ЖАС ТАЕКВОНДИСТЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Астана қаласында 2-5 қазан күндері таеквондодан 8-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті.
Елордадағы тартысты турнирде Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сайыпқырандары 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі.
Атап айтқанда, Еркежан Айтжан мен Шұғыла Мырзахан ел чемпионатының күміс жүлдегерлері атанса, Нұрдаулет Маханбет қола жүлдеге қол жеткізді.
Жаттықтырушысы — Жандарбек Тұрлыбек.