Авторские архивы: editor

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында “Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты. “Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден ...

Читать далее »

«Е-Асхана» жүйесі арқылы ата-ана баласының не жеп жүргенін бақылай алады

Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылуда. Жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады. Сонымен бірге, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Ол үшін ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Бала QR-код арқылы тамағына төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, ...

Читать далее »

КӨК ТҰМАННАН АРЫЛҒАН ТҮРКІСТАН

Табиғи газ жүйесі қоршаған ортаны жақ­сартуға ғана емес, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Адамдар көмірқышқыл газымен уланған жағдайлар болды. Осы мәселелердің барлығы шешімін табады. Түркістандықтардың еңірегенде етегі толып, күрсінгенде күн күркірететін мәселелерінің бірі болған табиғи газбен қамтылу ісі жүйеленіп, жоспарлы жүзгеге асты. Қалың елдің ...

Читать далее »

ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ІІ-КЕЗЕҢІ ЖОСПАРЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Биыл Түркістан облысының құ­рыл­ғанына 4 жыл толды. Осынау қыс­қа уақыт ішінде киелі шаһар көр­кейіп, көрсе көз тоятындай үлкен қа­­лаға айналды. Түркістан сыртқы келбетімен ғана сұлуланып жатқан жоқ. Өңірдің әлеуметтік-экономика­лық дамуы жақсарып, барлық са­лада өсім байқалады. Бүгінде қаланы дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын ор­та­лыққа айналып келеді. Мұнда тұрғындар­дың, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай ...

Читать далее »

«ЭКО-БАЗАРДА» АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН

Түркістандағы «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты ұйымдастырылуда. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру, тұрғындарға сапалы өнімдер ұсыну. Жәрмеңкеге Түркістан облысының барлық аудан, қаласынан тауарөндірушілер қатысуда. – Жәрмеңкеге облыс диқандары мен тауарөндірушілері 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Тауарлар 15-20 %-ға төмен бағада сатылуда. Бұл жәрмеңке үш күнге созылады. Егер тұрғындар ...

Читать далее »

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 3585 АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген. Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, ...

Читать далее »

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТІРЕГІ!

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев ...

Читать далее »

САУРАНДЫҚ ЕКІ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысындағы Сауран ауданында қайырымды жандардың қолдауымен екі отбасы қоныс тойын тойлады. Майдантал ауылдық округінде Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына қуаныш сыйланды. Қайырымды іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. Саурандықтардың қуанышын бөлісу үшін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындар жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған ...

Читать далее »

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қызылжар ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Орынғазы Қарабаевтың тұрғын үйі жанынан ашылған мал бордақылау алаңына арнайы барып, жұмысымен танысты. — Ауданда халықтың тығыз орналасуына байланысты, жайылым жер тапшы болғандықтан осылай үй жанынан мал бордақылау алаңын салу өз тиімділігін көрсетуде. Соңғы жылдары тұрғындар қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі ашуда. Бұл кәсіптің қиындығына қарамай ...

Читать далее »

ЖАС ТАЕКВОНДИСТЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Астана қаласында 2-5 қазан күндері таеквондодан 8-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Елордадағы тартысты турнирде Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сайыпқырандары 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, Еркежан Айтжан мен Шұғыла Мырзахан ел чемпионатының күміс жүлдегерлері атанса, Нұрдаулет Маханбет қола жүлдеге қол жеткізді. Жаттықтырушысы — Жандарбек Тұрлыбек.

Читать далее »

ЖОЛДАУДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын талқылау бойынша » Отбасы және балалық шақ институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру» тақырыбында Түркістан қаласы «Балуан шолақ» спорт кешенінде спорт саласының өкілдерімен қала тұрғындарының кездесу шарасы болып өтті. Кез келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болуын қалайды. Мемлекеттің ертеңгі күн ...

Читать далее »

«ЖАС ҰЛАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ҚАНАТЫ»

«Жас ұлан»-«Қазақстанның жасөспірім қанаты» тақырыбымен жастарды патриоттық рухта тарбиелеу кездесуі болып өтті. Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу бағытында Түркістан қаласындағы С. Сейфулин атындағы жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары өткізілді. Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық ...

Читать далее »

«ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ»

Бүгінгі күні қоғамдық са­наны, әлеу­меттік саясатты жаң­ғырту міндеттерін айқындаған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясы да­м’уы­ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабыл­данған. Осы орайда, Түркістан қаласының көпсалалы медицина колледжінің студенттеріне этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында қала депутаты Ақиқат Абдулаевтың қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді. Еліміздің ...

Читать далее »

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында “Amanat” партиясының мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы қала тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Қ.Р Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру мақсатында бірақатар баяндамалар ...

Читать далее »

ЖАСТАР СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында отансүйгіштік, патриоттық сезімді дамыту, спортқа жаны құмар жастарға қолдау көрсету мақсатында республикалық жарыстардан жоғары нәтижелерге жеткен жерлес спортшы – Ауелтай Ержан Бейсенбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — үздік спортшының жеткен жетістіктері мен ерен еңбектері туралы етене танысу, қала жастарының спортқа деген ынталарын арттыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ержан ...

Читать далее »

РУХАНИ АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖАЛҒАСАДЫ

Түркі жұртының рухани астанасы күн өткен сайын көркейе бермек. Жуырда ғана киелі шаһарға іссапар­мен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіс­танды атажұртымыздың алтын қазы­­ғы деп атап өтіп, еліміздің рухани астанасы мәртебесін беру туралы үкіметке арнайы тапсырма беретінін жеткізді.  «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тари­хымызда айрық­ша орны бар. Түркістан ...

Читать далее »

ШӨЛЕЙТТІ АЙМАҚТА — ЖАСЫЛ ҚАЛА

Бүгінде облыс орталығына сырттан келген қонақтар әр сапарында қаланың сәулетіне көрік қосылып, өзгеріп жатқанын көреді. Көз тартар зәу­лім-зәулім ғимараттар, тұрғын үй­лер қаланың жаңарып жатқанын байқатады. Облыс орталығы мәрте­бесін алған 4 жылдан бері құрылысы тоқтаған емес. Түркістан – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Түркістанға облыс орталығы мәр­те­бесін беру ұтымды шешім болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Орталық Азиядағы ...

Читать далее »

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНМЕН БІРГЕ БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ» АТТЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, 14 қазан Түркістан қаласындағы «Жоғары медицина» колледжінің ғимаратында қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті жолдауы «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» тақырыбында кездесу болып өтті. Жолдаудың басты мақсаттарының бірі- Әділетті мемлекет қалыптастыру туралы және болашақ жастардың әділетті мемлекет қалыптастыруға үлестерінің өте жоғары екендігін айта кете отырып, болашақ Қазақстанның тізгіні өздеріңізде болатындығын және қазіргі жастардың әр қайыссысы ...

Читать далее »

ТУРИЗМІ МЕН КӘСІПКЕРЛІГІ ҚАТАР ДАМЫҒАН ТҮРКІСТАН

Кәсіпкерлік нарық қатынастарын  реттеп отыратын  ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңінде де шағын кәсіпкерлік,  ең алдымен, еліміздің нарықтық тауармен  молығуына  және жаңа жұмыс  орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда,  кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндеті — халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өңірде өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша көмек көрсету үшін қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар медициналық-әлеуметтік есепке алынады. Облыстағы қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға құқықтық-психологиялық көмек көрсететін орталық қызметін бастады. Онда психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі. Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мен әйелдердің денсаулығын қорғау ...

Читать далее »