес өкілдері облыстың инвестициялық мүмкіндігімен танысу үшін Түркістанға келді. Сапар аясында делегация Түркістан қаласында орналасқан индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен инвестициялық жобаларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктері жөнінде баяндама тыңдап, “TURKISTAN Textile” тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ татарстандық бизнес өкілдері түркістандық инвесторлармен және ауыл шаруашылығы саласындағы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҰЛЫТАУДА ӨТКЕН «ДОСТЫҚ КУБОГЫНДА» ТОП ЖАРДЫ

Республика күніне орай, Ұлытау жерінде өткен өнерлі жастардың сайысында Түркістан облысының Ассамблея жастары топ жарды. 14-16 қазан аралығында Жезқазған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы өтті. Бірлікке үндеген бұл шараға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің жастары да қатысты. ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты Қазақстанда тұратын этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидасы бойынша біртұтас ұлтқа біріктіру. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚОҚЫССЫЗ ТАБИҒАТ» ЭКОАКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз табиғат» жалпыұлттық акциясы және 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысында экологиялық сенбілік өтті. Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында өңірдегі мыңдаған азамат қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстап сенбілікке шықты. Тазалық шарасына облыстағы аудан, қалалар мен ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен ...

Читать далее »

«ЕҢЛІК-КЕБЕК» СПЕКТАКЛІ ҚЫРҒЫЗ ТІЛІНДЕ САХНАЛАНДЫ

Киелі шаһарға Қырғыз елінің театр саңлақтары гастролдік сапармен келді. Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры «Еңлік- Кебек» шығармасын қойды. Замананың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, сонымен қатар Қырғызстанның Халық әртісі Нүркен Тұрсынбаевтың 80 жылдығы аясында өткен кешке ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы қатысты. – Қазақ пен қырғыз бір туған ...

Читать далее »

«ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ» КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Қоғамдық кеңес аясында ха­лықтың әлсіз топтарын, әсіресе, көп балалы отбасыларды қол­дау­дың және әлеуметтік әл-ауқа­тын қамтамасыз ету бойын­ша қабылданып жатқан шара­лар­дың тиімділігін арттыру мә­селелері талқыланды. Халықты жұмыспен қаму, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. биылғы жылы бюджеттен 715,5 млн.тг бөлініп,          3 585 мүмкіндігі шектеулі ...

Читать далее »

«ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ

15 қазан күні Түркістан қаласының Жеңіс паркінде Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы және 25 қазан Республика күнін қала бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес, қала жастарымен сенбілік болып өтті. Нақтырақ айтсақ, тазалықты жанына серік еткен қала жастары тұрмыстық қалдықтардан көше бойын тазартты. Экологиялық шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ортаға ұқыпты қарауға ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА І ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

13-14 қазан күндері Қостанай облысы, Тобыл қаласында әзіл-сықақ театрлары арасында сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық байқау-фестивалі өтті. Аталмыш байқауға Түркістан облысы, Келес ауданының «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Байқау-фестивалінің мақсаты – Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу, әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шындау, еліміздің талантты өнерпаздарын анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы ...

Читать далее »

ЕЛ ТІЛЕГІ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАҢА ФОРМАТТЫ ХҚКО БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің “Бекзат” мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесуінде сектор аумағынан Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу бойынша тұрғындар мәселе көтерген болатын.  Осы мәселеге қатысты қала әкімі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы филиалының директоры Бахыт Басымбекке ұсыныс жолдап, ел тілегін жүзеге асыру үшін қолдау білдіруге шақырды.  Ынтымақты тірліктің нәтижесінде бүгін үш бірдей сектор тұрғындарына қолайлы жерде жаңа форматтағы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА RC COLA ШЫҒАРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды. Мақсат – елмен бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерді тыңдау, заң аясында көмек беру. Түлкібастықтар тарапынан инфрақұрылым, ауыл шаруашылығына субсидия беру, үй салуға жер беру және өзге де мәселелерді көтерді. Облыс әкімі әрбір сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап берді. Жауапты басшыларға мәселелерді назарға алуды тапсырды. – Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына көңіл бөлінген. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙЫППҰЛЫН ТӨЛЕМЕГЕН 2,5 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында айыппұлын төлемеген 2,5 мыңнан астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz Тәртіп сақшылары әрі олардың заманауи бейнебақылау камераларымен жабдықталған қызметтік көліктері арқылы үш тәулікте айыппұлын төлемей жүрген 2509 жүргізуші анықталды. Олардың жалпы қарызы 19 миллион теңгеден асады. Полицейлердің тиянақты жұмысының нәтижесінде аталмыш айыппұлдың алты миллион теңгеге жуығы өндірілді. Сондай-ақ айыптұрақтарға 30-дан астам автокөлік қойылды. Мысалы, “Борышкер” шарасы аясында ...

Читать далее »

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Түркістан қаласында Тұрарбай Мырзахметовтың 100 жылдығына орай, БАҚ өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өтті. Іс шараның мақсаты- футбол жас адамдардың дамуына көмектесіп қана қоймай, олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге асырады. Жеңімпаз командаларға дипломдар және арнайы сыйлықтар табысталды. Бұндай жарыстар арамыздағы ынтымақтастықты, достықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Қазіргі таңда қала ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ

25 қазан — Республика күні мерекесі аясында мемлекет және қоғам қайраткері, парасатты сыншы, публицист Ілияс Омаровтың 110 жылдығына орай «Қазақ руханиятының қайнары» атты тақырыптық кеш болып өтті. Кеш барысында қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Мәрсәліұлы Кеңес, Хамза Пайзыұлы, «Даму» мектеп—лицейінің директоры Юсупова Зейнеш халқымыздың рухани қазынасын байытуға үлкен үлес қосқан, күллі зиялы қауымның құрметіне бөленген, халқына қадірі артқан мәдениет жанашыры туралы ...

Читать далее »

КӨРКЕМ СӨЗ ЗЕРГЕРІ

25қазан Республика күніне орай Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиеттанушы, публицист Ильяс Омаровтың туғанына 110 жылдығына арналған «Көркем сөз зергері» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары сазгер-әнші, композитор Афион қаласы мен Жаңақорған ауданының»Құрметті азаматы», Мәдениет қайраткері Сауранбек Елеуов, ардагер кітапханашы Тойлақова Раушан апай, жас ақын тілдерді оқыту және дамыту орталығвның қызметкері Айкерім Жумабаева, №1 А. Байтұрсынов атындағы мектеп лицейдің кітапхана ...

Читать далее »

ҚАРИЯЛАР — АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ ДАРИЯ

25 қазан Республика күніне орай, 1 қазан- Халықаралық қарттар күніне қарсы кітапханамызда » Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты дивертисмент кеші өтті. Бұл күн- аталар мен апалардың, ата- аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдар мерекесі. Кешімізге қаламыздың асыл аналары, әжелеріміз қонақта болды. Кешімізге әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы қатысып, барша қария аналарымызды мерейлі мерекелерімен ...

Читать далее »