«Е-Асхана» жүйесі арқылы ата-ана баласының не жеп жүргенін бақылай алады

Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылуда.

Жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады. Сонымен бірге, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды.

Ол үшін ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Бала QR-код арқылы тамағына төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.

Бүгінде аталған жүйе шаһардағы №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейінде пилоттық жоба ретінде қолға алынуда. Келешекте жүйені қала мектептерінде іске қосу жоспары жүзеге асырылады.